Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 30 шілдедегі N 32 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4908 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 қазандағы № 111 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2014.10.08 № 111 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды, қылмыстық істерді, олардың тергелу және сотта қаралу нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алу негізінде жүргізуді, сондай-ақ сол бойынша қалыптастырылатын статистикалық есептілікті бұдан әрі жетілдіру мақсатында,""Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      2) "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы "N 1-М нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы N 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2576 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 1 қазандағы N 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3170 санымен тіркелген), "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы N 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4009 санымен тіркелген), "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы N 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 10 тамыздағы N 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4390 санымен тіркелген) және "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының статистикалық есептілікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4512 санымен тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есепті құру және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

      8-бөлімнің тақырыбындағы "6 және 6-1" деген сандар "6, 6-1 және 6-2" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармағымен толықтырылсын:

      "16-1. 6-2-бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабымен көзделген тіркелген қылмыстар бойынша ұлттық валютаның жасанды купюраларын алып қою туралы мәліметтер бейнеленеді.

      1-бағанда алып қойылған купюралардың саны ескеріледі, солардың ішінен: 2-бағанда - ескі дизайнды купюралар, 3-бағанда - жаңа дизайнды купюралар.

      1-жолда алып қойылған жасанды купюралардың жалпы саны бейнеленеді. 1-жолдан алынған 2-8-жолдарда теңгенің құндылығына қарай алып қойылған купюралардың саны көрсетіледі (10000 теңге, 5000 теңге, 2000 теңге, 1000 теңге, 500 теңге, 100 теңге).";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есепке:

      "Тіркелген жалпықылмыстық қылмыстар туралы мәліметтер" 5-бөлімінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-1-жолымен толықтырылсын:

      "Бұзақылық (257-б.) 23-1";

      осы бұйрыққа қоса берілген 8-қосымшаға сәйкес редакцияда "Ұлттық валютаның жасанды купюраларын алып қою туралы мәліметтер" 6-2-бөлімімен толықтырылсын;

      "Тіркелген қылмыстарға қатысты ашылу бағасын қолдануға болатыны туралы, сондай-ақ мүліктік қылмыстар туралы мәліметтер" 7-бөлімінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-1-жолымен толықтырылсын:

      "Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (184-1-б.)";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-1-жолымен толықтырылсын:

      "Экологиялық қылмыстар (ҚР ҚК 11-тарау.) 93-1";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-2-жолымен толықтырылсын:

      "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-б) 93-2";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-3-жолымен толықтырылсын:

      "Ормандарды жою немесе зақымдау (292-б) 93-3";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-4-жолымен толықтырылсын:

      "Көлiктегi қылмыстар (ҚР ҚК 12-т.) 93-4";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-5-жолымен толықтырылсын:

      "(Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы (296-б. 2, 3 бөлімдері) 93-5";

      3) Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 2010.06.17 № 34 Бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 2010.06.17 № 34; 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына жүктелсін (Г.В. Ким).

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры


КЕЛІСІЛГЕН


Қазақстан Республикасы


Экономикалық қылмысқа


және сыбайлас жемқорлыққа


қарсы күрес агенттігінің


(қаржы полициясының)


Төрағасы


2007 жылғы"23 шілде


Қазақстан Республикасы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің


Төрағасы


2007 жылғы"4 маусым


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының жанындағы


Сот әкімшілігі жөніндегі


комитетінің Төрағасы


2007 жылғы"11 маусым


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


2007 жылғы"28 маусым


Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі


2007 жылғы"24 маусым


Қазақстан Республикасының


Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі


2007 жылғы"6 шілде


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі


2007 жылғы"24 шілде


Қазақстан Республикасының


Әділет министрі


2007 жылғы"28 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы"30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.18 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 8-қосымша

      6-2-бөлім

      Ұлттық валютаның жасанды купюраларын алып

      қою туралы мәліметтер

      ҚР ҚК 206-б. бойынша 6-бөлімінің 14-жолынан

Атауы

жолдың

коды

Алып

қойылған

купюралар-

дың саны

(дн)

соның ішінде

ескі

дизайнды

жаңа

дизайнды

А

Б

1

2

3

Алып қойылған жасанды

теңгелер, барлығы





Солар-

дың

ішінен

құнды-

лығы

10000 теңге

2




5000 теңге

3




2000 теңге

4




1000 теңге

5




500 теңге

6




200 теңге

7




100 теңге

8




  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 30 шілдедегі
N 32 бұйрығына 9-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 2010.06.17 № 34 Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады