Мақта нарығының мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 3 қазандағы N 595 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4975 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 15-07/474 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.09.26 № 15-07/474 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мақта нарығының мониторингін жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2007 жылғы 3 қазандағы N 595
бұйрығымен бекітілген  

Мақта нарығының мониторингін жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақта нарығының мониторингін жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мақта нарығының мониторингін жүргізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
      2) мақта нарығының мониторингі (бұдан әрі - мониторинг) - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
      3) мониторинг объектілері - мақта нарығына қатысушылардағы шитті мақта және оның бастапқы өңдеу өнімдері (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары).

      3. Мониторингті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      4. Мониторинг деректері Ауылшарминінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің ақпараттар ағымының құрамды бөлігі болып табылады.

2. Мақта нарығының мониторингін жүргізу тәртібі

      5. Мониторинг кезеңдері:
      1) деректерді жинау;
      2) деректерді өңдеу;
      3) деректерді талдау.

      6. Мониторинг деректері:
      1) шитті мақтаны өндірумен, мақта талшығы етіп бастапқы өңдеумен және мақтаны сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің (мақта нарығына қатысушылардың) бары;
      2) мақта егіс алқаптарының көлемі;
      3) өнімділік болжамы;
      4) нақты өнімділік, рефакцияны көрсетіп, алғашқы және өңдегеннен кейінгі салмақ бойынша шитті мақта өндірудің көлемі;
      5) мақта өңдеу ұйымдарының, мақта тазалау зауыттарының және мақта қабылдау пункттерінің саны;
      6) өңдеуге түскен шитті мақта көлемі және алынған мақта талшығының көлемі;
      7) шитті мақтаның және оның бастапқы өңдеу өнімдерінің (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары) ішкі нарықта және экспортқа сатылған көлемі;
      8) шитті мақта және оның бастапқы өңдеу өнімдері (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары) импортының көлемі.

      7. Мақта нарығына қатысушылардан мониторинг деректерін жинау статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген 14-1МНҚ нысаны бойынша ауданның жергілікті атқарушы органымен, кейіннен жиналған ақпараттарды облыстың жергілікті атқару органына берумен, жүзеге асырылады.
      Ауданның жергілікті атқарушы органы мақта нарығына қатысушылар берген коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты (шаруашылық субъектілері бойынша) жария етпеуі керек.

      8. Мақта өңдеу ұйымдарынан мониторинг деректерін жинау ауданның жергілікті атқарушы органының жазбаша сұранымы бойынша ақпараттарды мақта өңдеу ұйымдарының статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген 14-2МӨҰ, 14-3МӨҰ нысандары бойынша беруі арқылы жүзеге асырылады.

      9. Мақта өңдеу ұйымдары мақтамен байланысты операцияларды көрсететін құжаттардың қатаң есебін және сақталуын қамтамасыз етеді, сол сияқты Ауылшарминінің және жергілікті атқарушы органының жазбаша сұранымы бойынша өздерінің негізгі қызметіне байланысты ақпараттарды береді.

      10. Ауданның жергілікті атқарушы органы облыстың жергілікті атқарушы органына берілетін ақпараттардың толықтығы және деруақыттылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жүктейді.

      11. Облыстың жергілікті атқарушы органы облыс бойынша мониторинг деректерін өңдейді және Ауылшарминіне мынадай ақпараттарды береді:
      1) статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген 14-4ЖАО нысаны бойынша айына бір рет шитті мақтаның және оның бастапқы өңдеу өнімдерінің (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары) бары және қозғалысы туралы;
      2) статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген 14-5ЖАО нысаны бойынша жылына екі рет шитті мақтаны өндірумен, мақта талшығы етіп бастапқы өңдеумен және мақтаны сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің (мақта нарығына қатысушылардың) бары туралы;
      3) статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген 14-6ЖАО нысаны бойынша жылына бір рет мақта нарығына қатысушылардың деректерінің негізінде мақта өнімділігінің болжамы туралы.

      12. Облыстың жергілікті атқарушы органының басшысы, лауазымды тұлғалар Ауылшарминіне берілетін ақпараттардың толықтығы және деруақыттылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жүктейді.

      13. Ауылшармині облыстардың жергілікті атқарушы органдары беретін мониторинг деректерін талдауды жүзеге асырады.

      14. Мақта егіс алқаптарының көлемі және нақты өнімділігі, рефакциясын көрсетіп, алғашқы және өңдегеннен кейінгі салмақ бойынша шитті мақта өндірудің көлемі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректерінің негізінде жылына бір рет құрастырылады.

      15. Республика бойынша мониторинг деректерін талдау үшін айына бір рет статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша мақта саласын дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген 14-8КБК нысаны бойынша экспорт режимінде рәсімделген мақта талшығының салмағы және статистикалық құны туралы кеден ісінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан тегін алынатын мәліметтер пайдаланылады.

      16. Республика бойынша жиынтық ақпаратта көрсетілген мониторинг деректерін, мақта нарығына қатысушылар жалпы пайдалана алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады