Қарқаралы ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу орнын қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 33/216 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 19 шілдеде N 8-13-32 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы N VI-3/24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 19.05.2016 N VI-3/24 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ) шешімімен.
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі туралы" Заң күші бар Жарлығына, Қарқаралы ауданы әкімінің "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу орнын қосымша реттеу жөніндегі" 2007 жылдын 13-і шілде күнгі ұсынысын қарап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық Мәслихаттың отыз үшінші сессиясы ШЕШІМ етті:
      1. Қарқаралы ауданындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындары болып Қосымшада көрсетілген ғимараттардың маңындағы аумақтар белгіленсін. (№ 1 қосымша)
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың "Әлеуметтік даму және халықты әлеуметті қорғау, заңдылық құқық қорғау, жариялылық және аудандық Мәслихат Регламенті жөніндегі" тұрақты комиссияға (Р. Смағулов) және аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      Сессия төрағасы: Р. Смағұлов
      Аудандық Мәслихат хатшысы: О. Жұкібаев

      Келісілді
      Қарқаралы аудандық ішкі
саясат бөлімінің меңгерушісі
____ Халел Дулат Қанышұлы

      17 шілде 2007 жыл

  Қарқаралы аудандық Мәслихаттының
2007 жылдың 17 шілдедегі
33 сессиясының № 33/216
шешіміне № 1 қосымша

Қарқаралы ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу орындары.


Елді мекеннің атауы
Өтеттін орындар
1.
Қарқаралы қаласы
Қазынашылық ғимаратының маңайы
2.
Қарағайлы поселкесі
Ескі саябақ маңайы
3.
Егіндібұлақ селосы
Автопарк алаңы
4.
Абай ауылы
Саябақ маңайы
5.
Ақжол ауылы
"Ақжол" ш/қ ғимаратының маңайы
6.
Аманжолов ауылы
ОДА маңайы
7.
Арқалық ауылы
Клуб маңайы
8.
Балқантау ауылы
"Балқантау" дүкені маңайы
9.
Бақты ауылы
ОДА маңайы
10.
Бесоба ауылы
ПОШТА маңайы
11.
Жаңатоған ауылы
"Жаңатоған" ш/қ ғимаратының алаңы
12.
Нүркен ауылы
Тойғана маңайы
13.
Аппаз ауылы
Клуб маңайы
14.
Қаракөл ауылы
Саябақ маңайы
15.
Көктас ауылы
Клуб маңайы
16.
Бүркітті ауылы
Саябақ алаңы
17.
Қоянды ауылы
Насос станциясы маңайы
18.
Мәди ауылы
Саябақ маңайы
19.
Сартау ауылы
Клуб маңайы
20.
Тоқтар ауылы
"Тоқтар" ш/қ ғимаратының алаңы
21.
Татан ауылы
"Сарышоқы" ш/қ ғимаратының алаңы
22.
Томар ауылы
"Томар" кооперативі ғимараты маңайы
23.
Матақ ауылы
Клуб маңайы
24.
Ынталы ауылы
Стадион маңайы
25.
Теректі ауылы
Кітапхана маңайы

      Аппарат басшысы М. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады