Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы мәслихатының 2007 жылғы 11 қазандағы N 2/25 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 19 қазанда N 1985 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 27/276 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2010.07.27 № 27/276 шешімімен.       

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы даталарына әлеуметтік төлемдер 1 қосымшаға сәйкес келесі азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін.

      2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері 2 қосымшаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін.

      3. Дәрі-дәрмек алуға, тіс протезін дайындауға және облыстық қоғамдық - саяси газетінің бір түрінің мерзімдік басылымға жазылуға 3 қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдер белгіленсін.

      4. Әлеуметтік төлем тағайындау, төлеу бойынша Мүнайлы аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады (бүдан әрі - уәкілетті орган).

      5. Әлеуметтік төлемдердің есебін жүргізу, контингентті толықтай қамтылғандығына бақылау жүргізу және қаржыны уақтылы аудару уәкілетті органға жүктеледі.

      6. Уәкілетті орган қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Манғыстау облыстық филиалымен әлеуметтік төлемдер алушылар қүрамына ай сайынғы салыстыру жүргізеді және дербес іс қағаздары бойынша әлеуметтік төлем тағайындайды.

      7. Алушының дербес іс қағаздары тапсырылған қүжаттарға байланысты жасақталады, уәкілетті органда сақталып, әлеуметтік төлемнің тағайындалғандығы және аударылғандығы туралы жыл сайынғы мәліметтермен толықтырылып түрады.

      8. Әлеуметтік төлем уәкілетті органмен алушының мекен-жайы бойынша есеп шотына аударылады.

      9. Әлеуметтік төлем алушылар тапсырылған қүжаттардың дүрыстығына жауапкершілік алады.

      10. Осы шешім жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Сессия  төрайымы                    Аудандық мәслихат 
                                               хатшысы

      Г.Қонысбаева                             Б.Назар

                      Аудандық мәслихаттың 
     2007 жылғы 11 қазандағы
                      N 2/25 шешіміне 1 қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және атаулы даталарына әлеуметтік төлемді алуына қүқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары

N

Мемлекеттік мерекелер және атаулы даталар

Әлеуметтік төлемді алуына қүқығы бар жекелеген санаттардағы азаматтар

1

Қарттар Күніне (1 қазан)

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

2

Мүгедектер Күніне (қазанның екінші демалыс күні)

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1 және 2 топ мүгедектері және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

3

Қазақстан Республикасы Күніне (25 қазан)

Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

                        Аудандық мәслихаттың 
     2007 жылғы 11 қазандағы
                      N 2/25 шешіміне 2 қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдердің түрлері

N

Әлеуметтік төлемдерге қүқықты азаматтардың санаттары

Әлеуметтік төлемдердің түрлері

1

Облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлер

Ай сайынғы әлеуметтік көмек

Аудандық мәслихаттың 
     2007 жылғы 11 қазандағы
                      N 2/25 шешіміне 3 қосымша

Әлеуметтік төлемдердің түрлері, мерзімі және азаматтардың жекелеген санаттары

N

Әлеуметтік төлемдердің түрлері

Әлеуметтік төлемдердің мерзімі

Әлеуметтік төлемдерге қүқықты азаматтардың жекелеген санаттары

1

Тіс салдыруға

Үш жылда бір рет

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Чернобыль атом электр станциясының апатын жоюшы мүгедектері

2

Дәрі - дәрмек алуға

Бір жолғы көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

3

Мерзімдік басылым-ның бір түріне жазылуға

Бір жолғы көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады