"Ақтөбе қаласы көтерме сауда азық-түлік базары" және "Кар сити" жабық базарының бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 363 шешімі. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 2 тамызда N 3-1-76 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 169 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 шешімімен
_____________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптары негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес, салық салу базаларын ұлғайту және болжамдық көрсеткіштердің орындау мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің N 1 және N 2 қосымшаларына сәйкес "Ақтөбе қаласы көтерме сауда азық - түлік базары" және "Кар сити" жабық базарының бір жолғы талондар құны белгіленсін.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Ж.М. Нұржановқа жүктелсін.

      3. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Мәслихат хатшысы     

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезектен тыс қырқыншы сессиясының
2007 жылғы 17 шілдедегі
N 363 шешіміне N 1 қосымша <*>

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының 2007 жылғы 30 қазандағы N 18 шешімімен.

      Қызмет түріне байланысты біржолғы талондар құнының мөлшері
(Ақтөбе қаласы көтерме сауда азық-түлік базары)

N/N

Қызмет түрлері

Біржолғ ы талондар құны (теңге)

Мезгіл

1

Тауарларды алаңы 42 шаршы метрге дейінгі қойма боксынан сату

Тауарларды алаңы 42 шаршы метрден асатын қойма боксынан сату

250

300

1 күнге

1 күнге

2

Тауарларды алаңы 38 шаршы метрге дейінгі қойма бөлігінен (аңғар типті) сату

Тауарларды алаңы 38 шаршы метрден асатын қойма бөлігінен (аңғар типті) сату

230

280

1 күнге

1 күнге

3

Тауарларды көлемі 20 т. дейін контейнерден сату

Тауарларды көлемі 20 т. жоғары контейнерден сату

250

350

1 күнге

1 күнге

4

Тауарларды автомашинадан сату

400

1 күнге

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезектен тыс қырқыншы сессиясының
2007 жылғы 17 шілдедегі
N 363 шешіміне N 2 қосымша <*>

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының 2007 жылғы 30 қазандағы N 18 шешімімен.

Қызмет түріне байланысты біржолғы талондар құнының мөлшері
("Кар сити" жабық базары)

N/N

Қызмет түрлері

Біржолғ ы талондар құны (теңге)

Мезгіл

1

Тауарларды сауда бутигінен сату

200

1 күнге

2

Авто көліктерді базар аумағында сату (1 бірлігі үшін)

150

1 күнге

      Ескерту: N 2 қосымшаның 2 тармағында 1 авто көлікті сатқаны үшін біржолғы талондар құны 1 күнге 150 теңге, басқа саны - есептеу арқылы анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады