Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007.11.20 N 226 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15 бабындағы 11 тармаққа және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті төрағасының 2004 жылдың 13 желтоқсандағы N 268 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі Ережесінің" 2 бөліміндегі 4 тармақтың 10 тармақшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшыларына жеке тұлғалардың орман қоры аумағында болуына тыйым салып, Алматы облысының мемлекеттік орман қорында орманды пайдалануға, әсіресе Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендердің бойында ормандағы өрт қауіпсіздігінің жоғары кезеңде 2007 жылдың 15 қыркүйегіне дейін берілген құқығын тоқтата тұрсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі