Байғанин ауданының жекелеген елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 397 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 31 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 26 желтоқсанда № 3235 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Байғанин ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Халқының саны 50 адамнан кем Байғанин ауданының Жаңажол ауылдық округінің Нұржау ауылы, Жарқамыс ауылдық округінің Қалдайбек ауылы таратылсын.
      2. Байғанин ауданының әкімі таратылған ауылдардың жерлерін одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдасын.
      3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерді есептi деректерден шығарсын.
      4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
      5. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкiмi
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады