Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 238-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4876 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.04.2023 № 135 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізілсін.

      3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 25 шілдедегі
N 238-ө бұйрығымен бекітілген

Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің негізінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесінде қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне жататын экологиялық ақпараттың мазмұнын айқындау және оған қоғамдық бірлестіктер түрдегі барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) қол жеткізу тәртібін анықтау үшін әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар қоршаған ортаға әсерді бағалауға (бұдан әрі - ҚОӘБ жобасы) жататын көзделіп отырған шаруашылық қызмет бойынша жобалау (жобалау алдындағы) құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде ғана қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын ақпарат мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарын қамтиды:

      1) ҚОӘБ жобасы;

      2) сыртқы сарапшылардың ҚОӘБ жобасына қорытындылары;

      3) ҚОӘБ жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы;

      4) ҚОӘБ жобасы бойынша мүдделі тұлғалардың жазбаша жүгінулері;

      5) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары.

      Материалдар конфиденциалды мәліметтерді мазмұндамауы тиіс.

      4. Шаруашылық және өзге де қызметтің бастамашысы ҚОӘБ жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберу туралы ақпаратты экология саласындағы арнайы басылымдарда және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында жариялайды.

      Ақпарат мынадай мәліметтерді мазмұндауы тиіс:

      1) шаруашылық және өзге де қызметті бастамашының аты, заңды мекен-жайы, орналасқан жері, телефоны;

      2) ҚОӘБ жобасының атауы;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізе бастау мерзімі мен кезеңі;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органның атауы, мекен-жайы, телефоны.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және
көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша
шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық
ақпаратқа қол жеткізу тәртібі

      5. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға жазбаша сұрау жіберіп, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарына қол жеткізе алады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Заңнамаға сәйкес уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарымен танысуға болатын жер мен уақыты көрсетіліп, жазбаша жауап береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Шаруашылық және басқа да қызметті бастамашы мүдделі тұлғалар қол жеткізетін, конфиденциалды мәліметтері жоқ жобалау (жобалау алдындағы) құжаттамасын уәкілетті органға ұсынады.

      8. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға ҚОӘБ жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулерін жазбаша түрде ұсынуы мүмкін.

      Жазбаша түрдегі ұсыныстар мен ескертулерде мынадай мәліметтер болуы тиіс:

      1) аты-жөні (қалауы бойынша), пошталық мекен-жайы, қолы;

      2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні, жүгінуде басшының қолы болуы тиіс;

      3) ҚОӘБ жобасының атауы және азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер танысқан мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарының тізбесі;

      4) ақпаратты алуға арналған негіздеме көшірмесі (уәкілетті органның жазбаша жауабы);

      5) дәлелденген ұсыныстар, ескертулер.

      9. Заңнамаға сәйкес уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде жүгінуді қарап, жауап қайтаруға міндетті. Егер қосымша зерттеу қажет болған жағдайда, үш күнтізбелік күн ішінде өтінім берушіні хабардар етіп, қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      10. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады