Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 243 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4930 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидаларын бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
N 243 бұйрығымен бекітілген

Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағиданың және 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидаларда тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізудің тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Тіркеуші орган болып жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы табылады.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тіркеу кезінде жіберілген қателер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркеуші органның бастамасымен немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша түзетіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың мәнін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді түзету

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың (құқықтық ауыртпалықтың) мәнін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді тіркеуші орган барлық мүдделі тараптарды жазбаша хабардар ете отырып, өзінің бастамасы бойынша түзетуі мүмкін.

      4. Хабарлама туралы белгі тіркеу парағына қойылады.

      5. Хабарламалардың көшірмелері тіркеу парағында сақталуы тиіс.

3-тарау. Тіркелген құқықтардың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал ететін қателерді түзету

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қателерді түзету тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерінің) мәніне, сипатына немесе мазмұнына ықпалын тигізетін жағдайларда тіркеуші орган мүдделі органдарды осындай түзетудің қажеттігі туралы хабардар етеді. Көрсетілген жағдайларда түзетулерді енгізу мүдделі органдардың нотариаттық куәландырылған немесе тіркеуші органға жеке өздері берген жазбаша келісімі болған жағдайларда ғана жол беріледі.

      7. Тіркеуші орган, хабарламаны жіберген күні құқықтық кадастрдың тіркеу парағының 3.1-бөлімшесіне түзету енгізу болжанып отырған жазбаның нөміріне сілтеме жасай отырып, қатені түзету рәсімінің басталғаны туралы жазба жасайды.

      8. Көрсетілген жазба мынадай тәртіппен енгізіледі:

      "Ауыртпалық түрі" деген бағанда "____ қате" деген жазба жасалады, онда түзету енгізу болжанып отырған жазбаның нөмірі көрсетіледі;

      "Мазмұны" деген бағанда "____ қатені түзету үдерісі" деген жазба енгізіледі, онда деректерге қате жіберілген баған көрсетіледі;

      "Құқық иесі" деген бағанға қатені түзетуге өтініш берген адамның деректері енгізіледі;

      "Көпше түрлері,/Ортақ құқық нысандар", "Үлесі", "Сомасы" деген бағандар толтырылмайды;

      "Мерзімі" деген бағанда "бір ай" деген жазба енгізіледі;

      "Ауыртпалықтың туындауы" деген бағанда 10 "Құжаттың атауы мен нөмірі" деген бағанына "өтініш ___" деген жазба жасалады, онда қатені түзету туралы өтініштің нөмірі көрсетіледі және жақшада өтініш берген күн көрсетіледі. Сосын "хабарлама ____" деген жазба енгізіледі, онда хабарламаның шығыс деректері көрсетіледі және 11 "Тірк. Күні және уақыты; тірк. Т.А.Ә. және қолы" деген бағанда хабарламаны жіберген күні қойылады.

      9. Мүдделі адамдар түзету енгізуге келісім беруден бас тартқан немесе хабарламаны алған күннен бастап бір айдың ішінде жауап бермеген жағдайларда тіркеуші түзету енгізу туралы рұқсат беру үшін сотқа өтініш береді.

      10. Тіркеуші орган сотқа түзету енгізуге рұқсат шығару туралы жүгінген кезде тіркеуші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен осы туралы құқықтық кадастрдың тіркеу парағының 3.1-бөлімшесіне жазба жасайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тіркеу парағына түзету енгізу туралы сот шешім шығарған соң тіркеуші жалпы тәртіппен қателерді түзету рәсім туралы жазбаны жабады (тоқтатады) және осы Қағидалардын 4 немесе 5 тарауында көзделген тәртіппен тиісті түзету енгізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнынан ықпалын тигізген жағдайларда қате осы Қағидаларың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетілуі мүмкін.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпалын тигізбеген жағдайларда қате осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар сақталған жағдайларда түзетілуі мүмкін.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. 1 "Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы" деген бөлімде көрсетілген жылжымайтын мүліктің бір немесе бірнеше объектілерінің сәйкестендіру сипаттамаларының жазбасын түзеткен кезде осы жылжымайтын мүлік объектісіне жататын барлық жазбалар сызып тасталады.

      15. Осы объектіге қатысты жаңа жолдан сәйкестендіру сипаттамаларының түзетулерді ескере отырып, жаңа жазба енгізіледі және "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағанға негіздемелері және түзетілген күні туралы жазба енгізіледі.

5-тарау. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал еткен жағдайларда қате осы Қағидалардың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда қате осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Тіркеуші қызыл түсті сиямен (пастамен), жіңішке сызықпен дұрыс емес ақпаратты сызады, және "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағанда "____ бағандағы қате" деген жазба жасайды, онда қате жіберілген жазбаның нөмірі мен бағанның нөмірі көрсетіледі "Түзетуді қараңыз ____", онда түзету енгізілетін келесі жазбаның нөмірі көрсетіледі.

      Сосын, келесі жазба нөмірінің астынан:

      "Құқықтың түрі" деген бағанда қате жіберілген бағанның нөмірі көрсетіледі, "_____ қате түзетілді" деген жазба жазылады.

      "Мазмұны" деген бағанда қандай нақты деректер түзетілуі тиістігі туралы жазба жасалынады. Егер құқық иесінің тегінде қате жіберілген болса, онда "Мазмұны" деген бағанда "Құқық иесінің тегінде қате" деген жазба енгізіледі.

      "Мазмұны" деген бағанда қамтылған мәліметтерде қате жіберілген болса, мысалы, ЖУ және БО дегеннің орнына КО деп жазылса, онда "Мазмұны" деген бағанда дұрыс деректер енгізіледі, яғни: "ЖУ және БО деген КО болып түзетілді";

      "Құқық иесі"; "Ортақ меншік нысаны."; "Үлес"; "Мерзімі"; "Құқықтардың туындауы" және "Құқықтардың тоқтатылуы" деген бағандар қажеттігіне қарай бір (бірнеше) көрсетілген бағандарға дұрыс деректер енгізілген кезде толтырылады. Егер бұрынғы жазбадағы "Құқықтардың туындауы" деген бағанда қамтылған мәліметтерде қате жіберілген болса, онда "Құқықтардың туындауы" деген бұрынғы жазбасына түзету енгізілетін бағанда дұрыс деректер енгізіледі. Тиісінше, қате жіберілмеген басқа бағандар толтырылмайды.

6-тарау. Тіркеу парағының 4 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тіркеу парағының 4 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтардың сипатына, мәні мен мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда, осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар түзетілуі мүмкін.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Тіркеуші қызыл түсті сиямен (пастамен), жіңішке сызықпен қате ақпаратты сызып тастайды, "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағанда "______ бағандағы қате" деген жазба, онда жазбаның нөмірі мен қате жіберілген бағанның нөмірі көрсетіледі, "____ түзетуді қараңыз" деген жазба жасалады, онда түзету енгізілетін келесі жазбаның нөмірі көрсетіледі.

      Сосын, келесі нөмірге жазба жасалады:

      "Заңды талаптар мен мәмілелер" деген бағанда "_____ қатені түзету" деген жазба жасалады, қате жіберілген бағанның нөмірі көрсетіледі.

      "Мазмұны" деген бағанда қандай нақты деректер түзетуге жататыны туралы жазба жасалады. Егер қате өтініш берушінің (мүдделі тұлғаның) тегінде жіберілген болса, онда "Мазмұны" деген бағанға мынадай жазба енгізіледі: "Өтініш берушінің (мүдделі тұлғаның) тегінде қате" деген жазба енгізіледі.

      "Мазмұны" деген бағанда қамтылған мәліметтерде қате жіберілген болса, мысалы, ЖУ және БО дегеннің орнына КО деп жазылса, онда "Мазмұны" деген бағанда дұрыс деректер енгізіледі, яғни: "ЖУ және БО деген КО болып түзетілді";

      Қалған бағандар қажеттігіне қарай олардың біреуіне (бірнешеуіне) дұрыс деректер енгізілген кезде толтырылады. Тиісінше, басқа қате жіберілмеген бағандар толтырылмайды.

7-тарау. Мүдделі тұлғалар тапқан қателерді түзету тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Мүдделі адамдар құқықтық кадастрдан ақпараттық сипаттағы құжаттарды немесе құқық белгілеуші құжаттарды алған кезде тіркеу парағын толтырғанда жіберілген қателерді тапқан жағдайлар ондай қателер тіркеу парағы мен құқық белгілеуші құжаттардың деректерінің арасындағы қайшылықтарды алып тастау туралы өтінген өтініштің негізінде түзетіледі.

      22. Қателерді түзету туралы өтініш тіркеу ісіне тігіледі.

      23. Өтініштің негізінде тіркеуші өтініш беруші сілтеме жасаған тіркеу парағы мен құқық белгілеуші құжаттар қамтыған мәліметтерді салыстырады. Сәйкессіздік табылған кезде тіркеуші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген тәртіпте қатені түзетеді, және "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағандағы түзету енгізілетін жазбада негізінде түзету енгізілген өтініштің нөмірі көрсетеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Егер қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда көрсетілген әрекеттер жасалған соң тіркеуші түзетілген күнін көрсете отырып құқықтық кадастрдың деректерінде қате жіберілгені туралы құқық иесі мен барлық мүдделі тұлғаларға хабарлама жібереді.

      25. Хабарлама туралы белгі тіркеу парағына қойылады, хабарламаның көшірмесі тіркеу парағында сақталады.

      26. Қатені түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал еткен жағдайларда қате осы Қағидалардың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетілуі мүмкін.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Егер түзету енгізілгенге дейін құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамасына қандай да бір ақпарат берілген болса, құқықтық кадастрдан қатемен берілген мәліметтер жаңа мәліметтерге ауыстырылуы тиіс.

8-тарау. Мемлекеттік органдар берген құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты қателерді түзету тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Егер тіркеу мемлекеттік орган берген құжаттың негізінде жасалғанда, және түзету осы құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты болса, осы орган осы құжатқа тиісті өзгерістер енгізген жағдайда қателерді түзетуге болады.

      29. Көрсетілген жағдайларда өзгерістерді енгізуді тіркеуші орган осы Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады