Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 2009.12.24 № 71 Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу жөніндегі статистикалық есептілікті одан әрі жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күштері жойылды деп танылсын:
1) "Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2744 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2004 жылғы N 13-16 сандарының 916-бабында жарияланған, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3371 санымен тіркелген), "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 3 наурыздағы N 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4155 санымен тіркелген) және "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 мамырдағы N 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4737 санымен тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар);
2) "Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3999 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 20 қарашадағы N 68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4473 санымен тіркелген), "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 мамырдағы N 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4737 санымен тіркелген) және "Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 2 шілдедегі N 29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4833 санымен тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Комитет Төрағасына жүктелсін (Г.В.Ким).
5. Осы бұйрық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы 11 қарашадағы
N 46 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық
есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі
Нұсқаулық
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) жеке және заңды тұлғаларға қатысты олардың құқықтық мәртебесіне, меншік нысандарына, қызмет түрлеріне байланыссыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу тәртібін белгілейтін "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 6) және 12) тармақшаларын орындау үшін әзірленген.
2. Мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тексеру тағайындау туралы актілерді бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының атынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай мақсаттарда жүзеге асырылатын құқықтық статистикалық рәсім:
Қазақстан Республикасындағы заңдылықтың жай-күйі және қадағалау мен бақылау қызметінің нәтижелері туралы айқын және жеткілікті ақпаратты жинау, талдау және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну мақсатында;
өзге де мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік қадағалаушы және бақылаушы органдармен жүзеге асырылатын тексерулерді жоспарлаудың, оңтайландырудың және үйлестірудің арнайы әдісінің негізінде еліміздегі құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында.
3. Тексеру тағайындау туралы актілерді мемлекеттік тіркеу өзіне берілген өкілеттіктер мен құзыреттіктерге сәйкес уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың орталық аппараттарымен жүзеге асырылатын мемлекеттік мекемелердің қызметтеріне тексеру тағайындау туралы актілер уәкілетті органның орталық аппараттарында тіркеледі.
Аймақта уәкілетті органның әскери немесе көлік бөлімшелері болмаған жағдайда тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу аумақтық уәкілетті органмен жүзеге асырылады, олар кейіннен мәлімет үшін, статистикалық есепке алу мен бақылау жүргізу үшін ақпараттық есепке алу құжаттарын уәкілетті органның тиісті әскери немесе көлік бөлімшесіне келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
4. Тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және бақылау субъектілері ретінде қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау органдары (бұдан әрі - есепке алу субъектілері) болып табылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар мен оның лауазымдық тұлғалары жүзеге асыратын тексерулердің объектілері мынадай құқықтық мәртебесі бар жеке және заңды тұлғалар болып табылады:
шаруашылық жүргізуші субъектілер;
мемлекеттік мекемелер;
мемлекеттік органдар.
5. Тексеру тағайындау туралы актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімі және тиісінше осы Нұсқаулықтың талаптары мынадай тексерулерді жүргізумен байланысты құқықтық қатынастарда қолданылмайды:
"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін;
өздерінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдарға, мекемелер мен ұйымдарға қатысты есепке алу субъектілерімен жүргізілетін тексерулерге байланысты;
азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалармен жасаған келісім-шарттары бойынша міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажеттілігіне қарай меншік иелерімен жүргізілетін тексерулерге байланысты;
қарсы тексерулерді қоспағанда, өздеріне қатысты қызметті жанайтын шаруашылық жүргізуші субъектісінің, мемлекеттік органның немесе мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша жүргізілетін тексерулерге байланысты;
мемлекеттік органдардың оларға жүктелген қадағалау және бақылау уәкілеттіктерін үздіксіз және/немесе тұрақты құқықтық негізде жүзеге асыруы кезінде, соның ішінде мынадай тексерулер:
1) қозғалған қылмыстық істер, анықтау, алдын-ала тергеу, сот төрелігін және атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру, адамдарды уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында және қабылдағыш-бөлгіштерде ұстау, қылмыстық қудалау органдарында жедел-іздестіру қызметін жүргізу, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің есепке алу-тіркеу тәртібін тексеруді жүзеге асыру шеңберінде прокуратура органдары жүргізетін;
2) нақты қауіп-қатер немесе табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, қауіпті жұқпалы аурулар ошағы төнген жағдайда;
3) заңдармен қаралған тәртіпте адамдардың өмірі мен денсаулықтарын қорғауды, мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өнімдердің (тауарлар және қызмет көрсетулер) қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру кезінде;
4) бақылау-өткізу пунктерінде, пункттер мен бекеттерде;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде;
6) жол жүру қозғалысының тікелей қатысушыларымен жасалған.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
6. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тексеру тағайындау туралы акт - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте рәсімделген және тексеру жүргізу үшін негіз болып табылатын мемлекеттік органның құқықтық актісі (қаулы, ұйғарым, бұйрық, тапсырма, жолдама және т.б.);
тексеру еселігі - заңнамамен белгілеген мерзім ішінде бір ғана объектіде бір ғана мәселе бойынша жүргізілген тексерулердің заңдармен белгіленген саны;
тексеру - тексеру объектілерінің заң тәртібінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру құқығына ие мемлекеттік органның немесе оның лауазымды тұлғасының мақсатқа сай ұйымдастырып жүргізетін, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін одан әрі ақпараттық құқықтық статистикалық қамтамасыз ету үшін құжаттар мен түсініктемелерді әкімшілік тәртіпте алумен, объектілер мен пәндерді тексерумен ұштасқан іс-шарасы.
7. Тексерудің түрлері:
жоспарлы - қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асыратын ішкі және ведомствоаралық бекітілген жоспарларды орындау үшін қадағалау және бақылау уәкілеттіктері мен функцияларына ие мемлекеттік органмен тағайындалатын тексеру;
жоспардан тыс - Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және басқа да тапсырма беру және сұраным енгізу құқығына ие мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын немесе сұранымдарын орындау үшін, сондай-ақ азаматтардың денсаулықтары мен өмірлеріне, мүліктерінің сақталуына нақты қауіп-қатер төнген жағдайларда және төтенше жағдайларда заңдардың бұзылуын болдырмау қажеттілігіне қарай мемлекеттік органдармен тағайындалатын тексеру;
өтініш бойынша - мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ заңды мүдделері бұзылғаны туралы келіп түскен өтініштер, арыздар, шағымдар, хабарламалар және заңдармен белгіленген тәртіпте ұсынылған өзге де ақпараттар бойынша мемлекеттік органдар немесе олардың лауазымдық тұлғалары тағайындайтын тексеру;
бірлескен - бірнеше мемлекеттік органдардың бірлескен актісімен тағайындалатын және/немесе актіде тексеруге қатысатын басқа да мемлекеттік органдарды көрсету арқылы бір гана мемлекеттік органның актісімен тағайындалатын тексеру;
қарсы - егер тексеру жүргізу кезінде есепке алу субъектісінде тексеріліп отырған объектімен байланысты жүргізілген операциялар, келісу не өзге де қатынастарды іске асыру туралы қосымша ақпаратты алу қажеттілігі туындаған жағдайда үшінші жаққа қатысты жүргізілетін тексеру;
рейдтік - бір мәселе, бір негіздеме және тексеру жүргізудің бірыңғай әдісі бойынша бір мезгілде бірнеше тексеру объектілеріне тағайындалатын тексеру;
бақылау тексеру - алдыңғы тексерумен айқындалған бұзушылықтарды жоюды орындау мақсатында мемлекеттік органдармен жүргізілетін тексеру.
3. Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын тексерулерді
статистикалық есепке алу мен бақылау жүргізу тәртібі
8. Мемлекеттік органдардың тексерілуін статистикалық есепке алу мен бақылау тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу, тексерулерге арналған ақпараттық есепке алу құжаттарын жүргізу және талон-қосымшаларды жинау туралы әдісін өз кезегімен іске асыру арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Бір ғана тексеру тағайындау туралы тіркелген актінің негізінде тек бір ғана тексеру объектісі және ол тек тіркелген актіде көрсетілген мәселелер бойынша тексерілуі мүмкін. Рейдтік тексерулер бұл қатарға қосылмайды.
9. Тоқсанға, жарты жылға және жылға 20 күнтізбелік күн қалғанда келісімге және тәртіпке келтіру үшін өзге мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық органдарының қызметіне тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық органдары өздерінің бекітілген тоқсан сайынғы, жартыжылдық және бір жылдық тексеру жүргізу жоспарларын тиісінше уәкілетті органның орталық аппараты мен аумақтық органдарына тапсырады.
Уәкілетті орган 5 күнтізбелік күннің ішінде барлық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық органдары үшін тексеру жүргізудің ведомствоаралық жоспарының жобасын дайындап, оларды келісімге жолдайды.
Мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары ведомствоаралық жоспардың келісілген жобасын 5 күнтізбелік күннің ішінде тиісінше уәкілетті органның орталық аппараты мен аумақтық органдарына оны бекіту үшін ұсынады.
Тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен, облыстар бойынша және соларға теңестірілген прокурорлармен бекітілген ведомствоаралық жоспарлар уәкілетті органмен мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Тексеру жүргізу жоспарлары өзгертілген жағдайда олардың түзетулерін қарау үшін мемлекеттік орган міндетті түрде ол туралы уәкілетті органды тексеру басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.
10. Тексеру тағайындау туралы актілерді мемлекеттік тіркеу есепке алу субъектілері тексеретін объектінің орналасқан жері немесе олардың өз қызметтерін жүзеге асыру орны бойынша оларды ұсыну арқылы уәкілетті органмен тексеру басталғанға дейін жүзеге асырылады.
11. Тексерудің мақсаттылығы қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді тез арада жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, сондай-ақ уақытынан тыс мерзімде (түнде, демалыс немесе мереке күндерінде) тексеру жүргізу кезінде, бұзушылықтардың тікелей жасалған кезінде оларға жол бермеу және дәлелдемелерді бекіту үшін қауырт іс-әрекеттерді жүргізу қажеттілігіне қарай тексеру тағайындау туралы актілерді мемлекеттік тіркеу тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органмен жүргізілуі қажет.
12. Тексеру тағайындау туралы тіркелген актінің көшірмесін тексеру объектісінің басшысына, ол болмаған жағдайда көрсетілген актіні алу құқығына ие өзге лауазымды тұлғаға тапсыру сәті тексерудің басы болып табылады.
Рейдтік тексерудің аяқталу мерзімі тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімнен аспайтын рейдтің аяқталу күні болып саналады.
Есепке алу субъектісі тексеруді аяқтаған соң үш жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес ақпараттық есепке алу құжатына арналған талон-қосымшаны ұсынады.
13. Тексеру тағайындау туралы акт уәкілетті органға екі данада ұсынылады (түпнұсқа және көшірме). Ол тіркелгеннен кейін актінің түпнұсқасы тез арада мемлекеттік органға қайтарылады. Актінің көшірмесі уәкілетті органда қалады. Тексеру тағайындау туралы актімен бір мезгілде уәкілетті органға Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тиісті үлгіде рәсімделген ақпараттық есепке алу құжаты тапсырылады.
Мемлекеттік орган қызметкерінің тексеруге қатысты және тексеру тағайындаған органның өкілеттігін растайтын қажетті нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ тексеру тағайындау үшін негіз болған құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі бар болуы қажет. Тексеру тағайындауға негіз болған құжаттың түпнұсқасы мемлекеттік органның қызметкеріне қайтарылады, ал көшірмесі уәкілетті органда қалдырылады.
14. Тексеру тағайындау туралы актіде мынадай мәліметтер болуы қажет:
1) мемлекеттік органның атауы, тексеру тағайындау бойынша өкілеттікке ие тұлғаның тегі және аты-жөні, атқаратын қызметі, қолы, сондай-ақ мөрі, не жоғарыда аталған тұлға болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушы тұлға туралы деректер;
2) мемлекеттік органның журналы бойынша тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен тіркеу нөмірі;
3) тексеруді жүзеге асыратын тұлғалардың тегі және аты-жөні (Т.А.Ә) лауазымы;
4) тексерілетін объектінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, толық атауы, объекті басшысының аты-жөні, оның орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН), бар болған жағдайда жеке идентификациялық нөмірі (бұдан әрі - ЖИН) немесе бизнес идентификациялық нөмірі (бұдан әрі - БИН) ("СТН", "ЖИН", "БИН" деген деректемелер орталық мемлекеттік органдармен толтырылмайды);
5) тексеру түрі;
6) тексеру мәселесі;
7) тексеру жүргізудің мерзімі;
8) мемлекеттік орган құзыретіне сәйкес нақты құжаттарға (жұмыс жоспары, өтініш, сұранымдар және т.б.) сілтеме жасай отырып тексеру тағайындау негізі құқықтық негіздер;
9) егер қажеттілік туындаса, тексеру мерзімінің ұзақтығы;
15. Уәкілетті органның қызметкері ақпараттық есепке алу құжаттарын алып, актіні тіркеуге ұсынған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді, есепке алу карточкаларын және оларға берілген талон-қосымшаларды тіркеу Журналына (бұдан әрі - Журнал) тиісті жазбаларды енгізеді, содан кейін тағайындалған тексерудің заңдылығы мен негізділігін, есепке алу карточкасын және тексеру тағайындау туралы актіні толтырудың толықтығын тексереді. Сонымен қатар ақпараттық есепке алу құжаттарының тіркеуге уақытылы ұсынылуын, мемлекеттік органның тексеру тағайындау кезінде аумақтылық принципті сақтауын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тексеру тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау мәселелерін тексереді.
Тіркеуден бас тартуға негіз болмаған жағдайда уәкілетті органның қызметкері тексеру тағайындау туралы актіге Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу жөнінде мөртабан қояды.
16. Тексеру тағайындау кезінде мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандығы айқындалған жағдайда уәкілетті органның қызметкері ақпараттық есепке алу құжаттарын уәкілетті орган басшысына (қолма-қол, факспен, электрондық поштамен), ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушы тұлғаға (бұдан әрі - Уәкілетті тұлға) тиісті шешім қабылдау үшін ұсынады.
17. Уәкілетті орган тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартуға құқығы бар.
Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы тұжырымдама (бұдан әрі - Тұжырымдама) Уәкілетті тұлғамен жазбаша түрде 2 данада уәкілетті органға ақпараттық есепке алу құжаттары келіп түскен кезден бастап 24 сағаттың ішінде құрылады.
Егер мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда бас тарту құқығын қолдану мерзімі келесі жұмыс күніне белгіленеді.
Тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңдары және осы Нұсқаулық талаптарының нақты бұзылғандығын көрсету арқылы дәлелденген болуы қажет.
18. Мемлекеттік орган тексеруді тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау туралы мәселелерді анықтау үшін қосымша тексеру жүргізуді қажет еткен жағдайларда, шешім уәкілетті органға ақпараттық есепке алу құжаттары келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылдануы тиіс.
19. Уәкілетті тұлға ұсынылған ақпараттық есепке алу құжаттарын зерделеп, қарағаннан кейін актіні тіркеу немесе одан бас тарту туралы қабылдаған шешім жөніндегі жазбаша тұжырымдаманы (қолма-қол, факспен, электрондық поштамен) белгіленген мерзімнен кешіктірмей бөлімше қызметкеріне жіберуге міндетті.
20. Уәкілетті органның қызметкері тіркеуден бас тарту туралы тұжырымдаманы алғаннан кейін тексеру тағайындау туралы актіге және оның көшірмесіне Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес тиісті мөртабан қойып, тексеру бастамашысын уәкілетті тұлғаның қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.
Электрондық поштамен келіп түскен тұжырымдамада уәкілетті органның қызметкері "Көшірме дәл" жазбасын қойып, қолын қояды және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының іс жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сақтайды.
Бас тартылған жағдайда тіркеусіз қайтарылатын тексеру тағайындау туралы актіде "бас тартылған" мөртабаны қойылады, Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес ақпараттық есепке алу құжатының 19-тармағы толтырылып, Журналға тиісті белгі енгізіледі.
21. Уәкілетті тұлға тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу қажеттілігі жөніндегі шешімді қабылдау кезінде тіркеу осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Бақылау тексерулер міндетті түрде уәкілетті органда тіркелуге жатады.
23. Егер басқасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісім-шарттармен және осы Нұсқаулықпен белгіленбеген болса, мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту үшін төмендегідей негіздердің біреуі бар болса да жеткілікті:
жоспарлы тексерулерді тағайындау кезінде алдыңғы жүргізілген тексерулерге қатысты уақытша аралықтарды сақтамау;
құзыреттігіне кірмейтін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың объектілерге тексеру тағайындауы;
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген мерзімдерге қатысты тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімдерін асыру немесе оның уақытын өткізіп алу;
анонимді жүгіну бойынша объектіге тексеру тағайындау;
орталық (аумақтық) мемлекеттік органдардың бір ғана тексеру объектісінің қызметіне, егер оған қатысты бұрын аумақтық (орталық) мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілген болса, бір ғана мәселе бойынша тексеру тағайындау;
егер аталған мәселе және мерзім бойынша осы немесе өзге мемлекеттік органмен тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік органның тексеру объектісінің қызметіне тексеру тағайындауы;
егер алдыңғы жүргізілген тексерумен бұзушылықтар анықталмаған жағдайда бақылау тексерісін тағайындау;
тексеру тағайындау туралы актіде осы Нұсқаулықтың 14-тармағымен қаралған мәліметтердің болмауы;
тексеру тағайындау негіздері бойынша жазбаша дәлелдердің (жоспар, сұраным, тапсырма, өтініш, шағым, жүгіну, сенім телефоны бойынша Өтініштерді есепке алу кітабында тіркеу туралы белгі, қарсы тексеруді тағайындау кезінде негізгі актінің көшірмесі және т.б.), сондай-ақ рейдтік тексеруге жататын объектілер тізімдерінің болмауы; жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы өтініштерде немесе хабарламаларда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы өзге де жүгінулерде көрсетілген уақыт аралығының шегінен шығатын кезеңге тексеру тағайындау;
құзыреті сәйкес келмейтін тұлғаларға тексеру жүргізу тапсырылған жағдайда;
бір ғана тексеру тағайындау туралы актіде тексеруге жататын бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілер, мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік мекемелер көрсетілген жағдайда;
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру тағайындауы;
тексеру мерзімдерін Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген мерзімдерден артық ұзарту;
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгенге дейін осы Нұсқаулықтың 23-тармағының талаптары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тексеруге қатысты қолданылады (Заңның 7-бабы 1-тармағының 5-тармақшасы).
24. Мемлекеттік органға актіні тіркеуден негізсіз бас тартылса, ол жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдалуы мүмкін.
25. Рейдтік тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде уәкілетті органға тізімді, міндетті түрде тізімді қоса отырып, тексеруге жататын объектілерді көрсету арқылы тексеру тағайындау туралы акті ұсынылып, сонымен бірге тексеру объектілерінің тізімі және тексеруге жататын объектілердің тізіміндегі бірінші объектіге ақпараттық есепке алу құжаты тексеріледі.
Тексеруге жататын объектілердің тізімі екі данада ұсынылады. Тізімде тіркеу туралы мөртабан қойылады. Тізімнің көшірмесі уәкілетті органда қалдырылады. Тізім тексеруге жататын объектілердің атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтерді қамтуы керек. Тізімді өзгертуге жол берілмейді.
Рейдтік тексеру аяқталғаннан кейін уәкілетті органға үш жұмыс күнінің ішінде актіні тіркеу кезінде ұсынылған рейдтік тексеру объектілерінің тізіміне сәйкес әрбір тексерілген объектіге ақпараттық есепке алу құжаттары мен талон-қосымшалар тапсырылады.
26. Тексеру мерзімдерін ұзарту, тоқтату немесе жаңарту туралы, сондай-ақ тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамы өзгерген жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органда тіркелетін тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау күнінен кешіктірмей уәкілетті органға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлама жібереді.
Сонымен қатар хабарламада уәкілетті органның журналы бойынша негізгі актінің тіркелген нөмірі мен күні, тексерілетін объектінің толық атауы, орналасқан жері, СТН, ЖИН немесе БИН (болған жағдайда), ұзартудың нақты мерзімі, оның тоқтатылған күні, қайта жаңартылған күні не тексеруге қатысатын тұлғалар құрамының өзгергені көрсетіледі.
Мерзімдерді ұзарту, тоқтату, қайта жаңарту, тексеруге қатысушы тұлғалар құрамының өзгеруі бір негізге сүйенген болуы және оған мемлекеттік орган басшысының қолы қойылуы қажет. Қосымша акт уәкілетті органда негізгі актінің нөмірмен тіркеледі, ал тіркеу күні нақты, яғни құжаттың келіп түскен күні қойылады.
Журналда хабарламаның ұсынылған күнін көрсету арқылы тиісті белгі қойылады.
Уәкілетті орган тұрақты негізде тексерулерді ұзарту, тоқтату және қайта жаңарту мерзімдерінің сақталуын есепке алып, оған бақылау жүргізеді, ол тоқсан сайын мемлекеттік органдардың деректерімен салыстыру жүргізеді. Аталған іс-қимылдар аяқталған соң салыстыру актісі жасалады және үйлеспеушілік анықталған жағдайда мемлекеттік органдар уәкілетті органға олардың пайда болу себептері мен оларды жою бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша түсініктемелер беруге міндетті.
27. Уәкілетті органда тіркелген тексеру (соның ішінде рейдтік) жүргізілмеген жағдайда мемлекеттік орган тексеру жүргізбеудің себептерін көрсету арқылы хабарлама жасайды. Хабарлама үш жұмыс күнінің ішінде тексеру тағайындау актісінде көрсетілген тексерудің нақты аяқталған күніне дейін мемлекеттік органның 15-деректемені толтыруы арқылы әрбір тексерілмеген объект бойынша есепке алу карточкасына мәліметтер енгізу үшін уәкілетті органға беріледі. Бұл мәліметтердің негізінде уәкілетті орган Журналдың 13-бағанына мәліметтер енгізеді.
28. Тексеруге қатысатын мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғалардың аты-жөнін көрсету арқылы тексеруге бастамашы болған орган бірлескен тексеру тағайындау туралы актіні тіркейді. Осы орган уәкілетті органға ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсырады.
29. Мемлекеттік органдар есепке алу объектілерінің қызметіне жүргізілген тексерулер бойынша және уәкілетті органда тексеру тағайындау туралы тіркелген актілер бойынша тоқсанына бір реттен кем емес салыстырулар жүргізеді:
Салыстыру уәкілетті органның басшысымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі (егер басқасы ведомстволық құқықтық актілермен қаралмаса). Алда болатын салыстырудың кестесі уәкілетті органның басшысымен бекітіліп, барлық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жіберіледі. Салыстырудың уақытылы жүргізілуін бақылау мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі;
Салыстыру актісінде мынадай мәселелер бейнеленуге жатады:
1) уақытылы салыстыру жүргізу;
2) тіркеуден бас тартылған тексерулердің саны;
3) тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны;
4) тексерудің түрлеріне қарай болу арқылы тіркелген актілер бойынша жүргізілген тексерулердің саны;
5) тексеру мерзімдерін ұзарту, тоқтату және қайта жаңарту туралы хабарламаны уақытылы ұсыну;
6) талон-қосымшаны есепке алу үшін уақытылы ұсыну;
7) тексеруді есептен шығару туралы хабарламаны уақытылы ұсыну;
8) көрсетілген деректемелерге сәйкес Журналға енгізілген мәліметтерді есепке алудың толықтығы.
Салыстыру актісіне салыстыру жүргізген, олардағы мәліметтердің айқындылығына дербес жауап беретін уәкілетті және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қол қояды және ол мемлекеттік органдардың басшыларымен бекітіледі;
Салыстыру актісі екі данада құрылады, оның бір данасы уәкілетті органда қалдырылып, екіншісі тексеру жүргізген мемлекеттік органның қызметкеріне тапсырылады.
30. Мемлекеттік органда салыстыру немесе тексеру жүргізу кезінде тексеру тағайындау туралы тіркелмеген актілер немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз жүргізілген тексерулер анықталған жағдайда мемлекеттік орган анықталған тіркелмеген тексерулерге арналған ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыруға және оларды алдын-ала өз журналында белгілеп, анықтаған кезден бастап үш жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынады.
4. Ақпараттық есепке алу құжаттарына талон-қосымшалардың және
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу Журналының негізінде ақпараттық есепке алу құжатын толтыру және тексеруге бақылау жүргізу тәртібі
31. Есепке алу карточкасының деректемелерін тексеруді жүзеге асыратын тұлға баспа әріптерімен, қысқартусыз толтыруы тиіс.
Есепке алу карточкасының оң жағында орналасқан сандық ақпараттық көрсеткіштерде уәкілетті органмен берілген кодтық белгілеудің нөмірі көрсетіледі.
1) 1-тармақта ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды көрсету арқылы орталық мемлекеттік органның атауы бейнеленеді;
2) 2-тармақта тексеру тағайындаған мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;
3-тармақта мынадай кодтаулар арқылы тексеру жүргізген органның деңгейлік мәртебесі көрсетіледі: 1-республикалық; 2-облыстық; 3-қалалық; 4-аудандық;
4-тармақта тексерілетін объектінің атауы мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, оның орналасқан жері көрсетіледі;
5) 5-тармақта мынадай кодтаулар арқылы тексерудің түрі көрсетіледі: 1 - жоспарлы; 2 - жоспардан тыс, соның ішінде: 1 - тапсырмалар, сұранымдар бойынша, 2 - заң бұзушылықтардың тікелей анықталған белгілері бойынша, 3 - азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер төнген және апат жағдайлары туындағанда, 4 - бұрынғы тексерулердің нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау, 5 - ұсынылған ақпараттың айқындылығын қайта тексеру, 6 - өтініштер бойынша, 7 - қарсы, 8 - бірлескен, 9 - рейдтік, 10 - бақылау.
Бір мезгілде бірнеше түрі бойынша тексерулер жүргізілген жағдайда, көрсетілген деректемеде тексерулердің тиісті кодтары белгіленеді. Сонымен қатар аталған деректемеде коды бірінші көрсетілген тексеру есепке алуға жатады.
6) 6-тармақта тексерудің нысаны, яғни міндетті түрде талап етілуі тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтау көрсетіледі;
7) 7-тармақта тексеру объектілері қызметтерінің түрлері көрсетіледі;
8-тармақта мынадай кодтаулар арқылы тексерілетін объектінің қызмет саласына жататындығы бейнеленеді: 1 - жеке тұлға; 2 - соның ішінде шағын бизнес субъектісі; 3 - заңды тұлға; 4 - соның ішінде мемлекеттік органдар; ал 9-тармақта оның СТН, 10 - ЖИН немесе БИН (болған жағдайда);
11-тармақта мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні көрсетіледі;
10) 12-тармақта тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) Тегі, Аты, Әкесінің аты (бұдан әрі - аты-жөні), лауазымы және қолы көрсетіледі;
11) 13-тармақта тексеру жүргізудің мерзімі көрсетіледі;
12) 14-тармақта тексеру мерзімі көрсетіледі;
13) 15-тармақта мынадай кодтау жолымен есептен шығарылған жүргізілмеген тексеру көрсетіледі: 1 иә;
14) 16-тармаққа тексеру мерзімінің ұзартылған күні енгізіледі.
15) 17-тармаққа тексерудің тоқтатылған күні енгізіледі;
16) 18-тармаққа тексерудің қайта қозғалған күні енгізіледі;
17) 19-тармақта тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартылған жағдайда деректеменің тиісті тармақшасының асты сызылады;
18) 20-тармаққа тексерусіз не есептік кезеңде тағайындалғандардың қатарынан шығарылған актісіз жүргізілген анықталған заңсыз тексеру туралы мәліметтер енгізіледі: 1 - прокуратура органдары; 2 - құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары немесе 3 - бірлескен.
19) 21-тармақта прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары немесе бірлесіп анықтаған тіркеусіз тексерулердің жалпы санынан тексеру тағайындау туралы актілерді шығарусыз мемлекеттік органдар жүргізген заңсыз тексерулер туралы деректер бейнеленеді.
20) 22-тармақта прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен немесе бірлесіп анықтаған тіркелмеген тексерулердің жалпы санынан өткен жылдарда тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеусіз немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер бейнеленеді;
21) 23, 24, 25 және 26-тармақтар есепке алу карточкасының келіп түскен күнін, Журнал бойынша реттік нөмірін, есепке алу карточкасын қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі мен лауазымын және басқа да белгілерді қосады.
Рейдтік тексерулерді тіркеу кезінде қоса берілген тізімге сәйкес тіркеу нөмірлері тізімде және есепке алу карточкасында көрсетілген бірінші объектіге тексеру аяқталған соң есепке алу карточкасы мен талон-қосымшаны ұсынғаннан кейін негізгі (мысалы, 41), ал қалғандары таяқша арқылы келесі кезегімен (41/1, 41/2, 41/3 және т.б.) беріледі.
32. Есепке алу карточкасы уәкілетті органның Журналында тіркелген кезден бастап есепке алынды деп саналады.
33. Тексерудің нәтижелері бойынша тексеруді жүзеге асырған тұлға толтыратын талон - қосымша баспа әріптерімен, қысқартусыз толтырылады және тексеру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға тапсырылады.
1) талонның 1-тармағында орталық мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;
2) 2-тармақта тексеру тағайындаған мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;
3) 3-тармақта мынадай кодтаулар арқылы тексеру жүргізген органның деңгейлік мәртебесі көрсетіледі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
4) 4-тармақта тексерілетін объектінің атауы, оның орналасқан жері, СТН, ЖИН немесе БИН (болған жағдайда) көрсетіледі;
5) 5-тармақта мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні көрсетіледі;
6) 6-тармақта уәкілетті органның Журналы бойынша күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі;
7) 7 және 8-тармақтарда тексерудің басталу және аяқталу күні көрсетіледі;
8) 9-тармақта тексерілген объектінің қызметінен мемлекеттік органның анықтаған бұзушылықтары көрсетіледі;
9) 10-тармақта кімдердің құқықтары қорғалғаны көрсетіледі;
10) 11-тармақта мемлекеттік органмен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің баптары бойынша кімге қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалғандығы көрсетіледі;
11) 12-тармақта тексеру материалдарын жіберу туралы мәліметтер көрсетіледі;
12) 13-тармақта жүргізілген тексерудің нәтижелері көрсетіледі: қызмет тоқтатылды - 1, тыйым салынды - 2;
13) 14-тармақта тексерудің аяқталуына дейін оның кіммен қысқартылғаны көрсетіледі: мемлекеттік органмен - 1, сотпен - 2, прокурормен - 3;
14) 15-тармақта тексеру жүргізген тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты-жөні (бұдан әрі - аты-жөні), лауазымы, қойған қолы, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі;
15) 16-тармақта уәкілетті органға талон-қосымшаның келіп түскен күні көрсетіледі;
16) 17-тармақта талон-қосымшаны қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің аты-жөні, лауазымы, қойған қолы көрсетіледі.
34. Талон-қосымшаны ұсыну тексеруді есепке алу үшін аяқталған ретінде негіз болып табылады.
35. Ақпараттық есепке алу құжаттары құқықтық статистикалық ақпарат болып табылады, оларға енгізілген мәліметтердің айқындылығына, толықтығына, объективтілігі мен жеткіліктілігіне мемлекеттік органның басшысы мен осы құжаттарды толтырған тұлға жауапты болады.
36. Тексеру тағайындау туралы актіні, есепке алу карточкасын және талон-қосымшаны тіркеу олар туралы мәліметтерді Журналға енгізу арқылы жүзеге асырылады.
37. Журнал бірыңғай үлгідегі құжат болып табылады, оны уәкілетті орган және есепке алу субъектілері жүргізеді.
38. Журналдың парақтары нөмірленуі, тігілуі және мөрмен бекітілуі қажет. Жазулар толық, нақты, ұқыпты жазылады, түзетулер мен тазартуларға жол жоқ. Қате жазулар ескертіліп, жауапты тұлғаның қойған қолымен бекітіледі.
1) Журналдың 1-бағанында ақпараттық есепке алу құжаттарының реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу, есепке алу карточкасын арнау, мемлекеттік органға қайтарылатын актіде қойылуға тиіс тіркеу нөмірін беру күні мен уақыты, сондай-ақ құжаттарды өткізген мемлекеттік орган қызметкерінің қойған қолы көрсетіледі.
Журналда рейдтік тексерулерді есепке алу кезінде қоса берілген тізімге сәйкес тіркеу нөмірлері тізімде және есепке алу карточкасында көрсетілген бірінші объектіге тексеру аяқталған соң есепке алу карточкасы мен талон-қосымшаны ұсынғаннан кейін негізгі (мысалы, 41), ал қалғандары таяқша арқылы келесі кезегімен (41/1, 41/2 және т.б.) беріледі;
3) 3-бағанда мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні көрсетіледі;
4) 4-бағанда мемлекеттік органның атауы, тексеру тағайындаған тұлғаның аты-жөні және лауазымы көрсетіледі;
5) 5-бағанда тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні және лауазымы көрсетіледі;
6) 6-бағанда жеке немесе заңды тұлғаның, тексеру объектісінің соның ішінде рейдтік тексеру бойынша тізімнен алынған объектілердің атауы (дүкеннің, дәріхананың және т.б.), оның орналасқан жері мен СТН, ЖИН немесе БИН (болған жағдайда) көрсетіледі;
7) 7-бағанда тексеру объектісі жүзеге асыратын қызметтің түрі бейнеленеді;
8) 8-бағанда тексерудің түрлері бейнеленеді;
9) 9-бағанда тексеру жүргізудің негіздері көрсетіледі;
10) 10-бағанда тексеру жүргізудің мерзімі көрсетіледі;
11) 11-бағанда тексеру мерзімін ұзарту немесе тоқтату, тексеруді қайта жаңарту және хабарламаның келіп түскен күні туралы белгі қойылады;
12) 12-бағанда уәкілетті органға талон-қосымшаны тапсыру күні және талон-қосымшаны өткізген мемлекеттік орган қызметкерінің қойған қолы туралы мәліметтер бейнеленеді;
13) 13-бағанда жүргізілмеген тексерулердің негіздері бейнеленеді: 1-индекстің астында есептен шығарылған жүргізілмеген тексерулер және тіркелген тексеруді жүргізбеу негіздері жатады, 2-индекстің астында тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актілер бейнеленеді.
39. Журналды тиісті түрде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, оны мемлекеттік органдарда толтыру жауапты қызметкерге жүктелуі тиіс.
Журналды жүргізу мен сақтау талаптарының сақталуын бақылау мемлекеттік органның басшысына жүктеледі.
40. Ақпараттық есепке алу құжаттарын, оларға қоса талон - қосымшаларды және журналдарды бланкілерімен қамтамасыз ету мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Уәкілетті органдар үшін мөртабандармен, журналдар бланкілерімен және тұжырымдамамен қамтамасыз ету осы органдарға жүктеледі.
5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" есептерді ұсынудың тәртібі мен мерзімдері
41. Тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және бақылау субъектілері тексеру тағайындау туралы бірыңғай мемлекеттік актілер банкін, ақпараттық есепке алу құжаттарын және талон-қосымшаларды қалыптастыруға міндетті.
42. Осы Нұсқаулықтың 31 және 33-тармақтарында көрсетілген ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде аумақтық уәкілетті органдармен Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 1-П нысанды статистикалық есептілік (бұдан әрі - 1-П нысанды есеп) құрылады. Аймақ бойынша және әрбір мемлекеттік орган бойынша 1-П нысанды жинақталған есептерге аумақтық уәкілетті органның бірінші басшысымен немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғамен қол қойылады.
1-П нысанды есеп тоқсан сайын үдемелі қортындымен құрылады және уәкілетті органның орталық аппаратына тапсырылады.
1-П нысанды есептің толықтығына, объективтілігіне, айқындылығына, жеткіліктілігі мен уақытында тапсырылуына есептің қалыптасу кезінде уәкілетті органның басшылары не оның міндеттерін атқарушы тұлға жауапты болады.
43. Аумақтық уәкілетті органнан келіп түскен 1-П нысанды есеп деректерінің негізінде уәкілетті органның орталық аппараты тұтастай республика бойынша жинақталған есепті құрады және әрбір мемлекеттік орган бойынша тұтастай республикалық жалпы есепті қалыптастырады.
44. 1-П нысанды есеп үдемелі қорытындымен бірыңғай нысан бойынша құрылады, онда жолдар мен бағандардың мәліметтері барлық мемлекеттік органдар бойынша ұқсас болады.
1) 1-жолда есептік кезеңнің аяғына талон-қосымшалары келіп түспеген аяқталмаған тексерулердің қалдығы көрсетіледі;
2) 2-жолда тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің жалпы санын бейнелейді;
3) 3-жолда тексеруге жататын объектілердің саны бейнеленеді (қойылған ақпараттық есепке алу құжаттары бойынша);
4) 4-жол (талон-қосымшасы бар болғанда) аяқталған тексерулердің санын бейнелейді;
5) 5-жол тексерудің түріне байланыссыз есептік кезеңде екі реттен артық тексеруге ұшыраған тексерілген объектілердің санын бейнелейді;
6) 6-жол есептік кезеңде әр түрлі себептерге байланысты жүргізілмеген тағайындалған тексерулердің санын бейнелейді;
7) 7-жол есептік кезеңде тағайындалғандардың қатарынан тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз немесе шығарусыз жүргізілген, анықталған заңсыз тексерулердің жалпы санын бейнелейді, солардың ішінен прокуратура органдарымен анықталғандар 8-жолда, уәкілетті органдармен 9-жолда, бірлесіп анықталғандар 10-жолда бейнеленеді;
8) 11-жол тіркелмеген тексерулерінің жалпы санынан тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз мемлекеттік органдармен жүргізілген заңсыз тексерулер жөніндегі мәліметтерді бейнелейді (7-жолдан алынған).
Солардың ішінен прокуратура органдарымен анықталғандары 12-жолда, уәкілетті органдармен - 13-жолда, бірлесіп анықталғандары 14-жолда бейнеленеді;
9) 15-жол өткен жылдарда тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз немесе шығарусыз заңсыз жүргізілген тексерулердің саны бейнеленеді, солардың ішінен прокуратура органдарымен анықталғандары 16-жолда, уәкілетті органмен 17-жолда, бірлесіп анықталғандары 18-жолда бейнеленеді;
10) 19-жол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің баптары бойынша мемлекеттік органдармен қозғалған әкімшілік іс жүргізулердің санын бейнелейді, 20-жолда жеке тұлғаға, 21-жолда заңды тұлғаға, соның ішінде 22-жолда мемлекеттік органға қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізулердің саны бейнеленеді.
11) 23-жол тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актілердің жалпы санын бейнелейді.
Осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсеткіштердің саны 24-36-жолдарда бейнеленеді;
12) 1-19-бағандардың көрсеткіштері тексерудің түріне және ақпараттық есепке алу құжаттарында қойылған кодтауға байланысты есепке алу карточкасы 5-тармағының мәліметтерінен құрылады.
45. Аумақтық уәкілетті орган тоқсан сайын 1-П нысанды есепті уәкілетті органның орталық аппаратына есептік кезеңнен кейінгі айдың 7 күніне тапсырады.
46. 1-П нысанды есептің уәкілетті органның орталық аппаратына электрондық поштамен келіп түскен күні тапсыру күні деп саналады.
47. Орталық аппарат республика бойынша 1-П нысанды жинақталған есепті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне тапсырады.
48. Түпнұсқалар мен электрондық поштамен келіп түскен мәліметтердің арасында айырмашылықтар болған жағдайда электрондық поштамен келіп түскен есептердің мәліметтері негізге алынады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2007 жылғы
14 қарашадағы N 46 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік
тіркеу, статистикалық есепке алу және
оларға бақылау жүргізу жөніндегі
Нұсқаулыққа 1-қосымша
ҚР мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді
мемлекеттік тіркеудің, есепке алудың және бақылаудың есепке
алу карточкасы
1.__________________________________________ |
1./_/_/_/_/_/_/_/_/ 2./_/_/_/_/_/_/_/_/ 3./_/_/_/_/_/_/_/_/ |
4. Тексерілетін объектінің атауы мен 15. Жүргізілмеген тексеру есептен шығарылған: 1-иә |
4./_/_/_/_/_/_/_/_/ 5./_/_/_/_/_/_/_/_/ 6./_/_/_/_/_/_/_/_/ 7./_/_/_/_/_/_/_/_/ 8./_/_/_/_/_/_/_/_/ 9./_/_/_/_/_/_/_/_/ 10./_/_/_/_/ 11./_/_/_/_/_/_/_/_/ 13./_/_/_/_/_/_/_/_/ |
Уәкілетті орган қызметкерімен 16. Тексеру 200__ж "__"_____дейін ұзартылды. |
16./_/_/_/_/_/_/_/_/_/ 17./_/_/_/_/_/_/_/_/_/ 18./_/_/_/_/_/_/_/_/_/ 19./_/_/ 20./_/_/ 21./_/_/ 22./_/_/ 23./_/_/ 24./_/_/_/_/_/_/_/_/_/ 25./_/_/ |
Ескерту : толтырылғаннан кейін карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. Карточканың сақталу мерзімі 2 жыл.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2007 жылғы
14 қарашадағы N 46 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік
тіркеу, статистикалық есепке алу және
оларға бақылау жүргізу жөніндегі
Нұсқаулыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді, есепке
алу карточкаларын және оларға берілген талон-қосымшаларды
тіркеу Журналы
т.т.N N |
Тексеру тағайындау |
Мемлекеттік |
Мемлекеттік органның атауы, |
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Тексеруді жүзеге |
Тексерудегі |
Қызмет- |
Тек- |
Тексе- |
Тек- |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Мерзімді ұзарту |
Есепке алу |
Тексеру жүргізілмеді |
|
1-жүргі- |
2-тіркеуден бас тартыл- |
||
11 |
12 |
13 |
|
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы»14 қарашадағы
N 46 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік
тіркеу, статистикалық есепке алу
және оларға бақылау жүргізу
жөніндегі Нұсқаулыққа 3-қосымша
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Тексеру тағайындау туралы акт Уәкілетті орган қызметкерінің қойған қолы____________ |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы»14 қарашадағы
N 46 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік
тіркеу, статистикалық есепке алу
және оларға бақылау жүргізу
жөніндегі Нұсқаулыққа 4-қосымша
Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас
тарту туралы тұжырымдама
____________________________________________________________________
(тексерілетін объектінің атауы)
тексеру объектісіне_________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
ұсынған тексеру тағайындау туралы 200__ жылғы "___"_________________
N_______________ актісін (бұйрық, ұйғарым, қаулы, тапсырма, жолдама және т.б.) қарап, жоғарыда көрсетілген тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден төмендегідей негіздер бойынша Нұсқаулықтың 22-тармағы _____тармақшаларының негізінде бас тартылсын: _________
______________________________________________________________
(бас тарту негізі, заңға сілтеме)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы,
_________________________________
аты-жөні, қойған қолы)
_________________________________
(күні, айы, жылы)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы»14 қарашадағы
N 46 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік
тіркеу, статистикалық есепке алу
және оларға бақылау жүргізу
жөніндегі Нұсқаулыққа 5-қосымша
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден негіз: Нұсқаулықтың 22-тармағының ___ тармақшалары Уәкілетті орган қызметкерінің қойған қолы____________ |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы»14 қарашадағы
N 46 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік
тіркеу, статистикалық есепке алу
және оларға бақылау жүргізу
жөніндегі Нұсқаулыққа 6-қосымша
ҚР мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді
мемлекеттік тіркеудің, есепке алудың және оларға бақылау
жүргізудің есепке алу карточкасына талон-қосымша
1._________________________________________ |
1./_/_/_/ 2./_/_/_/_/ 3./_/ |
4. Тексерілетін объектінің атауы:__________ Уәкілетті органның қызметкерімен |
5./_/_/_/_/_/_күні айы жылы 6./_/_/_/_/_/_күні айы жылы 7./_/_/_/_/_/_күні айы жылы 9./_/_/ 10./_/_/_/ 11./_/_/_/_/ 12./_/_/_/_/_/_/ 13./_/_/_/ 14./_/_/_/_/ 16./_/_/_/_/_/күні айы жылы |
Ескерту : толтырылғаннан кейін карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. Карточканың сақталу мерзімі 2 жыл.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2007 жылғы»14 қарашадағы
N 46 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүзеге
асыратын тексерулерді мемлекеттік
тіркеу, статистикалық есепке алу
және оларға бақылау жүргізу
жөніндегі Нұсқаулыққа 7-қосымша
"ҚР мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді
тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы"
1-П нысанды есеп
Барлығы |
жеке |
заңды тұлға- |
|||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
|
Есептік кезеңнің аяғындағы |
1 |
||||
Тексеру тағайындау туралы |
2 |
||||
Тексеруге жататын объектілер- |
3 |
||||
Аяқталған тексерулердің саны |
4 |
||||
Есептік кезеңде 2 реттен артық |
5 |
||||
Тағайындалып әр түрлі себептермен жүргізілмеген |
6 |
||||
Есептік кезеңде тағайындалған- |
7 |
||||
солардың |
прокуратура органдарымен |
8 |
|||
Уәкілетті |
9 |
||||
бірлесіп |
10 |
||||
Мемлекеттік органдармен актіні |
11 |
||||
солардың |
прокуратура органдарымен |
12 |
|||
Уәкілетті |
13 |
||||
бірлесіп |
14 |
||||
Үстіміздегі жылы анықталған, өткен жылдары тексеру тағайын- |
15 |
||||
солардың |
прокуратура органдарымен |
16 |
|||
Уәкілетті органмен |
17 |
||||
бірлесіп |
18 |
||||
ҚР ӘҚБтК баптары бойынша мыналарға қатысты мемлекеттік |
19 |
||||
солардың ішінде |
жеке тұлға |
20 |
|||
заңды тұлға |
21 |
||||
Мемлекеттік органға (21-жолдан) |
22 |
||||
Тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актілердің саны |
23 |
||||
солардың |
Нұсқаулықтың 22 т. 1 т. бойынша |
24 |
|||
Нұсқаулықтың 22 т. 2 т. бойынша |
25 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 3 т. бойынша |
26 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 4 т. бойынша |
27 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 5 т. бойынша |
28 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 6 т. бойынша |
29 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 7 т. бойынша |
30 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 8 т. бойынша |
31 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 9 т. бойынша |
32 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 10 т. бойынша |
33 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 11 т. бойынша |
34 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 12 т. бойынша |
35 |
||||
Нұсқаулықтың 22 т. 13 т. бойынша |
36 |
кестенің жалғасы
Соның ішінде 3-бағаннан |
солардың ішінен |
Жоспарлы |
|
мемлекеттік |
мемлекеттік |
||
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
6-бағаннан |
Жоспар- |
10-бағаннан |
||
Бір- |
Рейд- |
|||
Тапсырмалар, |
Заң бұзушы- |
|||
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
кестенің жалғасы
өті- |
Бір- |
қарсы |
Рейд- |
|||
Азаматтардың |
Алдыңғы тексеру- |
Ұсынылған ақпарат- |
||||
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |