Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2007 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 23-9қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 31 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 458 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 23-76қ қаулысымен

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
      1) аз қамтылғандар;
      2) 21 жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар;
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар.
      2."Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс берушілер:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
      2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын Департаментке толық көлемде ақпарат берсін;
      3) Департаментке бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
      4) Департамент берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Департамент оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
      4. "2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және олардың  жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы  N 23-6-28қ  қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 432 болып тіркелген, 2006 жылғы 2 наурыздағы N 29 "Астана хабары" және 2006 жылғы 4 наурыздағы N 33-34 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Астана қаласының Әділет департаменті" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      Әкiм

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының  басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      "Астана қаласының Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
      департаментi" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады