Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 14/3 қаулысы. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 26 шілдеде N 8-8-40 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы N 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және 37-бабының 8-тармағына сәйкес және мүгедектердің қоғамдағы тіршілік әрекеті және бірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жыл сайынғы квотасын белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Қ. Сатоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Төлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады