Ғылыми курортология орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытынды беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5017 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 206 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2014 № 206 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 1-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми курортология орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытынды беру ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А. Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.

       Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы 31 қазандағы  
N 632 бұйрығымен бекітілген

Ғылыми курортология орталықтарының табиғи минералды
суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық
қорытынды беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми курортология орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытынды беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының табиғи минералды суларын пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытынды беруді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      3. Осы Ереже жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

      4. Осы Ережеде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар.
      1) тапсырысшы - осы Ереже белгіленген тәртіппен табиғи минералды суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытынды алуға тапсырыс беруші, оны қаржыландыруды жүзеге асырушы, сондай-ақ қажетті құжаттаманы беруші жеке және/немесе заңды тұлғалар;
      2) орындаушы - медициналық бальнеологиялық қорытынды беруді жүзеге асыратын ұйым;
      3) бальнеологиялық (медициналық) қорытынды - бұл табиғи емдік ресурстардың құрамы мен қасиеттерін медициналық-биологиялық, органолептикалық, микробиологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық арнайы зерттеулердің негізінде, емдеу, медициналық оңалту және аурулардың алдын алу мақсатында оларды пайдалану мүмкіндігі туралы жасалатын қорытынды.

  2. Медициналық бальнеологиялық қорытынды
берудің тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының табиғи минералды суларын пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытынды жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша органолептикалық, микробиологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштерді санитарлық-эпидемиологиялық сараптау нәтижесінде, сондай-ақ судың физиологиялық құндылығын және/немесе емдік қасиеттерін медициналық-биологиялық бағалаудың нәтижесі бойынша берілген оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының негізінде беріледі.
      Табиғи минералды суларды медициналық-биологиялық бағалау мамандандырылған ғылыми және емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық базаларында орындалған клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижесінде беріледі.

      6. Табиғи минералды суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ұйым (бұдан әрі - Орындаушы) жүзеге асырады.

      7. Медициналық бальнеологиялық қорытынды алу үшін тапсырысшы орындаушыға мынадай құжаттарды жібереді:
      1) минералды суды пайдаланудың негізгі мақсаты көрсетілген өтініш;
      2) ұңғыманың гидрогеологиялық паспорты;
      3) тапсырысшының және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының уәкілетті өкілдері куәландырған химиялық талдауға арналған су сынамалары мен сынамаларды іріктеу актісі;
      4) аккредиттелген, аттестатталған гидрохимиялық зертхана орындаған бағалау кезеңіне толық химиялық талдаудың нәтижесі; барлық бақыланатын көрсеткіштер бойынша толық химиялық талдау кемінде жылына бір рет орындалуы тиіс;
      5) аккредиттелген гидрохимиялық немесе өндірістік зертхана орындаған қысқартылған толық химиялық талдаудың нәтижесі; қысқартылған химиялық талдауды жүргізу мерзімділігі Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізуге жасалған келісім-шартқа жұмыс бағдарламасымен белгіленеді;
      6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары берген өнімдердің қауіпсіздігі бойынша органолептикалық, микробиологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиациялық және бальнеологиялық көрсеткіштерді санитарлық-эпидемиологиялық сараптау нәтижесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды. Емдік минералды суларға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3608 тіркелген "Ыдыстарға құйылған ауызсуды, минералды табиғи және жасанды минерализацияланған суларды өндіруге, сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 147 бұйрығымен айқындалады және регламенттеледі;
      7) клиникалық базаның басшысы, жауапты орындаушы қол қойған және мекеменің мөрімен расталған табиғи минералды суларды медициналық-биологиялық бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыс туралы есеп;
      8) қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес бекітілген табиғи минералды сулар орналасқан жерлерді пайдаланудың технологиялық схемасы;
      9) ұйымның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін табиғи минералды суға арналған стандарты;
      10) өнімнің сәйкестік сертификатының көшірмесі;
      11) табиғи минералды сулар орналасқан жердегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізу келісім-шартының көшірмесі;
      12) егер тапсырысшы негізгі жер қойнауын пайдаланушы болмаса, суды қайта пайдалану шарты;
      13) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті орган берген кен орындарын санитарлық қорғау аймағының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі туралы қорытынды.

