Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Щучье ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N а-4/181 қаулысы мен Щучье аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі N С-38/2 "Елді мекендерді есепті деректерден шығару туралы" шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар жақын елді мекендер құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
1) Абылайхан ауылдық округі бойынша:
Ақылбай ауылының құрамына енгізіліп, Баянбай ауылы;
Жаңа Қарабауыр ауылының құрамына енгізіліп, Ескі Қарабауыр ауылы;
Озерное ауылының құрамына енгізіліп, Жанқара ауылы.
2) Веденовка ауылдық округі бойынша:
Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Крупское ауылы.
3) Зеленобор ауылдық округі бойынша:
Зеленый Бор ауылының құрамына енгізіліп, Подхоз ауылы.
4) Наурызбай ауылдық округі бойынша:
Наурызбай Батыр ауылының құрамына енгізіліп, Айғабақ ауылы;
Наурызбай Батыр ауылының құрамына енгізіліп, Бидайық ауылы.
5) Успеноюрьевка ауылдық округі бойынша:
Успеноюрьевка ауылының құрамына енгізіліп, Ковалевка ауылы.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі