Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының 2009.07.17 № 01-4-13/9372 хатымен
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18 , 19 , 20 , 21 , 23 , 44 баптарына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 , 37 баптарының негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы шақыру кезеңінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2007 жылғы 2 сәуірден 29 маусымға және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау Департаменті директоры - (Қ.Қ.Сабыр - келісімі бойынша) Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қарамағына:
1) шақырушыларды медициналық куәландыру жүргізу үшін маман дәрігерлерді, медбикелерді және маман дәрігерлердің резервтік құрамын бөлсін;
2) 2007 жылғы 1 сәуірге және 1 қазанға дейінгі мерзімде Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына диспансерлік есепте, тұрған, адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.025у) жеткізсін;
3) қажет болса Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жолдамасы бойынша шақырылушыларды қосымша медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін, ол үшін бекітіліп берілген емдеу-профилактикалық ұйымдарда төсек-орынның қажетті санын бөлсін;
4) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырушылар туралы мәлімет үш күннің ішінде Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарлансын.
3. Ақтөбе қаласы Әділет Басқармасының бастығына (О.С.Дәулембаевқа - келісімі бойынша):
әскери құжаттарында әскерге шақырушылардың әскери есепке алынғаны және әскери есептен шығарылғаны туралы белгілері болған жағдайда тұрғылықты жайларына тіркеу мен шығаруды іске асырсын.
4. Қалалық ішкі істер бөлімі бастығы (М.А.Өсербаев - келісімі бойынша):
1) шақыру кезінде шақыру қосынында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізсін;
3) жеті күндік мерзім ішінде Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын;
5. Мемлекеттік орган және меншік түріне қарамастан ұйым басшылары әскерге шақырылушыларды іс сапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру қосынына дер кезінде келуін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Селолық округтер әкімдері Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының келісімі бойынша оларға шақыру қосынына шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
7. Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімінің бастығы (Омутных Е.В.) Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбиелік, әлеуметтік және психологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығы (С.Ш.Шоқановпен - келісімі бойынша) бірлесіп шақырушылар арасында тәрбие жұмыстары бойынша шаралар өткізсін.
8. Шақыруды жүргізу кезінде шақыру учаскесіне жұмыс істеуге жолданған шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталсын.
9. Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы (Т.К.Бөлтеев - келісімі бойынша) қала әкіміне 2007 жылдың 5 шілдесіне және 2008 жылдың 5 қаңтарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Көшербаевқа және Ақтөбе қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Т.К.Бөлтеевке жүктелсін.
Қала әкімі