"Тұрғын емес үй мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру мәселелері" туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 наурыздағы N№А-4/87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/17 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 12 ақпанда N 3212 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»2001 жылдың 23 қаңтардағы  Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру мәселелері" туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 наурыздағы N А-4/87 қаулысына (әділет департаментінде 2005 жылы 20 сәуірде N 3120 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінің 2005 жылғы 21 маусымдағы N№72 санында жарияланған) "Тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру мәселелері" туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 наурыздағы 
N А-4/87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен (әділет департаментінде 2006 жылы 1 ақпанда N 3176 болып тіркелген, "Акмолинская правда"» 2006 жылғы 28 ақпандағы N№23, "Арқа Ажары" 2006 жылғы 25 мамырдағы N 57 газеттерінің сандарында жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырылып келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тұрғын үй емес мемлекеттік қорлардың жалдау төлем ақысының ставкасын есептейтін және қолданылатын коеффиценттерді анықтайтын Нұсқаулықта:
      3-тармақ мынадай жаңа редакцияда берілсін:
      3. С-1 шаршы метр үшін жалдау ақысының базалық ставкасы бір жылға былай анықталады.

п/п

С-ның көрсеткішін анықтау

өлшем бірлігі


1

2007 жылдағы 1 ш.м. ауданның түгендеу бағасының орташа көрсеткіші (мүлікке салықты есептеу үшін пайдаланылатын)
(жылжымайтын мүлік бойынша Орталықтың көрсеткіштері бойынша)

теңге

18000

2

Тұрғын үй емес жайдың амортизациясының орташа нормасы.

%

7,0


Коэффициент


0,07

3

Бір жылдағы 1 ш.м.ауданның орташа амортизациялық есептеу (п1хп2  18000х0,07)

теңге

1260

4

Өткен жылғы нәтижелер бойынша жайды жалға берудің орташа ұзақтығы.

%

60


(2007 ж 01.01.репортажы бойынша)

коэффициент

0,60

5

1 ш.м. жайдың түгендеу бағасының қалдығы п1х(1-п4)=18000х(1-0,6))

теңге

7200

6

2007 жылға арналған қайта қаржыландырудың ставкасы.

%

9

7

Қайта қаржыландырылған ставкаға сәйкес жалдау ақысының сомасы (п5хп6=7200х0,09)

теңге

648

8

1 ш.м. жалдау ақысының бір жылдағы базалық ставкасы 
(C =п3+п7=1260+648)

теңге

1908

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімінің м.а.                                      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады