"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне" сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 44/12 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-1-60 болып тіркелген, 2007 жылғы 1 қарашада N 175 (20349) "Орталық Қазақстан" газетінде жарияланған), "2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі" жөніндегі қосымшсында төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1) 5-тармақтағы "Адам саны" бағанасындағы "165" саны "177" санына, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанасындағы "4568446" саны "5120800" санына ауыстырылсын;
2) 6-тармақтағы "Адам саны" бағанасындағы "133" саны "145" санына, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанасындағы "3677335" саны "4229689" санына ауыстырылсын;
3) 8-тармақтағы "Адам саны" бағанасындағы "43" саны "53" санына, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанасындағы "1200192" саны "1660487" санына ауыстырылсын;
4) 9-тармақтағы "Адам саны" бағанасындағы "55" саны "65" санына, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанасындағы "1528626" саны "1988921" санына ауыстырылсын;
5) 10-тармақтағы "Адам саны" бағанасындағы "55" саны "65" санына, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанасындағы "1528626" саны "1988921" санына ауыстырылсын;
6) 18-тармақтағы "Адам саны" бағанасындағы "10" саны "15" санына, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанасындағы "277932" саны "480339" санына ауыстырылсын;
7) "Барлығы" тармағындағы "Адам саны" бағанасындағы "1000" саны "1059" санына, "Жұмыс көлемі, теңге" бағанасындағы "27739770" саны "30427770" санына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі И. Тоғайбаев