"Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 қарашадағы N 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5028 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.12.18 № 464 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3772 болып тіркелген, Заң газетінде 2005 жылғы 7 қазанда N 185-186 (919-920) жарияланған), "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 105 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4613 болып тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 22 маусымда N 94 (1297) жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесінде:

      8-тармақтың 1) тармақшасында "аралық тұрғын үй қарызын" деген сөздерден кейін ", алдын ала тұрғын үй қарызын" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

      17-тармақтың 1) тармақшасы және 6) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады