Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясының 2007 жылғы 17 шілдедегі "Ақтөбе қаласы көтерме сауда азық-түлік базары" және "Кар сити" жабық базарының бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" әділет басқармасында 2007 жылғы 2 тамызда N 3-1-76 санымен тіркелген N 363 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының 2007 жылғы 30 қазандағы N 18 шешімі. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 14 қарашада N 3-1-79 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 169 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 шешімімен
___________________________

      Қазақстан Республикасы Кодексінің "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 369 бабының 2 тармағына, 372 бабына және 373 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес және салық салу базаларын ұлғайту, болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясының 2007 жылғы 17 шілдедегі "Ақтөбе қаласы көтерме сауда азық - түлік базары" және "Кар сити" жабық базарының бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" әділет басқармасында 2007 жылғы 2 тамызда N 3-1-76 санымен тіркелген N 363 шешімінің N 1 және N 2 қосымшаларына осы шешімнің қосымшаларына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы бойынша салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Әлиқызы Арыспаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Мәслихат хатшысы

Ақтөбе қалалық мәслихатының
2007 жылғы 30 қазандағы
кезектен тыс екінші сессиясының
N 18 шешіміне N 1 қосымша

      Қызмет түріне байланысты біржолғы талондар құнының
                            мөлшері
        (Ақтөбе қаласы көтерме сауда азық-түлік базары)

N/N

Қызмет түрлері

Біржолғы талондар құны (теңге)

Мезгіл

1

Тауарларды алаңы 42 шаршы метрге дейінгі қойма боксынан сату

Тауарларды алаңы 42 шаршы метрден асатын қойма боксынан сату

250

300

1 күнге

1 күнге

2

Тауарларды алаңы 38 шаршы метрге дейінгі қойма бөлігінен (аңғар типті) сату

Тауарларды алаңы 38 шаршы метрден асатын қойма бөлігінен (аңғар типті) сату

230

280

1 күнге

1 күнге

3

Тауарларды көлемі 20 т. дейін контейнерден сату

Тауарларды көлемі 20 т. жоғары контейнерден сату

250

350

1 күнге

1 күнге

4

Тауарларды автомашинадан сату

400

1 күнге

Ақтөбе қалалық мәслихатының
2007 жылғы 30 қазандағы
кезектен тыс екінші сессиясының
N 18 шешіміне N 2 қосымша

      Қызмет түріне байланысты біржолғы талондар құнының
                          мөлшері
                 ("Кар сити" жабық базары)

N/N

Қызмет түрлері

Біржолғы талондар құны (теңге)

Мезгіл

1

Тауарларды сауда бутигінен сату

200

1 күнге

2

Авто көліктерді базар аумағында сату (1 бірлігі үшін)

150

1 күнге

      Ескерту: N 2 қосымшаның 2 тармағында 1 авто көлікті сатқаны үшін біржолғы талондар құны 1 күнге 150 теңге, басқа саны - есептеу арқылы анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады