Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 18.06.2013 N 165 қаулысымен.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ұсынысына сәйкес облыс аумағында таралған карантиндік объектілердің ошақтарын залалсыздандыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылқы 15 ақпандағы N 60 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4173 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 7 наурыздағы N 46 "Сыр бойы" және 2007 жылғы 3 наурыздағы N 43 "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Карантиндік зиянкестер - калифорниялық қалқанша сымырының және қауын шыбынның таралуына байланысты Қызылорда облысы аумағында карантинді аймақ белгіленсін және оған карантиндік режим енгізілсін.";
3-тармақтағы:
"карантиндік объектінің" деген сөздер "карантиндік объектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Еламановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Қызылорда облысы әкімдігінің
2007 жылғы 12 қарашадағы N 261
қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2007 жылғы 15 ақпандағы N 60
қаулысымен бекітілген
Облыс аумағында карантиндік объектілердің таралу ошақтарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
N |
Іс-шаралардың атауы |
Орындалу мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жер пайдаланушылар арасында карантиндік объектілерді жою жөніндегі ережелері, карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру бойынша ұйымдастырушылық-түсінік жұмыстарын жүргізу. Темір жол станцияларында, әуежайларда, автовокзалдарда (автостанцияларда), базарларда, байланыс бөлімшелерде карантиндік іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру. |
Үнемі |
Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қызылорда облысының ауылшаруашылығы департаменті, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті мемлекеттік мекемелері, Фитосанитария республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы (келісім бойынша) |
2 |
Карантиндік іс-шараларды насихаттау:химиялық күрес шараларын жүргізу жөнінде тұрғындарға хабарлау; халық арасында, тұрғындармен қауын шыбыны жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу және орындауын қадағалау; бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
Үнемі |
Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаменті, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті мемлекеттік мекемелері |
3 |
Карантиндік объектілерде жою шараларын жүргізу: карантинді зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары; карантиндік объектілерді механикалық жолмен жою. |
Вегетация мерзімін-де |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Фитосанитария республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы (келісім бойынша) |
4 |
Карантиндік объектілермен күрес жөнінде өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізу. |
Жою іс-шаралары аяқталғанда |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
5 |
Залалданған аумақтардың шекара сын қосымша тексерулер жүргізу жолымен нақтылау. |
Жою іс-шаралары аяқталғанда |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
6 |
Бақша өнімдерін залалданған аймақтардан алып шығу кезінде қатаң карантиндік бақылауды қамтамасыз ету. |
Үнемі |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Фитосанитария республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы (келісім бойынша) |
7 |
Карантиндік объектілермен күрес жұмыстарын жүргізуді және химиялық өңдеуді өткізуге қажет қызмет құралдарымен қамтамасыз ету |
Жою іс-шараларын жүргізгенге дейін және вегетация мерзімін де |
Фитосанитария республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы (келісім бойынша) |