Қызметінің бірден бір түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 112 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4962 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2009 жылғы 16 шілдедегі N 63 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2009.07.16 N 63 Қаулысымен .

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      Қызметінің бірден бір түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Уәкілетті ұйымдар) қаржылық тұрақтылығын нығайту және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Уәкілетті ұйымдардың ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталының ең аз мөлшері 1 000 000 (бір миллион) Қазақстан теңгесі мөлшерінде бекітілсін.

      2. Жұмыс істеп тұрған уәкілетті ұйымдар 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде жарғылық капиталдарын осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келтірсін.

      3. Жаңадан құрылған немесе жұмыс істеп тұрған уәкілетті ұйымдар бірден артық айырбастау пунктін ашқан кезде олардың ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы әрбір жаңадан ашылатын айырбастау пункті үшін 300 000 (үш жүз мың) Қазақстан теңгесіне ұлғайтылуы тиіс.

      4. Бірден артық айырбастау пункті бар уәкілетті ұйымдар 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде өзінің жарғылық капиталын осы қаулының 3-тармағының талаптарына сәйкес келтірсін.

      5. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 402 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1007 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің»"Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының» "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін ұлғайту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 112 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1512 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің»"Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 28 мамыр - 3 маусымда жарияланған).

      6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      7. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады