Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкің Басқармасының "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 107 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 96 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4957 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 99 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28 N 99 Қаулысымен.

      --------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
      1) ...;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 107 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 96 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4957 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. ...
      5. ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Ә. Сәйденов

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен, оның ішінде зейнетақы активтері есебінен сатып алынған активтердің құнсыздануы кезінде жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4458 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерімен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
 

      10-тармақтың алтыншы абзацы "сыйлықақы сомасына" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мәміле бойынша шығындар сомасына" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      19-тармақтың бірінші абзацында:
      "Акционерлік қоғамның (акциялары сатып алынатын) дауыс беретін акцияларының 20 пайызынан аспайтын мөлшерде" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар" деген сөздердің алдынан "мәміле бойынша шығындарды ескере отырып, акциялар сатып алу сомасына" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      24-тармақтың бесінші абзацы "сыйлықақы сомасына" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мәміле бойынша шығындар сомасына" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      29-тармақтың бірінші абзацы "Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздарды сату кезінде" деген сөздердің алдынан "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын орындаған жағдайда жүзеге асырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      3-тарау мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:

"4. Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздардың құнсыздану кезіндегі бухгалтерлік есеп

      31-1. Қор әрбір есепті күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына және есеп саясатына сәйкес бағалы қағаздардың құнсыздануына арналған тест өткізеді. Бағалы қағаздардың ықтимал құнсыздануын көрсететін белгілер болған кезде Қор құнсызданудан болған зиянды есептейді.
      Бағалы қағаздар бойынша құнсызданудан болған зияндарды жабуға арналған провизиялар құру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 821 16 "Бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды)
      қалыптастыру бойынша шығыстар"
      Кт 31123 "Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған
      резервтер (провизиялар)".
      31-2. Сол есепті кезеңде қалыптастырылған бағалы қағаздар бойынша құнсызданудан болған зияндарды жабуға арналған провизияларды қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 311 23 "Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған
      резервтер (провизиялар)"
      Кт 821 16 "Бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар".
      31-3. Өткен есепті кезеңдерде қалыптастырылған бағалы қағаздар бойынша құнсызданудан болған зияндарды жабуға арналған провизияларды қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 311 23 "Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)"
      Кт 727 09 "Басқа да кірістер".
      31-4. Қалыптастырылған провизиялар есебінен құнсыздалған бағалы қағаздарды есептен шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 311 23 "Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)"
      Кт 401 02 "Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар"
      402 02 "Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар"
      402 03 "Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар".
      31-5. Эмитент ағымдағы есепті кезеңде құрылған провизиялар есебінен есептен шығарылған, бағалы қағаздардың құнын өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 441 61 "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық
      валютадағы ақша (зейнетақы активтері)"
      Кт 821 16 "Бағалы қағаздар бойынша резервтерді
      (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар".
      31-6. Эмитент, өткен есепті кезеңдерде құрылған провизиялар есебінен есептен шығарылған бағалы қағаздардың құнын өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 441 61 "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық
      валютадағы ақша (зейнетақы активтері)"
      Кт 727 09 "Басқа да кірістер".
      31-7. Қор құнсызданудан болған зияндарды өтеу туралы шешім қабылдаған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 334 11 "Басқа дебиторлық берешек"
      Кт 821 16 "Бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар".
      31-8. Қор құнсызданудан болған зияндарды өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 441 61 "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық
      валютадағы ақша (зейнетақы активтері)"
      Кт 334 11 "Басқа дебиторлық берешек".
      31-9. Қор әрбір есепті күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына және есеп саясатына сәйкес бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған зияндарды өтеу бойынша дебиторлық берешектің құнсыздануына арналған тест өткізеді.";
 

      32-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Мәміле бойынша шығындар сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Дт 403 03 "Қысқа мерзімді салымдар" (төленген комиссияны
      есептеуге арналған жекелеген қосалқы шот)
      403 04 "Ұзақ мерзімді салымдар" (төленген комиссияны есептеуге
      арналған жекелеген қосалқы шот)
      403 05 "Шартты салымдар" (төленген комиссияны есептеуге
      арналған жекелеген қосалқы шот)
      Кт 441 61 "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық валютадағы ақша (зейнетақы активтері)".";
 

      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
      "33-1. Қор мәміле бойынша шығындарды амортизациялаған кезде
      мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      "Дт 724 23 Мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты
      кірістер
      724 24 "Шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты
      кірістер"
      Кт 403 03 "Қысқа мерзімді салымдар" (төленген комиссияны
      есептеуге арналған жекелеген қосалқы шот)
      403 04 "Ұзақ мерзімді салымдар" (төленген комиссияны есептеуге
      арналған жекелеген қосалқы шот)
      403 05 "Шартты салымдар" (төленген комиссияны есептеуге
      арналған жекелеген қосалқы шот).";
 

      4-тарау мынадай мазмұндағы 37-1 - 37-9-тармақтармен толықтырылсын:
      "37-1. Қор әрбір есепті күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына және есеп саясатына сәйкес орналастырылған салымдардың құнсыздануына арналған тест өткізеді. Орналастырылған салымдардың ықтимал құнсыздануын көрсететін белгілер болған кезде Қор құнсызданудан болған зиянды есептейді.
      Орналастырылған салымдар бойынша құнсызданудан болған зияндарды жабуға арналған провизиялар құру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 821 17 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтерді
      (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар"
      Кт 311 24 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтер (провизиялар)"
      37-2. Сол есепті кезеңде қалыптастырылған орналастырылған салымдар бойынша құнсызданудан болған зияндарды жабуға арналған провизияларды қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 311 24 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтер (провизиялар)"
      Кт 821 17 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтерді
      (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар".
      37-3. Өткен есепті кезеңдерде қалыптастырылған орналастырылған салымдар бойынша құнсызданудан болған зияндарды жабуға арналған провизияларды қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 311 24 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтер
      (провизиялар)"
      Кт 727 09 "Басқа да кірістер".
      Қалыптастырылған провизиялар есебінен орналастырылған салымдарды есептен шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 311 24 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтер
      (провизиялар)"
      Кт 403 03 "Қысқа мерзімді салымдар"
      403 04 "Ұзақ мерзімді салымдар"
      403 05 "Шартты салымдар".
      37-5. Ағымдағы есепті кезеңде құрылған провизиялар есебінен есептен шығарылған салымдар құнын өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 441 61 "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық
      валютадағы ақша (зейнетақы активтері)"
      Кт 821 17 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтерді
      (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар".
      37-6. Өткен есепті кезеңдерде құрылған провизиялар есебінен есептен шығарылған салымдар құнын өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 441 61 "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық
      валютадағы ақша (зейнетақы активтері)"
      Кт 727 09 "Басқа да кірістер".
      37-7. Қор құнсызданудан болған зияндарды өтеу туралы шешім қабылдаған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 334 11 "Басқа дебиторлық берешек"
      Кт 821 17 "Орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар".
      37-8. Қор құнсызданудан болған зияндарды өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 441 61 "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық валютадағы ақша (зейнетақы активтері)"
      Кт 334 11 "Басқа дебиторлық берешек".
      37-9. Қор әрбір есепті күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына және есеп саясатына сәйкес құнсызданудан болған зияндарды өтеу бойынша дебиторлық берешектің құнсыздануына арналған тест өткізеді.";

      42-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мәміле бойынша шығындар сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 403 06 "Басқа да салымдар" (төленген комиссияны есептеуге
      арналған жекелеген қосалқы шот) Кт 441 61
      "Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ұлттық валютадағы ақша
      (зейнетақы активтері)".";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "49. Инвестициялық кірістен Қорға тиесілі комиссиялық сыйақыны есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      комиссиялық сыйақының бұрын есептелген теріс мәні шегіндегі сомаға:
      Дт 845 09 "Басқа да шығыстар"
      Кт 33411 "Басқа дебиторлық берешек"
      комиссиялық сыйақының бұрын есептелген теріс мәнінен асатын сомаға:
      Дт 845 09 "Басқа да шығыстар"
      Кт 684 61 "Инвестициялық кірістен есептелген комиссиялық
      сыйақылар".";
      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
      "49-1. Кезең үшін Қорға тиесілі комиссиялық сыйақының теріс мәніне әкелген инвестициялық кірістің теріс мәні туындаған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      бұрын есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы шегіндегі сомаға:
      Дт 684 61 "Инвестициялық кірістен есептелген комиссиялық
      сыйақылар"
      Кт 845 09 "Басқа да шығыстар",
      бұрын есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақыдан асатын сомаға:
      Дт 334 11 "Басқа дебиторлық берешек"
      Кт 845 09 "Басқа да шығыстар".
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.
 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады