Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 қазандағы N 241 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 19 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4999 болып енгізілді.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының»"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы  N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4257 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы  N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережесінде:

      2-тармақтың 18) тармақшасы»"өкілеттікті" деген сөзден кейін "тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметіне жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлімшелері мен олардың басшыларының қызметіне бақылау жасайды.
      Тарату комиссиясының төрағасы осы Ереженің 107-тармағына сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату ісі бойынша дербес шешім қабылдайды.";

      18-тармақта:
      7) тармақшада "валютамен" деген сөз "қажеттілігіне қарай шетел валютасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) және 22) тармақшалар алынып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясы және оның бөлімшелері тұрған жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажеттілігіне қарай шетел валютасында ашылады.";

      26-тармақта:
      5) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) басқа да шығыстар.";

      31-тармақта:
      29) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
      "30) инкассация бойынша қызмет.";

      32-тармақта:
      5) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
      "34-1. Басқа да шығыстар жүз айлық есептік көрсеткіштен мөлшері аспауы тиіс осы Ереженің 26-тармағының 1)-5) тармақшаларында көзделмеген шығындар ретінде сипатталады.";

      49-тармақтағы "тиісінше жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;

      50-тармақ алынып тасталсын;

      79-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      83-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бағалаушыны таңдау тендер (конкурс) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижесі бойынша ең тиімді шарттарды (көрсетілген қызметтер үшін төлем мөлшерін, бағалауды өткізу мерзімдерін, бағалаушыда филиалдық желі болуын және басқа шарттарды) ұсынған бағалаушы таңдалады.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "107. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында жасалатын барлық құжаттармен танысу;
      2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін бұзу туралы шағымын қарауға қатысу;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, мүдделерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жөнінде, оның ішінде тарату комиссиясы мүшелері өздерінің міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамағаны туралы уәкілетті органға және сотқа хабарлау;
      4) тарату комиссиясының әрекетіне сотқа және уәкілетті органға шағым жасау;
      5) мүлік сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының мәжілісін қоса алғанда, кез келген тарату рәсімі болған кезде қатысуға құқығы бар комитет кредиторлары мүшелерінің ішінен кредиторлардың өкілдерін сайлау;
      6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты алу;
      7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өндіріп алуға мүмкін емес дебиторлық берешегінің көлемін бекіту;
      8) тарату комиссиясы берген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату, конкурстық массасын жүзеге асыру жоспарын бекіту;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне төленетін негізгі және қосымша төлемдердің мөлшерін қоса, тарату шығыстарының сметасын бекіту;
      10) тарату комиссиясының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан мүлікті есептен шығару жөніндегі актісін бекіту.";

      мынадай мазмұндағы 107-1-тармақпен толықтырылсын:
      "107-1. Кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмағанда, осы Ереженің 107-тармағының 7)-10) тармақшаларында көзделген өкілеттікті тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.";

      120-тармақта:
      "Тарату комиссиясының" деген сөздер "Тарату комиссиясы төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "хаттамамен ресімделетін" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады