"Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 20 қарашадағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4473 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 46 Бұйрығымен

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2007.11.14. N 46  бұйрығымен (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, тергеу және анықтау органдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4, 4-1-тармақтарын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы  N 69 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықта:
      5-тармақта:
      3) тармақшада "қолданылмайды" деген сөзден кейін "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын; 

      мынадай редакциядағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) қылмыстық ізге түсу органдарында тергеу және анықтау, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында".

      2. Бұйрықты басшылыққа алуға және орындау үшін Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға, Бас прокуратураның жанындағы С.Есқараев атындағы Институтқа, Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетіне жолдансын.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды қолданылады. 

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады