ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған II сессиясының 2007 жылғы 24 қазандағы N 20 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 9 қарашада N 8-1-62 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 2-9/224 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).

       1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1 . ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласындағы азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-25, "Взгляд на события" газетінде 2006 жылғы 5 сәуірде N 13 (129) жарияланған), ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 31 қаңтардағы ХLV сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 2 шешімімен өзгертулер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-49, "Взгляд на события" газетінде 2007 жылғы 16 ақпанында N 19 (207) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға".
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төраға Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
       3. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған қалалық
      мәслихаттың кезектен тыс
      ІI сессиясының төрағасы                    Қ. Әбдіров

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады