"Қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 316-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 349-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5085 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 164-ө Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012.05.21 № 164-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4998 болып тіркелген "Қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанын бекіту туралы" Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы  N 316-ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 316-ө бұйрығымен бекітілген қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанында "Жалпымемлекеттік статистикалық есеп беру" және "ОКУД коды" жолдары алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады