Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 20.08.2014 N 35-211 шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 373-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы N 601 "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 1435 нормативтік кұқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2004 жылғы 20 қаңтардағы "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің 8 нөмерінде жарияланған, Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы "Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы" N 3-15 шешіміне, енгізілген өзгерістермен 2006 жылдың 5 маусымдағы N 1964 нормативтік кұқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі "Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-15 "Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 27-195 шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:
1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
Алматы облыстық мәслихатының
2007 жылғы 27 сәуірдегі
"Алматы облыстық мәслихатының
2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-15
"Арнайы салық режимі бойынша
төлемдер ставкасын бекіту туралы"
шешіміне өзгерістер енгізу
туралы" N 38-290 шешіміне
қосымша
"Алматы облыстық мәслихатының
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
"Арнайы салық режимі бойынша
төлемдер ставкасын бекіту
туралы" N 3-15 шешіміне
1 қосымша
Қызметті бір күн ішінде жүзеге асыру үшін дүркін-дүркіндік сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша біржолғы талондар ставкасының құны
(теңгемен)
рс N |
Кәсіпкерлік қызмет түрлері |
Біржолғы талонның күндік |
||
1 топ |
2 топ |
3 топ |
||
1 |
Өткізу (тұрақты орынжайларда жүзеге асырылған қызметті |
|||
1) Газеттер мен журналдарды өткізу |
80 |
50 |
30 |
|
2) Тұқымдарды, сондай-ақ отырғызу материалдарын (ағаш көшеттері, көкеніс көшеттері) өткізу |
120 |
80 |
50 |
|
3) Бақша дақылдарын өткізу |
200 |
150 |
100 |
|
4) Саяжай мен үй жанындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді өткізу |
110 |
100 |
60 |
|
5) Қосалқы ауыл шаруашылық (омарташылық), бағбандық, бақшалық және саяжайлық учаскелерден алынған өнімдерді өткізу |
||||
қосалқы ауыл шаруашылық |
120 |
90 |
60 |
|
саяжай учаскелерінен |
90 |
70 |
50 |
|
6) Жануарлар мен құстарға арналған дайын жем-шөпті өткізу |
70 |
60 |
50 |
|
7) Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балықтарды өткізу |
70 |
60 |
50 |
|
2 |
Жер учаскелерін өңдейтін жеке тракторлардың (комбайндар, пішен шабатын машина) иелері көрсететін қызметтер |
220 |
220 |
220 |
3 |
Жеке жеңіл автокөлік иелері көрсететін жолаушылар |
|||
қалааралық |
300 |
250 |
200 |
|
аудандық |
150 |
120 |
80 |
|
қала ішінде |
200 |
150 |
100 |
|
4 |
Үй жануарларын бағу қызметі үшін |
|||
ірі қара мал (бір отар үшін) |
100 |
80 |
60 |
|
қойлар, ешкілер (бір отар үшін) |
40 |
30 |
25 |
Ескерту: Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша жылға арналған салықтардың белгіленген сомасының құнын дұрыс анықтау мақсатында, жекелеген аудандардың экономикалық дамуы мен жергілікті жағдайларды ескере отырып, аудан халықтарының ірі қалалар мен автомагистральдардан және сауда орындарынан шалғайда орналасуын ескере отырып, облыстың аудандары мен қалаларды 3 топқа бөлінді:
1 топ: Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Талдықорған қаласы;
2 топ: Жамбыл, Панфилов аудандары және Қапшағай қаласы;
3 топ: Ақсу, Алакөл, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Райымбек, Сарқан, Ескелді, Ұйғұр аудандары және Текелі қаласы.