Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылы 3 наурыздағы N 105 "Жеке және заңды тұлалармен ұсынылған жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми-техникалық құжаттарына келісім Нұсқауышын бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 633 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4987 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.11.2014 № 7-1/625 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының  15-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы Министрінің (2003 жылғы 3 наурыздағы N 105 "Жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми-техникалық құжаттарына келісім Нұсқауышын бекіту туралы" (N 2229 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген), бұйрығына келесі толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың аталуы және 1 тармақта "ветеринариялық препараттардың" деген сөзден кейін, азық және азық қоспалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттардың ғылыми-техникалық құжаттарына келісім Нұсқауышында:
      аталуында және бүкіл мәтін бойынша 4 тармақтың 1) және 5) тармақшаларынан, 11 тармақтың 2) тармақшасынан және 12 тармақтың 3) тармақшасынан басқа "ветеринариялық препараттардың", "ветеринариялық препараттарының", "ветеринариялық препарат", "ветеринариялық препараттың", "ветеринариялық препаратқа" деген сөздерден кейін ", азық және азық қоспалардың", ", азық және азық қоспалардың", ", азық және азық қоспаларының", ", азық және азық қоспалары", ", азық және азық қоспалардың", ", азық және азық қоспаларға" деген сөздермен сәйкес толықтырылсын;

      4 тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) азық - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлік;
      14) азық қоспалары - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы С.И. Сүлейменовке жүктелсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне осы бұйрықты заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2008 жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады