Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, халықтың пікірі ескеріле отырып, және қалалық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 20 шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Атаулары берілсін:
N 1 көшеге - Тәуелсіздік;
N 2 көшеге - Достық;
N 12 көшеге - Сарайшық;
N 19а көшеге - Алматы;
N 33 көшеге - Ақмешiт;
N 34 көшеге - Түркiстан;
N 35 көшеге - Орынбор;
N 78 көшеге - Сауран;
N 19 магистральға - Сығанақ.
2. Астана қаласы "Алматы" ауданының әкiмi, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешiмдi iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және 2007 жылғы 27 ақпаннан туындаған қатынастарға қолданылады.
Астана қаласының әкімі
Астана қаласы маслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы маслихатының
хатшысы