Жезқазған қалалық Маслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы N 2/20 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 22 қарашада N 8-2-51 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/296 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.07.16 N 24/296 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 26 шілдеде N 8-2-31 болып тіркелген, 2006 жылғы 4 тамыздағы N 56-57 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) атауы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" болып өзгертілсін;
      2) аталған шешіммен бекітілген Қағидасында 2 тармағындағы "20% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздері "18% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орыдалысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамуы және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Тысевич

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                С. Медебаев

      Келісілді:
      Қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің меңгерушісі                      Б.М. Мырзаханов
      22 қазан 2007 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады