Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 28.01.2014 N 21 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау мақсатында коммуналдық қызмет және тұрғын үй төлемақысын өтеу үшін ай сайынғы төлемақы ретінде келесі мөлшерде жеңілдіктер белгіленсін: электрмен қамтамасыз ету 45 (қырық бес) киловатт, 1 (бір) кіші газ баллон көлемі 27 (жиырма жеті) литр, суық су және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализация, қатты тұрмыстық қалдықтардың шығарылуы іс әрекеттегі тарифтердің шектелуі, жылу жүйесі 18 (он сегіз) шаршы метр, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде жылына бір рет 2 (екі) тонна көмір.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысының Текелі қаласы әкімдігінің 2010.01.27 N 5 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
2. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғындық-коммуналдық қызмет бойынша қосымша жеңілдік төлеу, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды, әкімінің орынбасары Г.Б. Маупашеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі С. Бескемпіров