Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).
Қазақстан Республикасының "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1212 Қаулысының 1 тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласындағы азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-25, "Взгляд на события" газетінде 2006 жылғы 5 сәуірде N 13 (129) жарияланған) өзгертулер енгізілсін:
1-тармақтың 1-тармақшасында "10236" саны "10815" санына ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Оспанова Майра Мәжікенқызы).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ІІІ шақырылған қалалық
мәслихаттың кезекті XLV
сессиясының төрайымы М.Оспанова
Қалалық мәслихат хатшысы Қ.Бексұлтанов