"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 шілдедегі XXXIII сессиясының N 359 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 478 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 9 тамыздағы N 8-6-51 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы N 336 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.05.14 N 336 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдары тұрмыстық-коммуналдық сфераны дамыту бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 шілдедегі XXXIII сессиясының N 359 шешіміне (Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 4 тамызда 8-6-30 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2006 жылғы 9 тамыздағы 91 (1346) нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1) көрестілген шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасы" деген сөйлем "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасы" деген сөйлеммен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру қағидасында:
      1-тараудың 2-тармағындағы "шығындар шегіндегі үлесі 20 %" деген сөздер "шығындар шегіндегі үлесі 18 %" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тарау 5-1 тармағымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "5-1. Тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізудің жекелеген түрдері бойынша өтемақы тұрғын үй жәрдемақысын есептеу кезінде тұрғын үйдің бір пәтеріне тең мөлшерінде есептелінеді.".
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Борисов Петр Евгеньевич).

      Сессия төрағасы                            И. Бралин

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Ковтун

      Келісілді:

      "Сәтбаев қалалық еңбекпен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т. Қапарова
      2007 жылғы 16 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады