Ұлытау ауданы әкімдігінің 12 шілде 2007 жылғы № 09/157 қаулысымен бекіген ұсынысты қарап және Қазақстан Республикасы "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қаупсіздікті, көліктердің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау ауданы елді мекендерінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орындар болып төмендегі ғимараттар мен аумақтары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Сессия төрағасы аудандық мәслихат хатшысы |
Т. Сейтжанов. |
КЕЛІСІЛДІ:
Ұлытау аудандық мәслихатының 13 шілде 2007 жылғы XXYI сессиясының № 26-6 шешіміне қосымша |