Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 26.03.2014 № 65 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласының әкімдігінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2007 жыл 28 наурыздағы N 109 (Текелі қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 16 сәуірдегі 2-3-30 нөмірімен тіркелген қалалық "Текелийский рабочий" газетінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі 16 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) 1-тармағындағы "5000 (бес мың) теңге 1 (бір) тоннаға" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі С. Бескемпіров