Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 18.06.2014 N 1080 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын, басшылыққа ала отырып, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына айлық есептік көрсеткіштің 8 (сегіз) есе еселенген мөлшерінде әр мүгедек балаға 18 (он сегіз) жасқа толғанға дейін төленетін қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010.01.18 N 58 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
2. Әлеуметтік көмек мүгедек баланың ата-анасының біреуінің немесе олардың орнындағы адамның өтініші бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған қорытындысында көрсетілген оқу немесе тәрбие мерзімі бойынша тағайындалып тоқсан сайын төленеді.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Аңсатбай Мұратбай) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, мүгедек балалардың тұрғылықты жердегі әлеуметтік көмекті төлеу ұйымдарында алушының ашылған шотының нөмірін көрсетуге және төмендегі құжаттарды тапсыруына сәйкес қамтамасыз етсін.
1) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2) дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәландырылғаны туралы құжаттың көшірмесі;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы;
4) отбасының мекен-жайы мен құрамын растайтын немесе үйде оқитындығы жайлы анықтама-тоқсан сайын.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қала, село округ әкімдері мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшері туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын қамтамасыз етсін.
5. Аудандық қаржы бөлімі (Белесаров Нұрлан Өскенұлы) мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде қаржы жоспарында көрсетілген көлемде қамтамасыз етсін.
6. Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 30 мамырында N 2-8-38 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымындағы N 25 "Еңбекшіқазақ" газетінде жарияланған, Еңбекшіқазақ ауданы әкімиятының 2006 жылдың 2 мамырындағы N 1214 "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Лысенко Владимир Петровичке жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі К. Абдрахманов