Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 203-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4922 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 184-ө-м бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.05.14 № 184-ө-м (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 251-ө "Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3227 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 20, 185-құжат) бұйрығының күші жойылған деп танылсын.

      3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С. Әбденов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді және оның кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2008 жылғы 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек   
және халықты әлеуметтік қорғау  
министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы
N 203-ө бұйрығымен бекітілген  

Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялаудан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау - оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасы жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік нысандарды, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын бағалау жөніндегі қызмет;
      2) зертханалар - өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындауға байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
      3) өндірістік нысандар - өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды әзірлеумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның цехтары, учаскелері және өзге де жеке тұрған өндірістік бөлімшелері;
      4) жұмыс орны - еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің тұрақты немесе уақытша болатын орны;
      5) мамандандырылған ұйымдар - өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды жүргізу жөніндегі, білікті кадрлары мен өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен тексеруден өткізілген тиісті өлшеу құралдары бар, немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен ұзақ мерзімді шарттары бар дербес (тәуелсіз) ұйымдар;
      6) білікті кадрлар - мамандандырылған ұйымдардың өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау жөніндегі жұмыспен айналысатын, тиісті білімі бар немесе дайындық курстарынан өткен және тиісті сертификаты бар қызметкерлері;
      7) сертификат - тиісті Білім беру ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша даярлық курсынан өткен тұлғаларға беретін белгіленген үлгідегі құжат;
      8) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
      9) ұжымдық қорғану құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
      10) жарақат қауіпсіздігі - жұмыс орындарының еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жағдайларда жұмыс істеушілердің жарақаттануын болдырмайтындай еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
      11) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - еңбек процесі мен өндірістік ортаның қызметкердің еңбек міндеттерін атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуы;
      12) қауіпсіздік нормалары - өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және еңбек қызметі процесінде қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған нормаларды, ережелерді, процедуралар мен критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер.

      3. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды:
      1) өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар жұмыс беруші;
      2) мамандандырылған ұйым жүргізеді.

      4. Өндірістік нысандарды аттестациялау:
      1) ұйымның жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестациялауды;
      2) ұйымның өндірістік нысандарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:
      еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;
      жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;
      қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.

      5. Өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижелері:
      1) жұмыс орындарын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық, санитарлық-техникалық, гигиеналық, психофизиологиялық және медициналық алдын-алу іс-шаралары кешенін жүргізу;
      2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;
      3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;
      4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
      5) өндірістік нысанның немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;
      6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есеп жасау;
      7) еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу;
      8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;
      9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік нысандары аттестациялауға жатады.

      7. Аттестациялауды өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне орай, бірақ өндірістік нысандардың соңғы аттестациялаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.

      8. Өндірістік нысандарды кезектен тыс аттестациялау мынадай жағдайларда:
      1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған;
      2) еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау үшін жұмыс жүргізу әдіснамасын бұзушылықтар анықталған кезде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі.
      Кезектен тыс аттестациялау нәтижелері өндіріс нысанына еңбек жағдайлары бойынша алдында өткізілген аттестациялау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.

      9. Өндірістік нысандарды аттестациялауды өткізудің уақытылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

      10. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды жүргізу жөнінде қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізімін жүргізеді.

  2. Жұмыс берушінің аттестациялауды өткізуге дайындығы

      11. Өндірістік нысанды аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу үшін жұмыс беруші теракты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік нысандарды аттестациялау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестациялау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.

      12. Ұйымның аттестациялау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.

      13. Ұйымның аттестациялау комиссиясы:
      1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестациялауға жататын өндірістік нысандардың, цехтардың, учаскелердің және басқа да жұмыс орындарының толық тізбесін жасайды;
      2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
      3) ұйымның өндірістік нысандарын аттестациялауды өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
      4) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін өндірістерге, цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
      5) өндірістік нысандарды аттестациялауды өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;
      6) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
      7) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерін, технологияларды, машиналарды, тетіктерді, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;
      8) еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайларда мамандандырылған ұйымды белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасайды;
      9) аттестациялау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік нысандарды аттестациялауды өткізу мерзімін келіседі;
      10) еңбек жағдайлары бойынша аттестациялауды өткізуге көмектесуді қамтамасыз етеді;
      11) өндірістік нысандарды аттестациялауды бақылауды жүзеге асырады.

  3. Аттестациялауды өткізудің тәртібі

      14. Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау:
      1) еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар;
      2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, технологиялық регламентке сәйкес дұрыс қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
      3) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу нормативтік құқықтық актілерде, санитарлық ережелер мен нормаларда, мемлекеттік стандарттарда көзделген тәртіпте және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелері хаттамалармен рәсімделеді (осы Ережеге 1-қосымша).
      4) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет;
      5) еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың рұқсат етілген деңгей шегіне сәйкестігіне өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

      15. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі нысандары:
      1) өндірістік жабдықтар;
      2) құрылғылар мен саймандар;
      3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;
      4) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.

      16. Өндірістік жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік және салалық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жағдайына, паспорттық параметрлері мен өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.
      Жарақат қауіпсіздігін бағалау өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, сондай-ақ оқу құралдары мен нұсқаудың нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін өндірістік жабдықтарға белгіленген үлгідегі техникалық паспорттардың немесе қауіпсіздік сертификаттарының болуын ескере отырып, тексеру жолымен жүргізіледі.
      Техникалық паспорттар мен сертификаттардың болмауы нақты осы жабдықта қолданылатын конструкциялық қауіпсіздік элементтері жабдық бірліктерінің әр қайсысына жеке көрсетілген, өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік нормативтік талаптарына сәйкестігі актілерімен өтелуі мүмкін.
      Жабдықтардың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.

      17. Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін және де оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауіпсіздігін бағалау және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі хаттамасымен ресімделеді (осы Ережеге 2-қосымша).

      18. Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау:
      1) әр кәсіп қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын тегін берудің нормаларымен салыстыру арқылы анықталады;
      2) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс;
      3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен (осы Ережеге 3-қосымша) ресімделеді. Қызметкерлер, еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес, ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана "қамтамасыз етілді" деген баға қойылады.

  4. Жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын жиынтық бағалау

      19. Жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын жиынтық бағалау:
      1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесін;
      2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесін;
      3) қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.

      20. Жұмыс орнында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

      21. Егер жұмыс орнындағы өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған, жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған, ал қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда, мұндай жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіптіге жатқызылады.

      22. Еңбек жағдайлары қауіптіге жатқызылған кезде аттестациялауға комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

      23. Өндірістік нысандарды аттестациялауды аттестациялау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын қоса отырып, Өндірістік нысанды аттестациялау актісімен ресімдейді.

  5. Өндірістік нысандарды аттестациялауды
ресімдеудің тәртібі

      24. Аттестациялау нәтижелері міндетті бөлімдері, сондай-ақ қосымшасы бар бірыңғай құжат түрінде ресімделеді:
      1) жалпы мәліметтер (ұйымның толық заңды атауы, мекен-жайы, ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша ұйымның құрылымы, аттестациялау жүргізудің негізі, тартылатын мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестациялау комиссиясының құрамы);
      2) өндірістің қысқаша сипаттамасы (қызмет сипаты, қолданылған технологиялар, барлық зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);
      3) еңбек жағдайларын аспаптық және зертханалық зерттеу хаттамалары;
      4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;
      5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамалары.

  6. Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      25. Өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижелері бойынша Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленеді (осы Ережеге 4-қосымша).

      26. Жоспарда ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шараларын және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

      27. Жоспарда барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс.

      28. Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына аттестациялау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

                                         Өндірістік нысандарды
                                        еңбек жағдайлары бойынша
                                   міндетті мерзімді аттестациялауды
                                        өткізу ережесіне 1-қосымша

____________________________________________________________________
                   (мамандандырылған ұйымның атауы)

                 Зиянды өндірістік факторларды өлшеу
                        N _______ ХАТТАМАСЫ
                  200___ж. "____"___________________

1. Ұйым: ___________________________________________________________
                     (ұйымның атауы)

2. Өндіріс, цех, учаске: ___________________________________________

3. Мекен-жайы: _____________________________________________________

4. Үй-жайдың сипаттамасы:
      ауданы: ______________________________________________________
      ұжымдық қорғану жүйесі:_______________________________________
      жабдықтардың түрі және олардың саны___________________________
      кәсіптер мен лауазымдардың атауы _____________________________
5. Өлшеу құралдары: 

N р/с

Атауы

Зауыттық нөмірі

Тексеру күні

1

2

3

4





   6. Сынама және жабдықтарды іріктеу нүктелері көрсетілген үй-жай эскизі:

Ескерту: бір іріктеу нүктесінің ауданы 50 м 2 дейін есебімен

7. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижесі:

Эскиз
бойынша
нүкте N

Жұмыс
орнының коды

Жұмыс
орнының
саны

Өндірістік орта факторла-
рының атауы,
өлшеу бірлігі

Норма, ПДК, ПДУ

Нақты деңгей

Шамадан асып кету

1

2

3

4

5

6

7








   Өлшеуді жүргізген: ____________________ _______________________
Ұйымның өкілі: ________________________ _______________________

                                          Өндірістік нысандарды
                                        еңбек жағдайлары бойынша
                                   міндетті мерзімді аттестациялауды
                                        өткізу ережесіне 2-қосымша

____________________________________________________________________
                   (мамандандырылған ұйымның атауы)

              Жарақат қауіпсіздігін бағалау және ұжымдық
              қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу
                        N _______ ХАТТАМАСЫ
                  200___ж. "____"___________________
 

  1. Ұйым: ___________________________________________________________
                     (ұйымның атауы)

2. Өндіріс, цех, учаске: ___________________________________________

3. Мекен-жайы: _____________________________________________________

4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижесі: _________________________

Жұмыс
орнының
коды

Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-
саймандар-
дың атауы

Техникалық құжаттамасы (паспорттар, сертификаттар және т.б.)

Жұмыс
орнының
саны

Жарақат қауіпсіздігін
бағалау және ұжымдық
қорғану құралдарымен
қамтамасыз етілу

Сәйкестігі

Сәйкессіздік себептері

1

2

3

4

5

6







   Бағалауды жүргізді: ___________________ _______________________
Ұйымның өкілі: ________________________ _______________________

                                           Өндірістік нысандарды
                                        еңбек жағдайлары бойынша
                                   міндетті мерзімді аттестациялауды
                                        өткізу ережесіне 3-қосымша

____________________________________________________________________
                   (мамандандырылған ұйымның атауы)

                Қызметкерлердің жеке қорғану құралдармен
                  қамтамасыздандырылуын бағалау
                        N _______ ХАТТАМАСЫ
                  200___ж. "____"___________________
 

  1. Ұйым: ___________________________________________________________
                     (ұйымның атауы)

2. Өндіріс, цех, учаске: ___________________________________________

3. Мекен-жайы: _____________________________________________________

4. ЖҚҚ-мен қамтамасыздандырылуын бағалау

Жұмыс
орны-
ның
коды

Кәсіп-
тер
мен
лауа-
зым-
дардың
атауы

Жұмыс
орны-
ның
саны

Қызметкерге
берілуге тиіс жеке
қорғану
құралдарының (ЖҚҚ)
тізілімі (ЖҚҚ
атауы)

ЖҚҚ-мен
қамтамасыз-
дандырылуын
бағалау
(қамтамасыз
етілген/
қамтамасыз
етілмеген)

Ескер

Қолда-
ныста-
ғы
норма-
ға
сәйкес

Нақты
беріл-
гені

ГОСТ,
серти-
фикаты

1

2

3

4

5

6

7

8









  Бағалауды жүргізді: ___________________ _______________________
Ұйымның өкілі: ________________________ _______________________ 

                                           Өндірістік нысандарды
                                        еңбек жағдайлары бойынша
                                   міндетті мерзімді аттестациялауды
                                        өткізу ережесіне 4-қосымша

                                                        Бекітемін:
                                                   Ұйымның жетекшісі
                                                 _______ ___________
                                                  (қолы)   (Т.А.Ә.)
                                             200__ж. "____" ________

     Ұйымда еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту
              бойынша іс-шаралар жоспары

N р/с

Жұмыс орнының коды

Іс-шара атауы

Орындалу мерзімі

Іс-шараларды орындауға жауапты

Орындалуы туралы белгі

1

2

3

4

5

6

Өндіріс, цех, учаске атауы







   Аттестациялау комиссиясының төрағасы ____________ _________________
                                        (қолы)         (Т.А.Ә.)
Аттестациялау комиссиясының мүшелері ____________ _________________
                                        (қолы)         (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады