Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3772. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.12.18 № 464 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі А.Ә.Әріпхановқа жүктелсін.

      4. "Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 439  бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2648 нөмірлі болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 17 қаңтарда N 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2005 жылғы 19 шілденің  
N 274 бұйрығымен     
бекітілген        

Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар
бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын (бұдан әрі - мемлекет сыйлығы) төлеу тәртібі мен шартын реттейді.

  2-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар
бойынша сыйлық төлеу шарттары

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген, он сегіз жасқа толмаған азаматтарының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша мемлекет сыйлығын төлеу тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшының әрбір тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша бірнеше шоттарды ашуға құқығы бар. Бұл ретте, салымшының өтініші бойынша мемлекет сыйлығы бір тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі бір шотқа ғана есептеледі.

      3. Мемлекет сыйлығын төлеу:
      1) шарттық соманы төлеген кезде;
      2) салымшы салымды бес жылдан астам жинақтаған кезде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде жүзеге асырылады.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 cәуірдегі N 105 (қолданысқа енгізілу мерзімін 4-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен .

      4. Жинақтау мерзімі өткен кезде және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшы жинақ ақшаның ең төменгі қажетті сомасын жинақтамаған жағдайда, ол тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің оған сыйақы есептелген салымды, сондай-ақ салымды бес жылдан артық жинаған кезде мемлекет сыйлығын алуға не мемлекет сыйлығы есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде жинақтауды жалғастыруға құқығы бар.
      Мемлекет сыйлығы тұрғын үй қарызын алуға өтініш берген сәтке дейін есептеледі.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 cәуірдегі  N 105 (қолданысқа енгізілу мерзімін   4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      5. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы бір шарт бойынша шарттық соманы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы бірнеше шарттарға бөлген кезде мемлекет сыйлығы бөлінген салымдарға бара-бар бөлінеді.

      6. Жыл сайынғы мемлекет сыйлығының мөлшері көтермеленетін салым сомасының жиырма пайызын құрайды. Мемлекет сыйлығымен көтермеленетін салым тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынған салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қамтиды.

      7. Мемлекет сыйлығымен көтермеленетін жинақталған ақша сомасы екі жүз есе айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
      Егер мемлекет сыйлығымен көтермеленетін жинақталған ақша сомасы мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, онда көтермеленбей қалған жинақталған ақша сомасын келесі жылы сыйлық есептеу кезінде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі ескереді.
      Ағымдағы жылы мемлекет сыйлығы өткен жылдарға көтермеленген салым сомасына есептелмейді.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 cәуірдегі  N 105 (қолданысқа енгізілу мерзімін   4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      8. Мемлекет сыйлығы:
      1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы немесе тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын және (немесе) тұрғын үй қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, алдын ала тұрғын үй қарызын алу құқығына кепіл туралы шарт бойынша салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жазбаша рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғаға құқығын берген;
      2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы қайтыс болған немесе еңбек ету қабілетін толық жоғалтқан;
      3) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда және мемлекет сыйлығы төленетін сәтте алты ай бойы үзіліссіз жұмыссыз болған;
      4) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшысының Заңның   8-бабының 2-тармағы талаптарын ол орындағанына қарамастан, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын алудан бас тартқан, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайларда төленуі тиіс және бюджетке қайтаруға жатпайды, ол мемлекет сыйлығын ақша бес жыл жинақталғаннан кейін алу құқығына ие болады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2007.11.22.  N 410 (қолданысқа енгізілу мерзімін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен .

  3-тарау. Мемлекет сыйлығын төлеу көзі

      9. Мемлекет сыйлығын төлеуге қажетті ақша тұрғын үй құрылысы жинақ банкі ұсынған салымдар бойынша мемлекет сыйлығын есептеудің болжамды есебінің негізінде жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді.

  4-тарау. Мемлекет сыйлығын аудару және оларды тұрғын
үй құрылысы жинақ ақшасына салымдарға есептеу мерзімі

      10. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жыл сайын есепті жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың бюджеттік өтінімін енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мемлекет сыйлығын есептеудің болжамды есебін ұсынады.

      11. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қаржы жылының қорытындысы бойынша келесі жылдың 10 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне салымға тиесілі мемлекет сыйлығының түпкілікті есебін ұсынады. Салым бойынша тиесілі мемлекет сыйлығы сомасының түпкілікті есебіне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын есепті жылы жүйелі түрде (қаржы жылының ішінде үш және бірнеше рет ретті түрде) бұзған салымшы енгізілмейді.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 cәуірдегі  N 105 (қолданысқа енгізілу мерзімін   4-тармақтан қараңыз), 2007.11.22.  N 410 (қолданысқа енгізілу мерзімін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен мемлекет сыйлығы сомасының түпкілікті есебін алғаннан кейін есептіден кейінгі жылдың 10 ақпанына дейін тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің корреспонденттік шотына мемлекет сыйлығының жалпы сомасын аударады.

      13. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен жалпы соманы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мен оның салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жасалған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттар бойынша осы Ережеде көзделген тәртіппен мемлекет сыйлығын есептейді.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.11.20 № 584 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  5-тарау. Мемлекет сыйлығы есебінің және
оны капиталдандырудың тәртібі

      14. Мемлекет сыйлығы осы Ереженің 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мөлшерде есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледі.

      15. Мемлекет сыйлығымен көтермеленетін есептіден кейінгі жылы мемлекет сыйлығы төленетін есепті жылдың салым сомасының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
      Ажс = Ж - Өжс-Ес, мұнда
      Ажс - мемлекет сыйлығымен көтермеленетін есепті жыл салымының сомасы;
      Ж - есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған қаражат сомасы;
      Өжс - мемлекет сыйлығымен көтермеленген өткен жылдардағы салым сомасы;
      Ес - өткен жылдарда есептелген мемлекет сыйлығының сомасы.

      16. Мемлекет сыйлығының сомасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскеннен кейін осы Ережеде белгіленген тәртіппен тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымның негізгі сомасын ұлғайтуға жіберіледі, яғни жинақ шоттарына іс жүзінде есептеу сәтінде капиталданады.

  6-тарау. Мемлекет сыйлығын бюджетке қайтару

      17. Мемлекет сыйлығы:
      1)  Алынып тасталды
      2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшысының тұрғын үй қарызын мақсатсыз пайдалану;
      3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Заңды және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттарды бұза отырып, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымшысына мемлекет сыйлығын төлеуді жүзеге асыру. Мұндай жағдайда, тұрғын үй құрылысы жинақ банкі бұза отырып, төлеген мемлекет сыйлығының сомасы (сомасының бөлігі) қайтаруға жатады;
      4) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде бес жылдан кем емес салымдарды жинақтау мерзімі кезінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттарды тараптар мерзімінен бұрын бұзу;
      5) тұрғын үй құрылысы жинақ ақша салымшысының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаға беру;
      6) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бірнеше тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша екі және одан артық шоттар бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының бір салымшысына мемлекет сыйлығын төлеуді қолға түсіру жағдайларында, бюджетке қайтаруға жатады. Бұл ретте, өткен жылдарға есептелген мемлекет сыйлығы салымшының таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымшылардың біріне есептелген сыйлықты қоспағанда, бюджетке қайтаруға жатады.
      Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекет сыйлығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жазбаша өкімі негізінде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жүзеге асырады.
      Егер әртүрлі қаржы жылы мемлекет сыйлығы Заңның  3-бабының 3-тармағына сәйкес оның таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшының әртүрлі шоттарына есептелсе, мемлекет сыйлығын қайтару жүзеге асырылмайды.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 3 cәуірдегі  N 105 (қолданысқа енгізілу мерзімін   4-тармақтан қараңыз), 2007.11.22.  N 410 (қолданысқа енгізілу мерзімін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

        18. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі осы Ереженің 17-тармағында көзделген жағдайларда, салымшыдан мемлекет сыйлығы сомасын қайтарған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық бюджетке мемлекет сыйлығын аударады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады