Жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесінің келістіру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 19 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қаңтарда № 9-8-84 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2008.03.31 № 42 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына сәйкес және әкімдіктің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 427 "Жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесінің келістіру туралы" қаулысын қарап Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келістірілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке және экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      кезекті үшінші сессиясының
      төрағасы                                   Т. Чижевская

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Тойбағоров

Мәслихаттың                 
2007 жылғы 19 желтоқсандағы 
№ 19 шешіміне қосымша       

2008 жылға арналған
аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке
жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды
алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік қызметкер;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) балалар үшін қосымша білім берудің мұғалімдері және жалпы білім
   беретін мектептердің барлық мамандарының мұғалімдері;
2) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің меңгерушісі;
3) жалпы білім беретін мектептердің директорлары, мектеп жанындағы
   интернат меңгерушісі, барлық типтегі және түрдегі балаларға
   қосымша білім беру ұйымдардың директорлары;
4) дене тәрбиесі жетекшілері;
5) жалпы білім беру мектептерінің оқу-өндірістік, оқу- тәрбие, тәрбие
   жұмыстар, профильдік білім беру жөніндегі, мектеп–балабақша
   кешендерінің және балаларға қосымша білім берудің басқа
   ұйымдарының директордың орынбасары;
6) білім беру ұйымдарындағы бөлімдердің меңгерушілері;
7) әлеуметтік педагог
8) педагог- ұйымдастырушы
9) қосымша білім беру педагогы, логопед;
10) педагог-психолог;
11) музыкалық жетекші;
12) аға тәрбиеші,тәрбиеші,
13) аға вожатый;
14) дене мәдениеті жөніндегі нұсқаушы;
15) лаборатория, кабинет меңгерушісі;
16) аға әдіскер, әдіскер;
17) өндірістік оқу шебері;
18) медбибі;
19) диеталық бибі;
20) кітапханашы;
21) кітапхана меңгерушісі;
22) жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;
23) бастапқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы-оқытушы;
24) үйірмелердің жетекшілері.

3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның бастығы, басшысы, директоры;
2) директордың, бастықтың, басшының орынбасары;
3) көркемдік жетекшісі;
4) бейне операторы;
5) мәдени ұйымдастырушы;
6) аккомпаниатор;
7) музыкалық жетекшісі;
8) хореограф;
9) бас кітапханашы, жетекші кітапханашы, кітапханашы;
10) әдіскер, жетекші әдіскер;
11) бас библиограф, жетекші библиограф, библиограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады