Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 273/42 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 20 тамызда N 8-4-87 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 201/29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010.09.13 N 201/29 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы, 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің арттырылуына өтемақысының кейбір мәселелері туралы" Қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасындағы 2006-2008 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық саланың даму Бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысының негізінде қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Әділет департаментінде 2007 жылғы 24 сәуірде N 8-4-70 болып тіркелген, "Приозерский Вестник" газетінің 2007 жылғы 4 мамырдағы N 11 (86) санында жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Қағиданың атауында "аз қамтылған азаматтарға" деген сөздер "Приозерск қаласының тұрғындарына" деген сөздерімен ауыстырылсын, "тұрғын үйді ұстауға" деген сөздер "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып" деген сөздермен жалғастырылсын.
      Қағиданың кіріспесі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасындағы 2006-2008 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық саланың даму Бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      1 тармағының 1) тармақшасындағы "төлем шығындарын қайтару үшін" сөздер "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып" деген сөздермен жалғастырылсын;
      1 тармағының 6) тармақшасындағы "ұйымдар" сөзінен кейін "." белгісі ";" белгісімен ауыстырылсын;
      1 тармағы келесі тақырыптағы "тұрғын үйді үстау шығындары – үйді ұстауға, ағымдағы және күрделі жөндеулерге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажетті төлемдер сомасы." деген 7) тармақшамен толықтырылсын;
      2 тармақтағы "тұрғын үйді ұстауға" деген сөздер "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқарамасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып" деген сөздермен жалғастырылсын;
      осы тармақтағы "20 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөздер "11,1 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1 қосымшаның атауындағы "Аз қамтылған азаматтарға" деген сөздер "Приозерск қаласының тұрғындарына" деген сөздермен ауыстырылсын, "тұрғын үйді ұстауға" деген сөздер "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып" деген сөздермен жалғастырылсын.
      3 қосымшаның атауындағы "Аз қамтылған азаматтарға" деген сөздер "Приозерск қаласының тұрғындарына" деген сөздермен ауыстырылсын, "тұрғын үйді ұстауға" деген сөздер "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып" деген сөздермен жалғастырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау калалық Мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы
      Мәслихат хатшысы                           Е. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қала әкімінің орынбасары
      Қазиева Б.А.
      11 шілде 2007 жыл

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы
      Қарсыбекова Р.У.
      11 шілде 2007 жыл

      Қаржы бөлімінің басшысы
      Қошқаралиев Қ.Қ.
      11 шілде 2007 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады