Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 № 138 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық Кодексінің 17-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы тіркелген Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына тастаудың мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 25 шілдедегі N 237-ө
бұйрығымен бекітілді
Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасақталған.
2. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастры (Көмудің мемлекеттік кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбір объектісі: зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтар, ағынды сулардың типтері мен түрлері, сандық және сапалық көрсеткіштері көрсетілген заттық құрамы, қоршаған ортаға экологиялық әсері, оларды сақтаудың техникалық шарттары бойынша жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын қысқаша мәліметтер жиынтығын білдіреді.
Зиянды заттардың тізбесін»"Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 557 қаулысы анықтайды.
Мемлекеттік кадастр табиғат пайдаланушылардан түскен есептер, ғылыми зерттеулер, жобалық ізденістер, экологиялық ақпараттың басқа көздерінің деректері негізінде жүргізіледі және есепке алу объектісінің паспорты түрінде рәсімделеді (бұдан әрі - Паспорт).
3. Қызметінің барысында зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін және жер қойнауына ағынды суларды төгетін пайдаланушылар меншік объектісі мен ведомстволық тиістілігіне тәуелсіз, жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес рәсімделген паспорттарды табыс етеді.
2. Есепке алынатын объектілер
4. Көмудің мемлекеттік кадастрына есепке алынады:
1) ары қарай пайдалануға жарамсыз уытты қалдықтарды көму және улы химикаттарды, сілтілерді, қышқылдарды, пайдалануға тиым салынған өнімдер мен материалдарды өңдеу орындары;
2) келесі топты ағынды сулардың төгілу орындары:
мұнайды тұссыздандырудан қалған қышқыл су (құрамында күкіртсутек, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар мен ерігіш тұздары бар және мұнайды сусыздандырған соң қабаттық сумен бірге У-800 қондырғысына күкіртсутектен, мұнайдан және қатты бөлшектерден тазарту үшін айдау ұңғымалары арқылы терең жер асты қабаттарына жіберілетін су);
демеркаптанизациялау қондырғысынан шыққан ағынды сулар (құрамында бейтараптандырылған сілті, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар, ерігіш тұздар, меркаптидтер, сульфидтер бар, өндірістік-жауын кәріздері желісіне түсетін, ал ары қарай айдау ұңғымаларына жіберілгенше мұнай мен қатты бөлшектерін жою үшін өндірістік суларды тазартудың тазартқыш құрылғыларына жіберілетін су);
тауарлық мұнайды сақтау ыдыстарынан шыққан тауарлық сілтілі суы (құрамында механикалық қоспалары мен мұнай өнімдері бар және бір бөлігі сілтілік ерітінді дайындалуға қолданылатын, ал бір бөлігі сілтіні бейтараптандыру қондырғысына түседі, содан соң айдау ұңғымаларына жіберілгенше қатты бөлшектер мен мұнайды жою үшін тазартқыш құрылғыларға жіберілетін су);
асфальтталған алаңдардан жиналатын қар суы мен жауын-шашын сулары, өндірістік-жауын кәріздері желісіне құйылады, содан соң айдау ұңғымаларына жіберілгенше қатты бөлшектер мен мұнайды жоюға арналған тазартқыш қондырғыларға сорғы станциясымен сорылады.
3) өз мақсаты бойынша сақтау пункттері мен көму пункттері топтарына бөлінетін радиоактивті қалдықтарды көму пункттері.
3. Паспорттарды рәсімдеу және бекіту
5. Паспорттарды табиғат пайдаланушылар қосымшаға сәйкес екі данада ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жасайды.
Паспорттар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органына ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының ішінде, бірақ 10 наурыздан кешіктірілмей жіберіледі.
6. Паспорт қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен қабылданады, тіркеледі, есепке алынады және сақталады.
7. Осы ережелерді бұза отырып, жасалған паспорт есепке алынбайды және сақтауға қабылданбайды, ол табиғат пайдаланушыға ескертпелерді жою үшін қайтарылады.
Зиянды заттарды, радиоактивті
қалдықтарды көмудің және
ағынды суларды жер
қойнауына төгудің
мемлекеттік кадастрын жүргізу
жөніндегі нұсқаулыққа
Қосымша
Зиянды заттарды, ағынды суларды, радиоактивті қалдықтарды
көмудің мемлекеттік кадастры
ПАСПОРТ
Дана N____________
N __________________
Есепке алынатын объект______________________________________________
Құрастырған_____________________ __________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Тексерген ______________________ __________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Бекіткен ______________________ __________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Ұйым _______________________________________________________________
1. Объектінің жалпы сипаттамасы
(Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 157-бабы , 1 тармағының 1-тармақшасы)
1) Есепке алынатын объектінің схемалық картасы, масштабы
2) Географиялық координаттары:
3) Объектінің әкімшілік орналасуы
Облыс |
Аудан |
Қала, кент |
1 |
2 |
3 |
4) Объекті пайдаланудың жалпы мәліметтері
Орналасатын жер |
Түзілу шарттары |
Пайдалану кезеңі, жыл |
Күтіміне жұмсалатын шығындар |
||
басталуы |
соңы |
жылына |
ағымдағы кезеңде |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
5) Объект өлшемдері
Ұзындығы, км |
Ені, км |
Терең-дігі, км |
Ауқымы,км 2 |
Алдыңғы жыл ішінде көмудің жылдық көлемі, |
Ағымдағы жылдың 01.01 жағдай бойынша мөлшері, мың т. |
|
Көлемі, |
Массасы мың т. |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
6) Жер қойнауы мен қоршаған орта мониторингі туралы мәліметтер
Сұрыпталатын сынаманың орналасуы схемасы
Мониторинг қорытындысы
жерасты сулар |
топырақ |
атмосфералық ауа |
өсімдік және жануарлар дүниесі |
радиациялықорта |
басқа түрлері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Мониторинг өлшемдері
Қадағалайтын өлшемдер тізбесі |
Өлшеу жиілігі |
Жүргізу әдістері |
1 |
2 |
3 |
2. Объектінің физикалық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы
Экологиялық кодексінің 157-бабы, 1-тармағының 2-тармақшасы)
7) Орналастырудың техникалық шарттары
оқшаулау сипаттамасы |
коллектор пластының тиімділік қуаты |
кеуектілік коэффициенті |
төселуші және жабушы су ағынының сипаттамасы |
жер асты сулардың табиғи ағынының жылдамдығы |
төгінді сақтау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
8) Негіздеме сипаттамасы
Жыныстар түрі |
Өлшемдер |
||
Негіздеме ені, км |
Биіктігі бойынша ені, км |
Физика-механикалық қасиеттері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
3. Қалдық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы Экологиялық
кодексінің 157-бабы, 1-тармағының 3-тармақшасы)
9) Объектінің түзілу сипаттамасы
өнім атауы |
Технологиялық циклі |
10) Объектінің физика-механикалық қасиеттері
Химиялық құрамы (толық) |
Уытты компоненттер |
ерігіштігі |
Сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі |
өрт-жарылыс қауіптілігі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
11) Радиоактивті объект сипаттамасы
Радиоактивті зат түрі |
Жылдық эквивалентті дозасы |
Бөлшектер ағынының тығыздығы |
Агрегат- тық күйі |
радионуклидтердің шекті белсенділігі Бк |
||
ауада |
суда |
топы- рақта |
12) Қалдықтарды тасымалдау жүйесінің сипаттамасы
4. Қосымша мәліметтер
13) Көму объектісі бойынша мемлекеттік қорытынды, актілердің болуы:
Қашан және кіммен берілген |
Құжат атауы |
Қолданыс мерзімі |
1 |
2 |
3 |
14) Объект туралы деректердің көздері
Құжат атауы |
Автор (ұйым) |
Хаттамалар N№ |
Бекітілген жылы |
Сақтау орны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |