Шалқар ауданының жекелеген елді мекендерін ауыл санатына жатқызу туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 395 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 29 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 26 желтоқсанда № 3232 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Шалқар ауданы өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округінің N 59 темір жол бекетіндегі елді мекен ауыл санатына жатқызылсын және Қарабұлақ ауылы болып аталсын.
      2. Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің N 60 темір жол бекетіндегі елді мекен ауыл санатына жатқызылсын және Қорғанжар ауылы болып аталсын.
      3. Шалқар аудан әкiмі (Р.М.Сыдықов) осы бірлескен қаулы және шешімнен туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
      4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) жоғарыда көрсетілген елдi мекендерді есептi деректерге енгізсін.
      5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
      6. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкiмi
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады