" Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы " және " Нормативтік құқықтық актілер туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылға 12 желтоқсандағы N 19/347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 30 қаңтардағы N
20/352 шешімне
(облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 9 ақпандағы N 1965 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 17 ақпандағы N 28-29 және "Огни Мангистау" газетінде 2007 жылғы 17 ақпандағы N 31-32 жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі".