"Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 9 қазандағы N 296-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4984 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      Заңнаманы жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 1 тамызда N 4844 болып тіркелген және»"Юридическая газета" газетінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 126 (1329) жарияланған»"Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы  N 207-ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу  ережесінде :
      11-тармақтың 13), 14) және 15) тармақшалары алынып тасталсын;

      19-тармақ алынып тасталсын;

      28-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      30-тармақ алынып тасталсын;

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "37. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамадан мына жағдайларда:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері бұрын өткізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша жетілдірілген жағдайда;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобалық және басқа құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
      3) сот органдары шешімінің негізінде өтеді.".

      2. Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Реттеудің рұқсаттық және ынталандырулық тетіктері департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады