Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 37-276 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 66 қаулысы. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 8 мамырда N 1983 тіркелген

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Төмендегі ауылдық округтер мен ауылдардың атауы:
      1) Ескелді ауданындағы Целинный ауылдық округі және Целинное ауылының атауы Ақын Сара ауылдық округі және Ақын Сара ауылы;
      2) Ескелді ауданындағы Малогоровка ауылы атауы Бөктерлі ауылы;
      3) Ескелді ауданындағы Қызыл Октябрь ауылының атауы Өрқұсақ ауылы;
      4) Жамбыл ауданындағы Фабричный ауылдық округінің және Фабричный ауылының атауы Қарғалы ауылдық округі және Қарғалы ауылы;
      5) Жамбыл ауданындағы Қарасу ауылының атауы Сарыбай би ауылы;
      6) Қаратал ауданындағы Бірінші Май ауылдық округінің атауы Айту би ауылдық округі және Бірінші Май ауылының атауы Көкпекті ауылы;
      7) Қаратал ауданындағы Елтай ауылының атауы Қаражиде ауылы;
      8) Қаратал ауданындағы Достижение ауылының атауы Көкдала ауылы;
      9) Ұйғыр ауданындағы Бөдеті ауылының атауы Кепебұлақ ауылы болып өзгертілсін.
       2. Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Ұйғыр аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
       3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
       4. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
       5. Осы шешім мен қаулы алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық
      мәслихаты сессиясының төрағасы

      Алматы облысының әкімі

      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады