Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 18.06.2014 N 1080 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8-тармағына, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23-желтоқсанындағы "Еңбекшіқазақ ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 33-1 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 410 "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" (аудандық Әділет басқармасында 2007 жылы 27 наурызда N 2-8-49 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің 6 сәуірдегі N 15 санында жарияланған) қаулысының 1 тармағындағы "5 (бес)" деген сөздің орнына "8 (сегіз)" деп өзгеріс енгізілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ә. Тойбаев