      8. Тапсырысшы медициналық бальнеологиялық қорытындының алдын ала деректерімен танысуы мүмкін, қажетіне қарай табиғи минералды сулар орналасқан жерлер мен судың сапасы мен қасиеттері туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

      9. Орындаушы медициналық бальнеологиялық қорытындыны беру үшін барлық қажетті ақпаратты алады, сондай-ақ:
      1) тапсырма талаптары мен өткізу мерзімдеріне сәйкес оған берілген сараптау объектілерін зерделейді және бағалайды;
      2) құжаттар мен үлгілерді қарау нәтижелері бойынша талаптарға сәйкестік туралы, медициналық бальнеологиялық қорытынды беру бас тарту немесе пысықтауға қайтару туралы шешім шығарады.

      10. Орындаушы берген медициналық бальнеологиялық қорытындыны тіркеу осы Ережеге қосымшаға сәйкес медициналық бальнеологиялық қорытындыларды тіркеу журналында жүргізіледі.

      11. Медициналық бальнеологиялық қорытындының қолданылу мерзімі ыдыстарға құйылған минералды табиғи ауызсуға берілген күнінен бастап 3 жылдан және сауықтыру ұйымдарында (сауықтыру орындары, санаторийлер, курорттар) пайдаланылатын ауызсу мен бальнеологиялық табиғи минералды суға 5 жылдан аспауға тиіс.
      Медициналық бальнеологиялық қорытындының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін және тапсырысшының қызметі жалғасқан жағдайда тапсырысшы осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды бере отырып, осындай қорытынды алуға өтініш беруге тиіс.

      12. Табиғи минералды суларды пайдалануға медициналық бальнеологиялық қорытындыны беру және ұзарту үшін орындаушының құжаттарды қарау мерзімі құжаттар келіп түскен күннен бастап бір айдан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайларда ол кем дегенде үш айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      13. Осы Ережеге 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық жинағының берілмеуі оларды пысықтауға қайтару үшін негіз болып табылады.

      14. Медициналық бальнеологиялық қорытындыны беру мерзімін қайта қарау кезінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын уақыт белгіленеді.

      15. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін төлемақы Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Медициналық бальнеологиялық қорытындыны беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) минералды сулардың, заттар мен материалдардың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған заттар мен материалдарды пайдалану;
      2) өтініш берушінің расталмаған мәліметтерді ұсынуы;
      3) өтініш берушінің минералды сулардың қауіпсіздігін анықтау және медициналық-биологиялық бағалау үшін қажетті сынақтарды өткізуден бас тартуы;
      4) табиғи минералды суларды санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың нәтижесі бойынша теріс санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны ұсыну;
      5) табиғи минералды суларға және оларды дайындау шарттарына қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленбегенде, табиғи минералды суларда және қоршаған ортада қауіпті факторларды анықтау мен өлшеу әдістемелері болмағанда;
      6) минералды суларды өндіру, қолдану (пайдалану) кезінде олардың адам денсаулығына зиянды әсер етуінің алдын алу жөніндегі тиімді шаралар болмағанда немесе бұл шаралар қамтамасыз етілмегенде.

      17. Орындаушы шешім қабылдағаннан кейін тапсырысшыға жазбаша түрде оң немесе теріс медициналық бальнеологиялық қорытынды беруден бас тартуы немесе пысықтауға қайтаруы туралы хабарлайды.

      18. Медициналық бальнеологиялық қорытынды беруден бас тарту туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануға болады.

      19. Медициналық бальнеологиялық қорытындының қолданылуы мынадай жағдайларда 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатылуы мүмкін:
      1) табиғи минералды сулардың теріс және/немесе кері әсерлері, оларды өндіру немесе қолдану кезінде бұрын белгісіз болған қауіпті қасиеттері туралы қосымша мәліметтер алынғанда;
      2) өтініш беруші халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғанда.

                                 Ғылыми курортология орталықтарының
                                табиғи минералды суларды пайдалануға
                                   бальнеологиялық қорытынды беру
                                           ережесіне қосымша

      Бальнеологиялық қорытындыларды тіркеу журналы

р/с
N

Ресми
бланктің N

күні

Кімге
берілді

Мекен
жайы

Қорытынды-
ның мазмұны

Тапсырысшыға
берілген күні

1

2

3

4

5

6

7








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады