Целиноград ауданының Малиновка ауылы мен Малиновка ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N а-5/144 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 27 сәуірдегі N ЗС-26-3 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 22 мамырда N 3222 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және 1-тармақта «селосы», «селосының», «селолық» сөздері «ауылы», «ауылының», «ауылдық» деген сөздерімен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.05.2015 № А-5/221 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 22.05.2015 № 5С-37-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Целиноград ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 76 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 249/38-3 шешімі және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 26 сәуірдегі шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Малиновка ауылының атауы Ақмол ауылына, Малиновка ауылдық округінің атауы Ақмол ауылдық округіне өзгертілсін.
      2. Шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы шешім облыстық газеттерде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады