Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 268 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3369. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 25-2-02/71 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.02.17 № 25-2-02/71 (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексі 63-бабына және "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.
     2. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
     3. "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетінің 1996 жылғы 13 шілдедегі бұйрығы (нөмірсіз) күшін жойды деп есептелсін (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 197-нөмірмен тіркелген).
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға

     Келісілді:
     Қазақстан Республикасының
     Төтенше жағдайлар жөніндегі
     Бірінші Вице-Министрі
     2004 жыл 15 желтоқсан

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігі  
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының      
2004 жылғы 13 желтоқсандағы   
N 268 бұйрығымен        
БЕКІТІЛДІ           

Қазақстан Республикасының ормандарындағы
өрт қауіпсіздігі
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігінің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларға - орман иеленушілер мен орман пайдаланушыларға олардың ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөнінде қойылатын талаптарды айқындайды. Ереже сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде байқау және жою, мемлекеттік орман қорының аумағында жұмыс істейтін және жүрген барлық адамдардың осы Ереженің талаптарын орындауын қамтамасыз етуі жөніндегі шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі
мәселелерін басқару

     2. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық органдары, сондай-ақ Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелер ормандардағы өрт қауіпсіздігін басқару органдары болып табылады.

     3. Кодекстің 13-бабына сәйкес уәкілетті орган, оның аумақтық органдары орман өрттерінің шығуының алдын алу және олармен күресу мақсатында:
     1) ормандарды өрттерден күзету, қорғау мәселелері бойынша бағдарламаларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
     2) өзінің қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды өрттерден күзетуді, қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
     3) мемлекеттік орман қорының аумағы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйіне, оларды өрттерден күзетуге, қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
     4) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органымен бірлесіп орман пайдаланушылардың орман пайдалану кезінде әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды.

     4. Кодекстің 15-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар:
     1) уәкілетті органмен келісім бойынша ормандарды өрттерден күзету, қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
     2) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында ормандарды өрттерден күзетуді, қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
     3) мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) әзірлейді және іске асырады;
     4) орман өрттерін сөндіруге жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өртке қарсы техникасын, көлік және басқа да құралдарын тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылатын адамдарды қозғалыс, өрт сөндіру құралдарымен, ас-сумен және медициналық жәрдеммен қамтамасыз етеді;
     5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық өрт сөндірушілер бірлестіктерінің жұмыс істеуіне көмек көрсетеді;
     6) мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттерді сөндіру үшін өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағар май материалдарының қорын жасайды;
     7) шаруа қожалықтарының және өзге ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына жапсарлас ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылымдар мен шабындықтарда аңыздық, орақтан кейінгі және өзге де өсімдік қалдықтарын жағуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
     8) өртке қарсы насихат шараларын, ормандарды сақтау туралы мәселелердің бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде көрініс тауып тұруын, осы ереженің орындалуын ұйымдастырады;
     9) орман өрттерімен күрес жөніндегі жұмысты, қажет болған жағдайларда осы мақсат үшін арнайы комиссиялар құруды үйлестіреді;
     10) орманда жоғары өрт қауіпі бар кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдайды.

     5. Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
     Орман мекемелерінің мемлекеттік орман күзеті, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік инспекторлары мемлекеттік орман қоры жерлерінде, сондай-ақ орман өрттерінің шығуының тікелей қатері төнген жағдайда оларға жапсарлас аумақтарда орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде байқау және сөндіру жөнінде жұмыстар жүргізеді.

     6. Заңға сәйкес ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың объектілерінде, елді мекендерде, демалыс аймақтарында, санаторийлерде, пансионаттарда және ормандарға жақын немесе тікелей сонда орналасқан адамдар жаппай болып тұратын басқа объектілерде мемлекеттік өрт қадағалауды және орман өрттерін жоюға күш пен құралдар тартуды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

     7. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өртке қарсы қызметтер құрылып, олардың құрамында өрт сөндіру-химиялық станциялар жасақталады.
     Орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде, сондай-ақ жекеше орман учаскелерінде өрт сөндіру бекеттері құрылуы мүмкін.
     Өрт сөндіру-химиялық станцияларын, өрт сөндіру бекеттерін құру мен олардың жұмыс істеуін, сондай-ақ оларды жарақтандыру нормаларын орман мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшылары Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып айқындайды.

     8. Мемлекеттік орман мекемелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және орман пайдаланушылардың қызметкерлері (жұмысшылары, қызметшілері) орман өрттерімен күресуге арналған резервтік күштер болып табылады.

     9. Ормандардың баруға қиын және өртке неғұрлым ұрымтал бағалы учаскелерін қарауылдау үшін, сондай-ақ өрт сөндіру үшін мамандандырылған кәсіпорындардың немесе ормандарды күзету және мемлекеттік орман қорын қорғау жөнінде авиациялық жұмыстар орындайтын мекемелердің күштері мен құралдары тартылады.

     10. Ірі орман өрттерін сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын бекітіп отыратын іс-шаралар жоспарларына сәйкес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың өртке қарсы техникасы, көлік және басқа құралдары тартылады.

     11. Орман қорын өрттерден күзетуге, олардың алдын алуға және сөндіруге қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктері қатысады.

     12. Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер, орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын жасайды, бекітеді және оларды іске асырады.

3. Мемлекеттік орман мекемелеріне мемлекеттік
орман қорын өрттерден қорғау жөнінде қойылатын
негізгі талаптар

     13. Кодекстің 26-бабына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындайды және орман өрттерінің алдын алу (профилактикасы) жөнінде мына шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:
     1) мемлекеттік орман қоры аумағын өртке қарсы және санитарлық тұрғыдан жабдықтауды қамтамасыз етеді, осы Ереженің бұзылуының алдын алады, оны дер кезінде байқайды және жолын кеседі, мемлекеттік орман қорының аумағында шығатын орман өрттерін сөндіру жөнінде қажетті шаралар қолданады;
     2) мемлекеттік орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын жасауы кезінде оларға көмек көрсетеді;
     3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіппен орман өрттерін және олардың зардаптарын тіркеп отырады.

4. Орман пайдалануды жүзеге асыру
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

     14. Өрт қауіпі бар маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында:
     1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға тыйым салынады. Басқа жерлерде от жағуға ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақтармен белгіленген алаңдарда рұқсат етіледі. Қажет болмай қалған кезде от топырақпен мұқият көміледі немесе оған бықсып жануын толық тоқтатқанша су құйылады;
     2) жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге;
     3) аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;
     4) жанар-жағар май заттары сіңген сүрту материалын осы үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;
     5) іштен жанатын двигательдер жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанар май құюға, двигателінің май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады.

     15. Орман алаңқайларында, ашық жерлерде, шабындықтарда, жайылымдарда шөптерді, бұталарды және мемлекеттік орман қоры жерлерінде және орман қорына, сондай-ақ қорғаныштық және көгалдандыру екпелеріне тікелей жапсарлас учаскелерде аңыздықты өртеуге тыйым салынады.

     16. Ағаш дайындаушылар, жеке және заңды тұлғалар:
     1) орманда жолдар, газ-мұнай құбырларын, электр, байланыс, радио желілерін және басқа да коммуникациялар салу кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелерінің иелері орман пайдалануға берілген рұқсат құжаттарында белгілейтін тәртіппен және мерзімде қалып қалған сүректі және тез жанатын өзге де материалдарды жинап алуға;
     2) орманда жұмыс істеу кезінде жанар-жағармай материалдарын стандартты жабық ыдыстарда сақтауға, олар сақталатын орынды радиусы 5 метр аралықта өсіп тұрған өсімдіктерден, сүрек және тез жанатын басқа да қалдықтардан тазартуға, ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақтармен қоршауға;
     3) жұмыс кезінде жарылғыш заттарды қолданған жағдайда жару жұмыстарын жүргізу орыны мен уақыты жайында мемлекеттік орман қоры учаскелерінің иелерін алдын-ала хабардар етуі, ауа райы жағдайларына байланысты өрт қауіптілігінің IV-V сыныптары кезінде жару жұмыстарын тоқтатуға;
     4) жұмыс орындарында және объектілер орналасқан жерлерде немесе мәдени-сауықтыру және басқа да шаралар өткізілетін аймақтарда, орман пайдалануға берілген шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген нормалар бойынша өртке қарсы жабдықтары мен орман өрттерін сөндіруге арналған құралдары болуы, осы аталған жабдықтар мен құралдарды өрт шыға қалған жағдайда дереу пайдалануға толық дайындық жағдайында ұстауы қажет.
     Өртке қарсы жабдықтармен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары бекітілмеген жеке және заңды тұлғалар жұмыс орындары мен объектілер орналасқан жерлерде тізбесі мен саны мемлекеттік орман иеленушімен келісіп алынатын бастапқы өрт сөндіру құралдарына (су құйылған күбілер, құм толтырылған жәшіктер, өрт сөндіргіштер, балталар, күректер, сыпыртқылар және басқалар) ие болуы қажет;
     5) орманда жұмыс істейтін бөлімшелерде, сондай-ақ орманда орналасқан кенттерде өрт қаупі бар маусымға шыққан өрттерді сөндіру кезінде пайдалану үшін жұмысшылардан, қызметшілерден және басқа да азаматтардан дайындықтан өткен қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерін құруы қажет.

     17. Орманды тұрмыстық қалдықтармен және тастандылармен ластауға, орманға қоқыс пен құрылыс қалдықтарын төгуге болмайды.

     18. Орманға жақын жерлерде қоқысты жағу белгіленген тәртіппен арнайы бөлінген учаскелерде ғана мына шарттарды сақтаған жағдайда жүргізілуі мүмкін:
     1) жағатын орындар (шұңқырлар немесе алаңдар) қылқан жапырақты орман шетінен немесе жеке өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштар мен талдардан кемінде 50 метр, жапырақты орман шетінен және жеке өсіп тұрған жапырақты ағаштардан кемінде 25 метр қашықтықта бөлінуге тиіс;
     2) қоқыс жағатын орынның айналасы 15-20 метр радиуста қурап қалған ағаштардан, шөпшектерден, кесілген ағаш қалдықтарынан, тез тұтанатын басқа да материалдардан тазартылуға және ені кемінде 3 метр, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты орманға жақын маңдағы учаскелерде - кемінде 5 метр минералдандырылған жолақпен белгіленуі тиіс;
     3) өрт қауіпі бар маусымда қоқыс жағу ормандағы өрт қауіптілігінің I-II сыныптары жағдайында ормандарда желсіз тынық немесе жауын-шашынды ауа райында арнайы бөлінген адамдардың қадағалауымен жүргізіледі. Қуаңшылық кезеңдерде қоқыс жағуға болмайды.

     19. Мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыс жүргізетін немесе объектілері бар жеке тұлғалар, ұйымдардың басшылары өрт қауіпі бар маусым басталар алдында, ал мәдени-бұқаралық және басқа да шаралардың өткізілуіне жауапты тұлғалар - дем алушылар орманға келер немесе кетер алдында осы Ережені сақтау, орман өрттерінің шығуын ескерту жайында, сондай-ақ оларды сөндіру тәсілдері жайында жұмысшылармен, қызметшілермен немесе мәдени-бұқаралық және басқа да шаралардың қатысушыларымен нұсқаулық жүргізуі қажет.

     20. Ағаш кесу шараларын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар (ағаш дайындаушылар) ағаш кесудің тәсілі мен уақытына қарамастан ағаш дайындаумен бір мезгілде ағаш кесілген жерді кесілген ағаш қалдықтарынан тазартады.
     Тазарту тәсілдерін мемлекеттік орман иеленуші ағаш кесу билетінде көрсетеді.
     Ағаш кесілген жерлерді тазарту кезінде ағаш дайындаушылар мына талаптарды орындайды:
     1) қыс кезінде сүрек дайындалған және кеспеағаш тазартылған жағдайда кеспеағашты көктемде тазарту жұмыстарын толық аяқтайды;
     2) кесілген ағаш қалдықтарын шіріп кетуі немесе жағу үшін үйіп немесе жал сияқты қалап қояды, немесе оларды ұнтақталған күйінде орман шетінен кемінде 10 метр қашықтықта кеспеағаш ішіне шашып тастайды;
     3) қыста дайындаудан қалған кесілген ағаш қалдықтарын өрт қауіпі бар маусым басталғанға дейін жағып жібереді. Жазда ағаш дайындаудан қалған және ағаш кесілген жерлерді тазартуды көктемде толық аяқтау кезінде жиналып қалған кесілген ағаш қалдықтары өрт қауіпі бар кезең аяқталғаннан кейін күзде жағылады.
     Кесілген ағаш қалдықтарын жағу кезінде кеспеағаштағы тұқымдылардың, өскіндердің және кесілмеген басқа да ағаштардың сақталуы, сондай-ақ кесілген ағаш қалдықтарының толық жанып кетуі қамтамасыз етілуге тиіс.
     Кеспеағаштағы кесілген ағаш қалдықтарын тұтас күйінде жағып жіберуге тыйым салынады.
     Ағаштарды ұшарбастарымен бірге сүйретіп тасу кезінде кесілген ағаш қалдықтарын жоғарғы қоймаларда (тиеу бекеттерінде) жағу ағаш дайындаудың бүкіл кезеңі бойына жүргізілуі мүмкін.

     21. Кесілген ағаштар өрт қауіпі бар маусымға кеспеағашта қалдырылатын жағдайда олар бұтақтарынан тазартылып, жерге нығыздап жинап қойылуы тиіс.
     Өрт қауіпі бар маусымға кеспеағашта қалдырылатын дайындалған ағаш өнімі қатар-қатар немесе текшеленіп жиналып, ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақпен көмкерілуі керек.

     22. Өрт қауіпі бар маусымға қалдырылған дайындалған сүрегі, сондай-ақ шіру үшін қалдырылған кесілген ағаш қалдықтары бар құрғақ топырақты жазық жерлердегі қылқан жапырақты ормандардағы кеспеағаштар ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақпен көмкеріледі. Көлемі 25 гектардан асатын осындай кеспеағаштар сонымен бірге минералдандырылған жолақтармен ені көрсетілген мөлшердегі 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінуге тиіс.

     23. Дайындалған сүректі қоймаға жинау қолданыстағы құрылыс нормаларының және ағаш материалдарын қоймаға жинау жөніндегі, жобалаудың өртке қарсы нормалары жөніндегі ережелердің талаптарына сай жүргізіледі.
     Жинау орындары және олардың айналасындағы көрсетілген өртке қарсы жыралар тез жанатын заттардан тазартылып, ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақпен, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде - бір бірінен 5-10 метр қашықтықтағы осындай екі жолақпен көмкеріледі.

     24. Жанама орман пайдалануды, ағаш сөлдерін және екінші дәрежелі орман ресурстарын дайындауды жүзеге асыратын орман пайдаланушылар:
     1) өндірістік объектілерді мемлекеттік орман иеленушімен келісілген жерлерде орман шетінен кемінде 50 метр қашықтықта орналастыруды;
     2) өрт қауіпі бар маусымда жұмыс уақытынан тыс мезгілде өндірістік объектілер шоғырланған жерлерде оларды күзетуді;
     3) аумақты өндірістік объектілерден 50 метр радиуста тез жанатын материалдардан тазартылған күйінде ұстауды;
     4) осы аумақтар шекарасы бойымен ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақ, ал құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде - бір бірінен 5-10 метр қашықтықтағы ені осындай екі минералдандырылған жолақ тартуды жүзеге асырады.

     25. Жеке тұлғалар белгіленген нормалар шегінде жанама орман өнімдерін (саңырауқұлақтар, жидектер, дәрі-дәрмектік өсімдіктер) ақысыз негізде (орман билетін жазбай) дәстүрлі жинауды жүзеге асырған кезде олар осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген жалпы талаптарды басшылыққа алады.

     26. Шайыр дайындайтын орман пайдаланушылар:
     1) шайыр сақталатын аралық қоймаларды тез жанатын материалдардан тазартылған алаңдарда;
     2) мемлекеттік орман иеленушілермен келісім бойынша шайыр сақталатын негізгі қоймаларды тез жанатын материалдардан тазартылған орман шетінен кемінде 50 метр қашықтықтағы алаңдарда орналастырады;
     3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шекара бойымен ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақ жасап, оны өрт қауіпі бар маусым бойына тазартылған күйінде ұстайды;
     4) шайыр жинау үшін әзірленген учаскелерде шылым шегуге арналған жабдықталған орындар орналастырады.

     27. Іздестіру, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа да экспедициялар, партиялар және отрядтар жұмыстар басталғанға дейін жұмыстар жүргізу, негізгі базалардың орналасу орындарын, орманда жүру маршруттарын және өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар тізбесін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің иелерімен келісіп алады. Бұл ретте жұмыстардың барлық қатысушыларын ормандардағы осы Ережемен таныстыру қажет.

     28. Өрт қауіпі бар кезеңде орман аймағында іздестіру, геодезиялық, геологиялық, орман орналастыру және басқа да экспедициялардың, партиялардың және отрядтардың базалары орналасқан жерлердің шекарасы бойымен ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақ тартылады, оны әртүрлі жанғыш қалдықтардан үнемі тазартып отыру қажет.

     29. Туристік базалары, сауықтыру лагерьлері, демалыс үйлері және басқа да туризм мен демалыс объектілері бар немесе мемлекеттік орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, туристік және спорттық шаралар өткізіп тұратын жеке және заңды тұлғаларға орман иеленушілермен келісім бойынша туристік тұрақтар жасау және басқа да бұқаралық іс-шаралар жүргізу үшін тұрақты демалыс орындары ретінде орман учаскелерін өрт қауіпі бар маусымда пайдалануға осы учаскелерде от жағатын және қоқыс жинайтын орындар жабдықталған, сондай-ақ ені кемінде 5 метр минералдандырылған жолақтар тартылған және учаскелер жанатын қоқыстан тазартылған күйінде күтіп ұсталған жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл ретте осы шараларға қатысушылар осы Ереженің талаптарымен таныстырылады.

     30. Мемлекеттік орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарды орындаумен қатар мынадай өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:
     1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жыл сайын өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын жасайды, бекітеді және іске асырады;
     2) орманда өртке қарсы жыралар мен жолдар, өртке қарсы қорғаныштық минералдандырылған жолақтар, арықтар, суаттар жасайды, орманды тез жанатын материалдардан тазартады және ормандардың өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған басқа орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізеді;
     3) осы учаскелер арқылы өтетін кезеңінен пайдаланылатын орман жолдарының бойында дем алу және шылым шегу орындарын жабдықтайды;
     4) осы Ережені бұзуды болдырмау шараларын қолданады, өрт қауіпі бар маусымда тұрақты түрде қадағалау мен жерден қарауылдау арқылы орман өрттерін дер кезінде байқауды қамтамасыз етеді;
     5) орман өрттері және олардың зардаптарын тіркеп отырады, өртеңдер алқаптарының дәл есебін жүргізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік орман қорына өрттер келтірген нұқсанды анықтайды және бұл туралы мәліметтерді белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік орман иеленушіге ұсынады;
     6) материалдық-техникалық базаны, өрт сөндіру күштері мен құралдарын тұрақты дайындық жағдайында ұстайды;
     7) орман өрттері шыға қалған жағдайда өрт жайында орман иеленушіге дереу хабарлап, оларды өз күшімен сөндіреді және қажет болған жағдайда өрт сөндіру үшін оның күштері мен құралдарын тартады;
     8) өзіне ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріне немесе олармен аралас учаскелерге қатысы бар мемлекеттік орман иеленушінің ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман өрттерін сөндіру жөніндегі іс-шараларына қатысады.

     31. Аумағы арқылы темір және автомобиль жолдары (соның ішінде ағаш таситын жолдар) өтетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мынадай талаптарды орындауы:
     1) темір және автомобиль жолдары өтетін белдеу бойының жиектерін ағаш қалдықтарынан, тез жанатын материалдардан тазартылған күйінде ұстауы керек. Ағаш таситын жолдардың бойында тазартылған жиектердің ені жолдың екі жақ қапталында кемінде 10 метрді құрайды;
     2) қылқан жапырақты екпелерде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жол жиектерінің шекарасы бойымен бір бірінен 5 метр қашықтықта әрқайсысының ені 3 метр екі минералдандырылған жолақ, ал ағаш таситын және басқа да орман жолдарының бойында - жолдың әр қапталында ені 3 метр бір жолақ жасап, оларды өрт қауіпі бар маусым бойына тазартылған күйінде күтіп ұстауы;
     3) құрғақ топырақты қылқан жапырақты екпелерде жақын маңнан өтетін жолдардың айналасына, сондай-ақ ағаш көпірлер, тұрақты платформалар, тұрғын үйлер, жол аралаушылардың үйшіктері айналасына шпалдарды текшелеп жинап қоюға және қардан қорғайтын қалқандар орнатуға және ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақты өрт қауіпі бар маусым бойына тазартылған күйінде күтіп ұстауы;
     4) ықтимал өрттерді дер кезінде байқау және сөндіру мақсатында орман алқаптары арқылы өтетін тепловоздар жүретін темір жол учаскелерінде өрт қауіпі бар кезеңде қарауылдау ұйымдастыруы;
     5) орманның өрт қауіпі бар учаскелерінде түтін шығаратын трубаларының ұшқын сөндіргіштерінің ақауы бар тепловоздар мен автомобиль көлігін пайдалануға жол бермеуі;
     6) бөлінген жол жиектерінде немесе оған жақын жерлерде өрт шыға қалған жағдайда оны сөндіруді дереу ұйымдастыруы, бұл жайында мемлекеттік орман иеленушіге не орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органына және өртке қарсы қызмет орнына хабарлауы керек.

     32. Мұнай мен газ барлау және мұнай мен газ өндіру кәсіпорындары мен ұйымдары мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыс жүргізген кезде мына шараларды орындауы:
     1) өрт қауіпі бар маусым бойына бұрғылау ұңғылары мен басқа да қондырғылар үшін бөлінген аумақтарды тез жанатын материалдардан тазартылған күйінде ұстауы, осы аумақтардың шекарасы бойымен ені кемінде 3 метр минералдандырылған жолақ жасап, оны өрт қауіпі маусым бойына тазартылған күйінде күтіп ұстауы;
     2) бұрғыланатын және пайдаланылатын ұңғылардан 50 метр радиустағы алаңды сүрекдің мен бұталардан толық тазартуы (мұнай және газ ұңғыларын жабық жүйе бойынша 25 метр радиуста пайдаланғанда);
     3) мұнайдың ашық ыдыстар мен шұңқыр ұраларда сақталуына, сондай-ақ аумақтың жанармай заттарымен (мұнаймен, мазутпен және сол сияқтылармен) ластануына жол бермеуі;
     4) егер мұнай қалдықтарын жағып жою өндіріс технологиясында көзделген болса, оларды жағу тәртібі мен уақытын мемлекеттік орман қоры учаскелерінің иелерімен келісіп алуы керек.

     33. Мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан электр, байланыс және радиоландыру желілері бар жеке және заңды тұлғалар осы желілер өтетін орман жолдарын өрт қауіпі бар маусым бойына өрт шығу тұрғысынан алғанда қауіпсіз жағдайда күтіп ұстайды және осындай желілердің ағаш мұнаралары мен бағаналарын 2-2,5 метр радиустағы құрғақ жерлерге көмуге міндетті.

     34. Құбыр желілері бар заңды тұлғалар орман алқаптары арқылы өтетін құбыр желілерінің бойындағы бөлінген жер жолақтары және күзет аймақтарын өрт шығу тұрғысынан алғанда қауіпсіз жағдайда күтіп ұстайды және желіні аралаушылар үйлерінің айналасына, сондай-ақ құбыр желілеріндегі құдықтардың айналасына ені 5 метр минералдандырылған жолақтар тартады.

     35. Жер алқаптары мемлекеттік орман қоры жерлерімен жапсарлас немесе оларға тікелей жақын орналасқан және (немесе) ормандардың күзет аймағында орналасқан жеке және заңды тұлғалар Заң мен Кодексте, жергілікті атқарушы органдардың осы мәселе жөніндегі нормативтік актілерінде көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды және ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылымдар мен шабындықтарда аңызды, шөп-шалаңды және өзге де өсімдік қалдықтарын бақылаусыз жағу салдарынан ормандардың және басқа да орманды жерлердің бүлінуіне жол бермейді.

5. Орман өрттерін сөндіру жөніндегі шаралар

     36. Орман пайдаланушылар мен ормандарда жұмыс жүргізетін немесе осында жолдары, қоймалары, құрылыстары және басқа да объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жұмыс орындарында, жолдарда, қоймаларда және басқа да объектілерде орман өрттері шыға қалған жағдайда осы өрттерді өз күштерімен және құралдарымен сөндіруге дереу шаралар қолданады және өрт туралы мемлекеттік орман қоры учаскелерінің иесіне, жергілікті атқарушы органдарға және өртке қарсы қызмет орнына хабарлайды.

     37. Азаматтар орман өртін байқап қалған жағдайда бұл жайында мемлекеттік орман иеленушінің орман шаруашылығы қызметкерлеріне, өртке қарсы қызмет орнына немесе жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлайды және оны сөндіру үшін шаралар қолданады.

     38. Жергілікті мемлекеттік орган бекіткен жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техниканы, орман өрттерін сөндіру жөніндегі көлік және басқа құралдарды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушінің талап ету бойынша жұмысшылар мен техникалық құралдарды орман өрттерін сөндіруге жібереді.

     39. Орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы өрт туралы хабар алған соң оны сөндіру үшін шаралар, соның ішінде өрт шыққан аумақ бекітіп берілген өрт сөндіру-химиялық станцияның күшімен шаралар қолданады.

     40. Өрт туралы хабар түскен жағдайда орман күзеті мекемесінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы мекемесінің басшысы:
     1) команданы өртке дереу аттанып кетуге әзірлеу жөнінде шаралар қолданады;
     2) орман мекемесінің басшысынан немесе орманшыдан (бағыныстылығына қарай) қажетті қосымша нұсқаулар алады;
     3) команданың немесе жеке бригаданың өртке аттанып кетуі туралы шешім қабылдайды.

     41. Орманшылық аумағында бір мезгілде бірнеше өрт шыға қалған жағдайда немесе өртті тез сөндіру үшін бір өрт сөндіру-химиялық станцияның күші жетіспеген жағдайда орманшы көрші орманшылықтардың ІІ типті өрт сөндіру-химиялық станциясының немесе І типті станциясының күштері мен құралдарын өрт сөндіруге жіберу үшін бұл жайында орман мекемесінің басшысына хабарлайды.

     42. Орман мекемесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақта пайда болған өрттерді тез сөндіруге күштер мен құралдар жетіспеген жағдайда және өрттердің кең алқаптарға таралып кету қатері төнгенде орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға, өртке қарсы қызмет орнына хабарлайды және бекітілген Орман өрттерін сөндіру жөніндегі жоспарға сәйкес жергілікті ұйымдардың күштері мен техникалық құралдарын, халықты өрт сөндіруге белгіленген тәртіппен тарту жөнінде шаралар қолданады. Егер өрттер дүлей күш апаты сипатына ие болса, орман мекемесінің басшысы авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады.

     43. Орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріндегі орман өрттерін сөндіруге жалпы басшылық, оларды сөндіру жөнінде қолданылатын шаралардың толымдылығы мен уақтылығы үшін жауапкершілік орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледі.

     44. Жердегі күзет аудандарындағы әрбір орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылық жасауды орманшылық аумағында орманшы немесе орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы не орман пайдаланушының өрт сөндіру бекетінің бастығы (орман қорының тиісті учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман пайдаланушыда ол болған жағдайда) жүзеге асырады.
     Орманшы және орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің күштері келіп жеткенге дейін орман өртін сөндіруге басшылықты тиісті аумаққа бекітілген мемлекеттік орман күзетінің қызметкері, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (орманшы көмекшісі, орман шебері не инспектор, орман күтуші) жүзеге асырады.
     Ахуал ушығып кеткен жағдайда орман өртін сөндіруге басшылықты орман мекемесінің басшысы немесе оның тапсыруы бойынша осы мекеме басшысының орынбасары немесе осыған уәкілетті өзге адам жүзеге асырады.

     45. Ормандарды авиациямен күзету аудандарында жету қиын жерлерде орман өрттерін сөндіруге басшылықты өрт сөндіруге келген өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командаларының ішінен лауазымы жоғары қызметкер жүзеге асырады.

     46. Орман өртін сөндіру жөніндегі басшы:
     1) өртті құрықтау шараларымен байланысты емес барлық жұмысты тоқтатуы;
     2) өртті сөндіруге қатысып жүрген адамдарды ықтимал жарақаттардан, уланудан, күйіп қалудан қорғауды қамтамасыз етуі, ал қажет болған жағдайда - медициналық жәрдем шақыруы;
     3) адамдардың өміріне қатер төнген жағдайда қолда бар күштер мен құралдарды тегіс пайдаланып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастыруы;
     4) өрт сөндіруде жұмыс істеп жатқан барлық адамдардың жұмыстардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң орындауын қамтамасыз етуі;
     5) өрт болып жатқан жерді тастап кетпеуі және өрт сөндіріліп немесе сенімді түрде құрықталып болғанша жұмысшыларды босатпауы;
     6) орман өрті шыққан аумақта жұмыс істейтін ұйым объектісінің басшысын немесе басқа лауазымды тұлғасын өрт орнына шақыру жөнінде шаралар қолдануы қажет.

     47. Орман өртін сөндіру басшысы өрт сөндірудің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін өртке алдын ала жасалған барлау деректерінің негізінде орман өртін сөндірудің тактикалық жоспарын жасайды. Барлау арқылы өрттің түрі мен күші, орманның неғұрлым өрт қауіпі бар және бағалы учаскелері, суаттар, оттың таралуын тоқтата алатын немесе қарсы өрт жіберу үшін тірек жолағы бола алатын тосқауылдар, сондай-ақ осындай тосқауылдарды немесе тірек жолақтарын құру қажет орындар анықталады.

     48. Өрт сөндіру:
     1) өртті тоқтату - өрт шетінде оттың алаулап жануын тоқтату;
     2) сөндіру - оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою;
     3) қосымша сөндіру - өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру;
     4) қарауылдау - жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта шығу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқапта кезекшілік атқару;
     5) өртті құрықтау - өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмау кезеңдерін қамтиды.
     Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді.

     49. Орман өрттерін сөндірудің мынадай негізгі жердегі тәсілдері:
     1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу;
     2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералдандырылған жолақтар тарту және орлар қазу;
     3) өрттерді сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;
     4) жағу немесе қарсы өрт қою пайдаланылады.

     50. Жетуге қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командалары тартылады.

     51. Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережемен таныстырылады.

     52. Орман өрттерін тікелей сөндіруге 18 жасқа толмаған адамдар, екіқабат және бала емізетін әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабілеттері нашар, ішімдікке салынған, есірткі дертіне шалдыққын және жүйкесі ауыратын адамдар жіберілмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының
ормандарындағы өрт     
қауіпсіздігі ережесіне   
1-қосымша          

Мемлекеттік орман қоры учаскелері орман пайдалануға
берілген орман пайдаланушыларға арналған өртке қарсы
іс-шаралардың жылдық жедел жоспарларын жасау тәртібі

     1. Мемлекеттік орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралардың жылдық жедел жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) жасайды және осы учаскелерде іске асырады.
     Жоспар мынадай екі бөлімнен тұрады:
     1) өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;
     2) орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру.
     2. Бірінші бөлімде шекарасында орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан орман мекемесінің орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздеуге және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қорының көршілес учаскелерде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстырылуға тиіс.
     Жоспардың бұл бөлімінде қайда және қандай мерзімде өртке қарсы жыралар қазылуға, өртке төзімді орман шеті құрылуға, минералдандырылған және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылуға, орман шаруашылығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндіру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тікұшақ келіп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желілері салынуға, радио байланысы ұйымдастырылуға тиіс екені көрсетіледі.
     Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнаралары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі.
     Барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемі мен құны белгіленеді.
     3. Жоспардың екінші бөлімінде өрттерді өз күштерімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен орман пайдаланушының күштерімен және құралдарымен құрықтау мүмкін емес жағдайлар да сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар көзделеді. Соңғы жағдайда орман қоры учаскесінің иесі - орман мекемесімен келісе отырып, қажет болған жағдайда орман өртін сөндіруге жіберілуге тиіс аталған орман мекемесінің күштері мен техникалық құралдары, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан ұйымдардың, әскерилендірілген бөлімшелердің және өртке қарсы қызмет орнының күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Сондай-ақ жоспарда орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағар май материалдарының қорын жасау көзделеді.
     4. Мемлекеттік орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралардың жедел жоспарлары үстіміздегі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісу үшін орман иелушілерге - орман мекемелеріне берілуге тиіс. Орман пайдаланушының өртке қарсы іс-шараларының жедел жоспары мемлекеттік орман қоры учаскелерінің иесі - орман мекемесімен келісіп алынады және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді. Орман иеленуші бұл жоспарды орман мекемесінің кешенді жоспарына енгізіп, оның іске асырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының
ормандарындағы өрт     
қауіпсіздігі ережесіне   
2-қосымша         

Мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыс істейтін орман
пайдаланушыларға, жеке және заңды тұлғаларға арналған
өрт жабдықтарымен және өрт сөндіру құралдарымен
қамтамасыз ету нормалары

     1. Ағаш дайындау кәсіпорындары мен орман пайдаланушыларға арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:
     1) өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдары шоғырланған бекет (өрт сөндіру депосы және сол сияқтылар);
     2) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар - 2 дана (арнайы орман өрттерін сөндіретін автоцистерналар болған жағдайда алмалы-салмалы цистерналардың болуы міндетті емес);
     3) аспалы тісті дөңгелекті сораптар - 2 комплект;
     4) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары - 2 дана;
     5) қысымды өрт сөндіру жеңдері - 500 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 20 комплектісі (400 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 комлектісі (100 қума метр);
     6) орман соқалары немесе трактормен басқа да топырақ өңдеу құралдары - 2 дана;
     7) бульдозерлер - 1 дана;
     8) тіркемесі бар тракторлар (топырақ өңдейтін құралдармен жұмыс істеу үшін) - 2 дана;
     9) аса өтімді қорапты автомашиналар немесе вездеходтар (адамдар тасу үшін) - 1 дана;
     10) от жағу аппараттары - 3 дана;
     11) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш - 500 килограмм;
     12) күректер - 100 дана;
     13) балталар - 10 дана;
     14 кетпендер - 20 дана;
     15) тырмалар - 20 дана:
     16) шартылдақтар - 20 дана;
     17) бензин аралары - 2 дана;
     18) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш - бүріккіштер - 20 дана;
     19) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болса) - 3 дана;
     20) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), комплект - өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай;
     21) қорғаныштық көзілдіріктер - өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай, дана;
     22) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер - 5 дана;
     23) су ішуге арналған кружкалар - 10 дана;
     24) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары - 2 дана.
     Топырақ өңдейтін құралдар, бульдозерлер, тракторлар және автомшиналар өрт қауіпі бар маусымға бекітіледі, ал қалған өрт сөндіру жабдықтары мен құралдар шоғырлану бекеттерінде тұрақты түрде тұруға тиіс. Автомашиналар мен трактор тіркемелері аспалы сораптар орнату үшін жабдықталады.
     2. Орман бекетіндегі орман өртін сөндіру бекеттеріне арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:
     1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар - 1 дана;
     2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар - 1 дана;
     3) қысымды өрт сөндіру жеңдері - 100 қума метр, соның ішінде: Д 51 миллиметр жеңдердің 5 комлектісі;
     4) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болса) - 2 дана;
     5) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары - 1 дана;
     6) от жағу аппараттары - 4 дана;
     7) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш - 500 килограмм;
     8) күректер - 50 дана;
     9) балталар - 5 дана;
     10) кетпендер - 5 дана;
     11) тырмалар - 5 дана:
     12) шартылдақтар - 10 дана;
     13) бензин арасы - 1 дана;
     14) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер - 5 дана;
     15) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер - 2 дана;
     16) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары - 1 дана;
     17) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), комплект - өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай комплект.
     Автомашиналар мен трактор тіркемелері аспалы сораптар орнату үшін жабдықталып, өрт қауіпі бар маусымға өрт сөндіру бекеттеріне бекітіледі. Қалған жабдықтар мен өрт сөндіру құралдары бекетте тұрақты түрде тұруға тиіс. Ағаш тасымалдайтын автожолдардың ұзындығы 50 километрден асқан жағдайда (ағаш тасымалданатын қиғаш жолдарды қоса алғанда) алмалы-салмалы цистерналар саны 50 километр жолға бір цистерна есебімен көбейтіледі.
     3. Сүрек дайындау және жинау орындарын өрт сөндіру жабдықтарымен және құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:
     1) күректер - 10 дана;
     2) балталар - 2 дана;
     3) тырмалар - 2 дана;
     4) шартылдақтар - 10 дана;
     5) бензин аралары - 1 дана;
     6) арқаға іліп алатын орман өрт сөндіргіш - бүріккіштері - 5 дана;
     7) су құятын сиымдылығы 12 литр шелектер немесе резина ыдыстар - 2 дана;
     8) су ішуге арналған кружкалар - 4 дана.
     4. Мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыс істейтін тас, құм, балшық өндіретін кеніштерді өрт сөндіру жабдықтарымен, құралдармен қамтамасыз ету нормалары:
     1) күректер - 10 дана;
     2) балталар - 2 дана;
     3) кетпендер - 2 дана;
     4) шартылдақтар -10 дана;
     5) бензин аралары -2 дана;
     6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер - 5 дана;
     7) ауыз суға арналған сиымдылығы 12 литр бидондар немесе канистрлар - 5 дана;
     8) су ішуге арналған кружкалар - 5 дана;
     9) қолғаптар - 10 жұп;
     10) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары - 1 дана.
     5. Мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыс істеп жатқан мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарын өрт сөндіру жабдықтарымен және құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:
     1) көлемі 1500 литр суға арналған алмалы-салмалы цистерналар немесе резеңке ыдыстар - 2 дана (арнайы орман өрттерін сөндіретін автоцистерналар болған жағдайда алмалы-салмалы цистерналардың болуы міндетті емес);
     2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар - 2 комплект;
     3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары - 1 дана;
     4) қысымды өрт сөндіру жеңдері - 500 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 20 комплектісі (400 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 комлектісі (100 қума метр);
     5) бульдозерлер - 1 дана;
     6) аса өтімді қорапты автомашиналар немесе вездеходтар (адамдар тасу үшін) - 1 дана;
     7) орман соқалары немесе басқа да топырақ өңдеу құралдары - 1 дана;
     8) от жағу аппараттары - 5 дана;
     9) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш - 500 килограмм;
     10) күректер - 50 дана;
     11) балталар - 10 дана;
     12) кетпендер - 20 дана;
     13) тырмалар - 10 дана;
     14) шартылдақтар - 20 дана;
     15) бензин аралары - 5 дана;
     16) арқаға іліп алатын орманда от сөндіргіш-бүріккіштер - 20 дана;
     17) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болса) - 3 дана;
     18) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер - 6 дана;
     19) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), комплект - өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай;
     20) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары - 2 дана;
     Учаскенің көлемі 30 мың гектардан асып кеткен жағдайда өрт сөндіру құралдары шоғырланған бекеттер саны әрбір 30 мың гектарға 1 бекет қажет болуы есебімен анықталады. Алмалы-салмалы цистернаға арналған автомашина аспалы тісті дөңгелекті сорап орнатуға лайықталуға және өрт қауіпі бар маусым бойына бекетте болуға тиіс.
     6. Орман алқаптары арқылы өтетін тас жолдары бар ұйымдарды орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары (орман өртін сөндіру бекеті):
     1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар - 1 дана;
     2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар - 1 комплект;
     3) қысымды өрт сөндіру жеңдері - 300 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 10 комплектісі (200 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 комлектісі (100 қума метр);
     4) от жағу аппараттары - 3 дана;
     5) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш - 500 килограмм;
     6) күректер - 50 дана;
     7) балталар - 5 дана;
     8) кетпендер - 5 дана;
     9) тырмалар - 5 дана;
     10) шартылдақтар - 10 дана;
     11) бензин аралары - 2 дана;
     12) арқаға іліп алатын орман өрт сөндіргіш-бүріккіштері - 2 дана;
     13) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер - 2 дана;
     14) түтінге қарсы респираторлар - 10 дана;
     15) қорғаныштық көзілдіріктер - 10 дана;
     16) қолғаптар - 20 жұп;
     17) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары - 2 дана;
     Орман өртін сөндіру бекеті тас жолдың әрбір 100 километріне ұйымдастырылады. Өрт қауіпі бар маусымда бекет аспалы тісті дөңгелекті сораптар орнатуға лайықталған, адамдар және су құйылған цистерналар тасымалдауға арналған автомашинамен қамтамасыз етіледі.
     7. Орман қоры жерлерінде жұмыс істейтін желілік объектілерді (мұнай-газ құбырлары, электр, байланыс желілері және т.б.) және басқа да ұйымдарды (іздестіру партиялары, отрядтары, экспедициялары, пішен, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және орманның басқа да азық өнімдерін дайындау жөніндегі, мал жаюмен, ара ұялары мен омарталар орналастырумен айналысатын бригадалар) орман өрттерін сөндіретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету нормалары:

Өрт сөндіретін құралдар

Жұмыс істейтіндер саны

5

6-10

11-20

21-50

Күректер, дана

2

5

10

20

Балталар, дана

2

2

2

2

Кетпендер, дана

1

1

2

5

Тырмалар, дана

-

2

5

10

Шартылдақтар, дана

2

4

10

20

Қоларалар немесе бензин аралары, дана

1

1

2

5

Арқаға іліп алатын орманда өрт
сөндіргіш-бүріккіштер, дана

-

2

5

5

Суға құюға арналған сиымдылығы 12
литрлік шелектер немесе резеңке
ыдыстар

2

5

10

20

Қолғаптар, жұп

5

10

20

40

Алғашқы көмек көрсетуге арналған
дәрі-дәрмек қобдишалары, дана

1

1

2

2

     Нормаларда көрсетілген өрт сөндіру құралдары жекелеген жұмысшылар топтары орналасқан жерлерде шоғырланады. Желілер бойын аралап жүрушілер тұратын жерлерде кестенің соңғы бағанында көрсетілген құрамдағы мен мөлшердегі өрт сөндіру құралдары шоғырланады.
     8. Туристік топтар мемлекеттік орман қоры аумағында және туристік базалардағы шоғырлану бекеттерінде болған кезде оларды өрт сөндіру жабдықтарымен және құралдарымен қамтамасыз ету нормалары.

Өрт сөндіру құралдары

Құрал-саймандар саны

Туристік топтарда

Турбазада
(100 дем
алушыға
шаққанда)

6-10
адам

1-30
адам

30
адамнан
көп

Өнімділігі минутына 600-800
литр өрт сөндіру мотопомпалары,
дана

-

-

-

1

Күректер, дана

-

3

5

30

Балталар, дана

1

2

3

10

Шартылдақтар, дана

4

8

10

20

Қоларалар немесе бензин
аралары, дана

-

1

1

10

Арқаға іліп алатын орманда өрт
сөндіргіш-бүріккіштер, дана

1

3

5

8

Суға құюға арналған сиымдылығы
12 литрлік шелектер немесе
резеңке ыдыстар

1

3

5

30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады