2006 жылы халықтың»нысаналы топтарын анықтау және оларды»жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 23-6-28қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 432 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 23-9қ қаулысымен

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - Астана қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы   N 23-9қ   қаулысымен.
___________________________________________

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын:
      1) аз қамтылғандар;
      2) 21 жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар-үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының»заңнамаларында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар;
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар.

      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсiби даярлауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың»жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс берушiлер:
      1) халықтың»нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсiн;
      2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсiптерi, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде бiр ай бұрын Департаментке толық көлемде ақпарат берсiн;
      3) Департаментке бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы мәлiмет жiберсiн;
      4) Департамент берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (департамент оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарласын.

      4. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 3-1-1941қ "2005 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы"  қаулысының  (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 30 желтоқсанда N 369 болып тiркелген, 2005 жылғы 22 қаңтардағы N 10-11 "Астана хабары" және 2005 жылғы 18 қаңтардағы N 7 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсiн.

       Әкiм

       Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      "Астана қаласының Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар департаментi"
      мемлекеттiк мекемесiнің
      директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады