Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2011.10.20 № 441 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «"Дәрілік заттар туралы"» Заңының 8-бабы 1-тармағының 1 тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Амбулаториялық емдегенде азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша тегін ұсынудың тізбесі белгіленсін (қосымша).
2. Осы шешім өзінің алғашқы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күні өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрағасы
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
Қостанай облыстық мәслихатының
2007 жылғы 18 мамырдағы
шешіміне қосымша
Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген
санаттарына ұсынылатын тегін дәрілік заттардың қосымша тізбесі
N |
Тұрғындар санаты |
Ауру түрлері |
Дәрілік заттардың атауы |
1 |
Бүкіл санаттар |
Паркинсон ауруы |
Леводопа+бенсеразид, 125 миллиграмм таблетка |
2 |
Бүкіл санаттар |
Гемабластоздар мен аплазиялық анемияны қоса алғанда онкологиялық аурулар |
Иматиниб, 100 миллиграмм таблетка |
3 |
Бүкіл санаттар |
Миастения |
Пиридостигмин бромиді, 60 миллиграммдық таблетка |